Қазақстан құрамасы шетелдіктерді қалай шаң қаптырды?

Қазақ балуандары қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші күнінде неліктен ирандықтар мен қырғыздар біздің құрамаға есе жіберді? Бір күнде 12 алтын алған қаһармандарды біле жүріңіз.

Алаш баласы||2 мин оқу
Қазақстан құрамасы шетелдіктерді қалай шаң қаптырды?
Сурет: Спорт комитеті

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары нағыз қызған шағына жетті. Әлемнің 113 мемлекетінен жиналған үш мыңға жуық саңлақ бақ сынаған жарыстың үшінші күні Қазақстан құрамасы үшін өте табысты болды. Отандастарымыз қоржынға 12 алтын, 7 күміс және 5 қола жүлде салып, жанкүйерлерге керемет көңіл-күй сыйлады.

Ерік-жігер мен мығым қайратты талап ететін аударыспақ бәсекесінде қазақ жігіттері намысты қолдан бермеді. Жүз келі салмақта ел намысын қорғаған әлем чемпионы Сырым Ізбасаров қырғыз балуанын айқын басымдықпен тізе бүктіріп, осы доданың үш дүркін жеңімпазы атанды. Тоқсан келі салмақтағы Дарын Өткелбай қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, алтыннан алқа тақса, аса ауыр салмақта белдескен Нұржан Еркінұлы қола жүлдені қанағат тұтты.

Аспан серілерін баптаған құсбегілеріміз де жүлдесіз қалған жоқ. Ұлттық құрама сапындағы тоғыз спортшының төртеуі жеңіс тұғырынан көрінді. Қаршығасын баптаған Серікболсын Жалғасұлы «Жебе» атты құсымен топ жарып, алтын медальді иеленді. «Алғыр» атты қыранын самғатқан Арман Қошқаров пен «Ұшқыр» атты ителгісін ұшырған Бақдәулет Бабажан күміс жүлдегер атанса, тағы бір ителгі баптаушы Ерлан Кенжетаев «Ақбалық» есімді құсымен қолаға қол жеткізді.

Көшпенділердің дәстүрлі күрес түрлері де көрермен делебесін қоздырды. Самбо бозкілемінде аса ауыр салмақтағы Болат Сапар алтынды қанжығасына байласа, Еркебұлан Нығметов пен Жандос Бейсенбаев қола жүлдені еншіледі. Ал қырғыз күресінен ақтық сынға дейін сүрінбей жеткен Алмас Жұмағали финалда айыр қалпақты ағайындардың балуанына есе жіберіп, күміспен күмкерілді. Жанкүйерлердің ерекше қошеметіне бөленген арқан тартыс шеберлері де жарады. Кеше ғана сегіз адамдық форматта қырғыз құрамасын қапы қалдырған жігіттеріміз, бүгін төрт адамдық бағдарлама бойынша ирандық спортшылардың мысын басып, кезекті алтынды қоржынға салды.

Білек күшін сынайтын қол күресінен ұлттық құрама нағыз сенсация жасап, 7 алтын, 4 күміс, 1 қола медальді сыпырып алды. Нұрдәулет Айдархан, Медет Құттымұратов және Малена Сыдықжан оң қолмен де, сол қолмен де қарсылас шақ келтірмей екі-екіден алтын алса, Данил Устинов сол қолмен күресуден чемпион атанды.

Төртінші қыркүйекте спортшыларымыз көкпар, бәйге түрлері, қазақ күресі, тоғызқұмалақ және тазы жарысы секілді 21 спорт түрінен жүлдеге таласады. Бұл күні де спортшыларымыздан тың серпіліс пен жаңа жеңістер күтеміз.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 5 қазан 2026, 20:42

Ұқсас мақалалар

Жасанды интеллектінің тісі батпайтын 1000 есеп: ғалым жаңа жинақ шығарды

Жасанды интеллектінің тісі батпайтын 1000 есеп: ғалым жаңа жинақ шығарды

Бүкіл әлем жасанды интеллектінің мүмкіндігіне таңғалып жатқанда, қытайлық ғалым оны тығырыққа тірейтін 1000 есеп дайындап қойды

|Әлем
Қытайда ЖИ-адамдарға төлқұжат берілді

Қытайда ЖИ-адамдарға төлқұжат берілді

«Еті де, сүйегі де жоқ, бірақ паспорты бар»: Қытайда мыңдаған адамды табындырған елес-қыз кім және билік одан неге қорқады?

|Әлем
Голливудтағы жаңа дәуір: Paramount пен Warner Bros. бірігіп, Skydance империясын құрды

Голливудтағы жаңа дәуір: Paramount пен Warner Bros. бірігіп, Skydance империясын құрды

Netflix артта қалды: Гарри Поттерден бастап CNN жаңалықтарына дейін бір отбасының қолына өтіп, Голливуд тарихындағы ең қымбат келісім қалай жасалды?

|Әлем
Диккенс және Z ұрпағы: «Асқақ үміттің» азабын тартқандар

Диккенс және Z ұрпағы: «Асқақ үміттің» азабын тартқандар

«Мен Z ұрпағына жаным ашиды, – дейді сарапшы Карлссон-Шлезак Fortune басылымына берген сұхбатында. – Олар смартфон революциясының алғашқы құрбандары болды. Ата-аналары мен мұғалімдері жастарға TikTok пен шынайы өмірдің аражігін ажырататын тиімді фильтр орнатуға көмектесе алмады».

|Әлем
Oracle нейрожелілер үшін неге 21 мыңнан астам маманын құрбан етті?

Oracle нейрожелілер үшін неге 21 мыңнан астам маманын құрбан етті?

"Компьютерге кіру мүмкіндігіңіз бұғатталады": Жаңа деректер орталықтарын салуға 90 миллиард доллар жұмсауды жоспарлаған компанияның мамандардан қалай құтылып жатқанын оқыңыз.

|Әлем
Астанадағы «Ай толысқан түн»: Қытайдың Күз мерекесі қалай өтті?

Астанадағы «Ай толысқан түн»: Қытайдың Күз мерекесі қалай өтті?

Астана аспанындағы толған ай мен сахнадағы дәстүрлі өнер: Қытайдың ең қастерлі «Күз ортасы мерекесі» дипломатиялық қатынастардың жаңа парағын ашты.

|Әлем
LiveInternetZERO.kz