Нейрожелілер дәуірі: Байитын кім, жұмыссыз қалатын кім?

Бастығыңыздың орнын нейрожелі басатын күн алыс емес. Жасанды интеллектке жұтылып кетпеу үшін қазір не істеу керек?

Алаш баласы||3 мин оқу
Нейрожелілер дәуірі: Байитын кім, жұмыссыз қалатын кім?
Сурет: ЖИ

Claude нейрожелісін жасаушы Anthropic компаниясы 2030 жылға дейінгі АҚШ экономикасына жасанды интеллектің (ЖИ) әсерін есептеп шығарды. Болжам нәтижелері әртүрлі: шамалы өзгерістерден бастап, ІЖӨ-нің 15%-ға артып, қызметкерлердің бестен бір бөлігі жұмыссыз қалатын нағыз дүмпуге дейін. Алпауыт компания алғаш рет өзі бастаған технологиялық революцияның ауқымын нақты сандармен көрсетіп отыр.

Компанияның экономикалық бөлімі арнайы баяндама мен интерактивті құрал ұсынды. Онда экономика ЖИ адамға қалдыратын, көмектесетін, толық автоматтандыратын немесе жаңадан жасайтын тапсырмалар жиынтығы ретінде қарастырылады. Зерттеушілер технологияның даму қарқыны мен оны енгізу жылдамдығы Америкадағы өсімге, табыс көлемі мен жұмыспен қамту мәселесіне қалай әсер ететінін сараптаған. Авторлар нақты кесіп айтпайды, жазылғандардың барлығы ықтимал сценарийлер ғана.

ЖИ аса маңызды емес технология болып қалады. 2030 жылға қарай ІЖӨ онсыз болатын көрсеткіштен небәрі 1,6%-ға жоғарылайды. Кеңсе, басқару және сауда саласындағы жұмыс орындары жарты пайызға ғана қысқарып, жұмыссыздық деңгейі дерлік өзгеріссіз сақталады.

Нейрожелілер экономиканың өсу қарқынын екі есеге арттырып, 5,4%-ға жеткізеді. Зияткерлік еңбектің жартысын машиналар атқара бастайды. Нәтижесінде ІЖӨ 8,3%-ға өседі, ал ақыл-ой еңбегімен айналысатындардың жұмыспен қамтылуы 3,9%-ға төмендейді. Офис қызметкерлері арасындағы жұмыссыздық 4,5%-ды құрайды. Табыс көлемі де екіге жарылады: кеңсе мамандарының жалақысы аздап азайғанымен, басқа сала жұмысшылары шамамен 6% үстемеақыға ие болады.

Тарихта болмаған жағдай. Жылдық өсім 15,4%-ға жетіп, экономика әр төрт жарым жыл сайын екі еселеніп отырады. Алайда, кеңсе қызметкерлері үшін нағыз апат: олардың 21,5%-ы жұмысынан айырылып, жұмыссыздық 17,9%-ға дейін шарықтайды. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 11,9%-ды құрап, кәдімгі дағдарыстан да асып түседі. Кеңсе қызметкерлерінің жалақысы 11,5%-ға құлдыраса, қарапайым жұмысшылардың табысы бірден 33,6%-ға секіреді.

Ең назар аударарлық көрсеткіш – кірістің кімге бұйыратыны. Ұлттық табыстағы еңбек үлесі 60%-дан 45,2%-ға құлдыраса, капиталдан түсетін табыс 80%-дан астамға артады. Яғни, машиналар экономиканы еселеп байытқанымен, негізгі пайда қарапайым жұмысшыларға емес, актив иелерінің қалтасына кетеді.

Morning Consult компаниясы жүргізген сауалнамаға сүйенсек, америкалықтар негізінен орташа (айтарлықтай) сценарийге сенеді. Бірақ Anthropic бас директоры Дарио Амодеи әлдеқайда пессимист. Ол алдағы бес жыл ішінде бастапқы деңгейдегі кеңсе жұмыстарының жартысы жойылуы мүмкін екенін, ал жұмыссыздық 10–20%-ға жететінін ескерткен болатын. Бұндай болжам орташа емес, дәл бағанағы экстремалды нұсқаға сай келеді.

