Қазақстан құрамасы Сурдлимпиадаға жолдама алды

Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы бәсекеде жерлестеріміз алтыннан алқа тақса, күміс жүлде Сауд Арабиясына, ал қола медаль Өзбекстан құрамасына бұйырды.

Алаш баласы||1 мин оқу
Қазақстан құрамасы Сурдлимпиадаға жолдама алды

Қазақстанның сурдо футзал құрамасы Бішкекте өткен Азия чемпионатында тарихи жеңіске жетіп, құрлықтың ең мықты командасы атанды. Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы бәсекеде жерлестеріміз алтыннан алқа тақса, күміс жүлде Сауд Арабиясына, ал қола медаль Өзбекстан құрамасына бұйырды.

Мүше мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Арман Әмреновтің айтуынша, еліміздің командасы өз тарихында тұңғыш рет Азия шыңына көтеріліп отыр. Айналмалы жүйемен өткен жарыстың топтық кезеңінде отандастарымыз Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Оман және Өзбекстан командаларын сенімді түрде ұтып, ақтық сында Бахрейн спортшыларын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Осы жарқын жеңістің нәтижесінде ұлттық құрама 2027 жылдың 15-24 қаңтары аралығында Австрияда өтетін ХХI қысқы Сурдлимпиада ойындарына жолдама алды. Сонымен қатар маусымның жиырма алтысы мен шілденің бесі аралығында жалғасқан құрлықтық додада ел абыройын асқақтатқан Ислам Құрбанов турнирдің «Үздік қақпашысы» атанып, арнайы марапатқа ие болды.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 31 шілде 2026, 06:05

Ұқсас мақалалар

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Миллиардтарды жұтқан жасанды интеллект: Табысының ширегін небәрі екі-ақ клиенттен тауып отырған Anthropic неге OpenAI-дың басты жауына айналды?

|Жалпы
23:58. Астана көрмей қалған екі минут

23:58. Астана көрмей қалған екі минут

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

|Жалпы
Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

|Жалпы
Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

|Жалпы
Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қытайлық делегация мен танымал профессорлар не үшін келді? Қазақстандағы жаңа медицина мектебінің ашылуынан шолу мен ерекше мәліметтер

|Жалпы
 Сергек Шудың бойына жетті

Сергек Шудың бойына жетті

«Заң және тәртіп»: Шудағы жаңа «Сергек» жүйесі кімдерді және қай көшелерде қатаң бақылайды? (Толық тізім)

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz