ChatGPT чаттарын бөгде адамдардан қалай жасыруға болады?

Жасанды интеллектіге сенемін деп ұятқа қалмаңыз: OpenAI сіздің жеке хаттарыңызды бөтен адамдарға оқытып жатыр

Алаш баласы||2 мин оқу
ChatGPT чаттарын бөгде адамдардан қалай жасыруға болады?

Көпшілігіміз ChatGPT-ді жеке психолог, ең жақын дос немесе жұмыс көмекшісі ретінде көріп, ең құпия ойларымыз бен маңызды құжаттарымызды ойланбастан бөлісе береміз. Алайда ол сөздер тек алгоритмнің жадында қалады деп ойласаңыз, қатты қателесесіз.

404 Media басылымының зерттеуіне сүйенсек, OpenAI компаниясы нақты қолданушылардың сұраныстары мен толық диалогтарын оқу үшін жүздеген адамды жұмысқа жалдаған. Олардың басты міндеті — жүйенің қателіктерін түзетіп, жауаптарды саралау. Anthropic компаниясы да дәл осы тәсілді қолданатынын растады.

Уайымдамаңыз, бұл біреу сіздің барлық хат-хабарларыңызды күні-түні аңдып отыр деген сөз емес. Тексерушілерге сіздің аты-жөніңіз көрсетілмейді, әрі компания жеке мәліметтерді автоматты түрде өшіруге тырысады. Дегенмен, компанияның өзі өте құпия деректердің сүзгіден өтіп кетуі мүмкін екенін мойындап отыр.

Яғни, түнгі үште нейрожеліге жазған ең оғаш сұрақтарыңызды немесе тексеруге жіберген компанияңыздың құпия есебін дәл қазір әлемнің бір түкпіріндегі бейтаныс маман мұқият оқып отыруы әбден мүмкін.

Құпия жазбаларды бөтен адамның көзінен қалай қорғаймыз? Ол үшін мына қадамдарды дереу жасаңыз:

  1. Баптауларға (Settings) кіріңіз.

  2. Деректерді басқару (Data Controls) бөлімін ашыңыз.

  3. «Improve the model for everyone» (Модельді барлығы үшін жақсарту) қызметін өшіріп тастаңыз.

Ескерту: бұл баптауды өшіру сұраныстарыңыздың модельді оқытуға кетуіне тосқауыл қояды, бірақ заң талаптары мен қауіпсіздік тексерулері барысында бәрібір ерекшеліктер болуы мүмкін.

Бұл жазбаны әсіресе қызметтік құжаттарды көзді жұмып чат-ботқа жүктей салатын әріптестеріңізге жіберіп, ескертіп қойыңыз!

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 30 қазан 2026, 14:27

Ұқсас мақалалар

Төбелес, кептеліс, іздеудегі көлік: Sergek-тің жаңа жүйесі полицияға ақпаратты санаулы секундта жеткізеді

Төбелес, кептеліс, іздеудегі көлік: Sergek-тің жаңа жүйесі полицияға ақпаратты санаулы секундта жеткізеді

Көліктің нөмірін жасырсаңыз да, бетперде кисеңіз де бәрібір құтылмайсыз! Алматы облысында 9 мыңнан астам камераны бір орталыққа бағындырған «Sergek» жүйесі енді адам ойына келмейтін әдістермен жұмыс істей бастады.

|Технология
Google фейктерді анықтайтын жаңа құралын таныстырды

Google фейктерді анықтайтын жаңа құралын таныстырды

Кессеңіз де, фильтр қоссаңыз да өшпейді: Жасанды интеллект жасаған видеоларды әшкерелейтін көзге көрінбейтін таңба қалай жұмыс істейді?

|Технология
Өзбекстандық жас кәсіпкер АҚШ нарығына арналған жобасына 380 мың доллар тартты

Өзбекстандық жас кәсіпкер АҚШ нарығына арналған жобасына 380 мың доллар тартты

Алғашқы табысқа жетуге небәрі 10 күн қажет болды: SAT емтиханына дайындықты жеңілдеткен 19 жастағы жастың қарапайым идеясы қалайша АҚШ нарығындағы табысты жобаға айналды?

|Технология
Трамп қазақстандық IT-мамандардың грин-карта алу мүмкіндігін кесті

Трамп қазақстандық IT-мамандардың грин-карта алу мүмкіндігін кесті

Студенттерден бастап IT-сеньорларға дейін қыспақта: АҚШ-тың жетекші университеттері мен алып компанияларындағы дүрбелең қазақстандықтардың жолын қалай кесті?

|Технология
Ғалымдар көзді тоқпен түзетудің революциялық әдісін тапты

Ғалымдар көзді тоқпен түзетудің революциялық әдісін тапты

Бүкіл процесс шамамен бір минутты алады және ешқандай кесуді немесе тін талшықтарын жоюды қажет етпейді. «Бұл әдіс кездейсоқ ашылды. Мен тірі тіндерді икемді материал ретінде зерттеп жүріп, бұл үрдісті байқап қалдым», — дейді хирург Брайан Вонг.

|Технология
Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
LiveInternetZERO.kz