Дегенмен, шешуші фактор технологияның күші емес, оның таралу жылдамдығы болуы ықтимал. Компания зерттеушілері Антон Коринек пен Джек Кларк технология өте тез дамығанымен, оны күнделікті өмірге жаппай енгізу ұзақ әрі қиын процесс екенін айтады.

Баяндамада ЖИ әкелуі мүмкін жаһандық апаттар мүлдем қарастырылмаған. Экономика кез келген жағдайда жұмысын жалғастыра береді деген сенім бар. Осы тұста жақында ғана OpenAI мен Anthropic-те жұмыс істеген 27 жастағы зерттеуші Джейкоб Коксонның қызметінен кетуі көп нәрсені аңғартады. Ол екі алпауыт компанияның да аса жауапсыз әрекет етіп, өз-өзін жетілдіретін супер интеллект жасауға соқырларша ұмтылып жатқанын мәлімдеді.

Коксонның сөзінше, корпорация басшылары көпшілікті тыныштандырғанымен, мамандар өзара әңгімеде технология "онжылдықтың соңына қарай адамзаттың түбіне жетеді" деп қауіптенеді. Оның үстіне, биыл Claude модельдерінің үш бірдей ұйымның нақты жүйелеріне рұқсатсыз кіріп кеткені белгілі болды. Осындай олқылықтарды экономикалық модельге қосу керек пе, жоқ па – үлкен сұрақ.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 25 қыркүйек 2026, 15:26

Ұқсас мақалалар

Төбелес, кептеліс, іздеудегі көлік: Sergek-тің жаңа жүйесі полицияға ақпаратты санаулы секундта жеткізеді

Төбелес, кептеліс, іздеудегі көлік: Sergek-тің жаңа жүйесі полицияға ақпаратты санаулы секундта жеткізеді

Көліктің нөмірін жасырсаңыз да, бетперде кисеңіз де бәрібір құтылмайсыз! Алматы облысында 9 мыңнан астам камераны бір орталыққа бағындырған «Sergek» жүйесі енді адам ойына келмейтін әдістермен жұмыс істей бастады.

|Технология
Google фейктерді анықтайтын жаңа құралын таныстырды

Google фейктерді анықтайтын жаңа құралын таныстырды

Кессеңіз де, фильтр қоссаңыз да өшпейді: Жасанды интеллект жасаған видеоларды әшкерелейтін көзге көрінбейтін таңба қалай жұмыс істейді?

|Технология
Өзбекстандық жас кәсіпкер АҚШ нарығына арналған жобасына 380 мың доллар тартты

Өзбекстандық жас кәсіпкер АҚШ нарығына арналған жобасына 380 мың доллар тартты

Алғашқы табысқа жетуге небәрі 10 күн қажет болды: SAT емтиханына дайындықты жеңілдеткен 19 жастағы жастың қарапайым идеясы қалайша АҚШ нарығындағы табысты жобаға айналды?

|Технология
Трамп қазақстандық IT-мамандардың грин-карта алу мүмкіндігін кесті

Трамп қазақстандық IT-мамандардың грин-карта алу мүмкіндігін кесті

Студенттерден бастап IT-сеньорларға дейін қыспақта: АҚШ-тың жетекші университеттері мен алып компанияларындағы дүрбелең қазақстандықтардың жолын қалай кесті?

|Технология
Ғалымдар көзді тоқпен түзетудің революциялық әдісін тапты

Ғалымдар көзді тоқпен түзетудің революциялық әдісін тапты

Бүкіл процесс шамамен бір минутты алады және ешқандай кесуді немесе тін талшықтарын жоюды қажет етпейді. «Бұл әдіс кездейсоқ ашылды. Мен тірі тіндерді икемді материал ретінде зерттеп жүріп, бұл үрдісті байқап қалдым», — дейді хирург Брайан Вонг.

|Технология
Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
LiveInternetZERO.kz