Қазақстандық пара дзюдошылар әлемдік Гран-приде 6 медаль олжалады

Бразилиядан кейінгі мықтылар: Қазақ пара дзюдошылары Украинадан қалай асып түсті?

Алаш баласы||1 мин оқу
Қазақстандық пара дзюдошылар әлемдік Гран-приде 6 медаль олжалады

Бразилияның Сан-Паулу қаласында зағип және нашар көретін спортшылар арасында өткен пара дзюдодан әлемдік Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасы жарқын жеңіске жетті. Жерлестеріміз қоржынға 3 алтын және 3 күміс медаль салып, жалпыкомандалық есепте екінші орыннан көрінді.

Жарыс қожайындары – Бразилия құрамасы (6 алтын, 3 күміс, 4 қола) көш бастаса, үздік үштікті Украина (2 алтын, 1 күміс) түйіндеді.

Ел намысын қорғаған Ибрахим Нұрмаханұлы (J2, -70 келі), Бексұлтан Қалмұрза (J2, -81 келі) және Жұрқамырза Шүкірбеков (J2, +95 келі) қарсылас шақ келтірмей, турнир чемпионы атанды. Ал Альфия Тлекқабыл (J1, -52 келі), Аяла Мереке (J2, -70 келі) және Ерлан Өтепов (J2, +95 келі) күміс жүлдеге ие болды.

«Пара дзюдодан әлемдік Гран-при – Лос-Анджелес-2028 Паралимпиада ойындарына рейтингтік ұпай беретін маңызды жарыстардың бірі. Осы додадан кейін спортшыларымыз қыркүйек айында Грузияда өтетін әлем чемпионатында және қазан айында Жапониядағы Азия Пара ойындарында бақ сынайды. Онда да жоғары нәтижеге қол жеткіземіз деген үміттеміз», – деді пара дзюдодан бас жаттықтырушы Жандос Қиянов.

Айта кетейік, 10-11 шілде күндері өткен бәсекеде әлемнің 21 елінен келген 100-ден астам таңдаулы спортшы бақ сынады.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:49

Ұқсас мақалалар

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Миллиардтарды жұтқан жасанды интеллект: Табысының ширегін небәрі екі-ақ клиенттен тауып отырған Anthropic неге OpenAI-дың басты жауына айналды?

|Жалпы
23:58. Астана көрмей қалған екі минут

23:58. Астана көрмей қалған екі минут

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

|Жалпы
Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

|Жалпы
Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

|Жалпы
Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қытайлық делегация мен танымал профессорлар не үшін келді? Қазақстандағы жаңа медицина мектебінің ашылуынан шолу мен ерекше мәліметтер

|Жалпы
 Сергек Шудың бойына жетті

Сергек Шудың бойына жетті

«Заң және тәртіп»: Шудағы жаңа «Сергек» жүйесі кімдерді және қай көшелерде қатаң бақылайды? (Толық тізім)

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz