Қызыл кітаптағы құсты жеп қойғандар сотталатын болды

Жергілікті тұрғындар Қызыл кітапқа енген екі бірдей қызғылт бірқазанды ұстап алып, жеп қойған.

Алаш баласы||2 мин оқу
Қызыл кітаптағы құсты жеп қойғандар сотталатын болды

Өзбекстанның Сұрхандария облысында табиғат жанашырларының жағасын ұстатқан жағдай болды. Жергілікті тұрғындар Қызыл кітапқа енген екі бірдей қызғылт бірқазанды ұстап алып, тура мағынасында қазанға салған. Бұл туралы өзбекстандық БАҚ-қа сілтеме жасап Report хабарлайды.

Сирек кездесетін қос қанаттыны қорек қылғандардың бұл «ас мәзірі» табиғатқа 206 миллион сум (шамамен 16 мың доллар) шығын келтірді. Енді бұл қымбат түскі астың құқықтық бағасын прокуратура беретін болады. Ең қызығы, тәртіп бұзушылар бұл әрекетін «жай ғана қызығушылықтан» деп ақтап алғысы келіпті. Сірә, Қызыл кітаптағы құстың еті қандай болатынын татып көргісі келсе керек.

Алайда экополиция бұл «қызығушылықтың» кездейсоқ еместігін әшкереледі. Аталған азаматтардың жалпы заңсыз аңшылықпен тұрақты түрде айналысып жүргені белгілі болды. Тексеріс кезінде олардан аңшылық мылтық табылып, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері оны тәркілеп алды. Енді оларға торғай атудың өзі арман болмақ.

Экология министрлігінің мәліметінше, қызғылт бірқазан – саны азайып, жойылып бара жатқан осал түрлердің бірі. Ол тек Өзбекстанның ғана емес, Халықаралық табиғатты қорғау одағының (МСОП) Қызыл тізіміне де енгізілген. Бұл құстар Оңтүстік Арал өңіріне ұя салып, көктем мен күзде Әмудария, Зарафшан және Сырдария бассейндері арқылы ұшып өтеді. Негізгі қорегі балық еді, бірақ бұл жолы браконьерлердің кесірінен өздері «жемақыға» айналып кеткені өкінішті.

Өзбекстан заңнамасына сәйкес, Қызыл кітапқа енген жануарларды жойғаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Енді экзотикалық асқа құмар «гурмандар» қомақты айыппұл арқалайды немесе бес жылға дейін темір тордың ар жағынан бір-ақ шығуы мүмкін. 16 мың долларлық бірқазан қуырдағы расымен де тамақтарынан қалай өткені таңғаларлық!

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 29 қыркүйек 2026, 17:47

Ұқсас мақалалар

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Миллиардтарды жұтқан жасанды интеллект: Табысының ширегін небәрі екі-ақ клиенттен тауып отырған Anthropic неге OpenAI-дың басты жауына айналды?

|Жалпы
23:58. Астана көрмей қалған екі минут

23:58. Астана көрмей қалған екі минут

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

|Жалпы
Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

|Жалпы
Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

|Жалпы
Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қытайлық делегация мен танымал профессорлар не үшін келді? Қазақстандағы жаңа медицина мектебінің ашылуынан шолу мен ерекше мәліметтер

|Жалпы
 Сергек Шудың бойына жетті

Сергек Шудың бойына жетті

«Заң және тәртіп»: Шудағы жаңа «Сергек» жүйесі кімдерді және қай көшелерде қатаң бақылайды? (Толық тізім)

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz