«Гарантиядағы» көлік: дилерлік орталықта май ауыстыру міндетті емес

Сізді әбден қорқытып тастаған! Гарантиядағы көліктің майын кез келген жерде ауыстыруға болады

Алаш баласы||2 мин оқу
«Гарантиядағы» көлік: дилерлік орталықта май ауыстыру міндетті емес
Сурет: ЖИ

Біз де салоннан көлік алып мінген көп адамның біріміз. Сізді білмеймін, екі жыл болды, өзім дилерлік орталықтың талабынан шыға алмай келдім. 5 мың, 10 мың, 20 мың шақырым жүрген сайын май/фильтр ауыстыруға міндеттісің.

Осы аралықта дилерлік орталыққа барған әр «визитім» кемінде 70 мың теңгеге шығатын. Енді «пробег» 30 мыңға жетті. Орталыққа шығып сұрасам, ол қызметтің құны қазір 92 мың теңге (!) болыпты.

Май ауыстыру міндетіңе адал болсаң, қалтаңнан 100 мың теңге ойланбай шығайын деп тұр. Ал майды басқа жерде ауыстырсаң, «көлігің гарантиядан шығады-мыс». Бізді әбден қорқытып тастаған ғой...

Екі-үш апта бұрын басқа оператормен сөйлескенмін. Ол да: «Жо-жоқ, май мен май фильтрін біздің орталықта ауыстыру керек» деп табандап тұрып алды. «Өзіммен бірге қай деталін әкеле аламын» десем, «тек салон фильтрі мен «воздушный» фильтрді әкеле аласыз» дейді. Соның өзінде 92 мыңның қызметі 76 мыңға ғана түседі екен.

Бүгін басқа оператормен сөйлестім. Сол жерде турасын айтуға тура келді: «Інім, жасырып қайтейін, аспандағы ақшаны сұрап тұрсыздар, бұның бір басқа жолы болуы керек қой?!.»

Сонда білгенім, расында да дилерлік орталыққа байланып қалмай, басқа сервисте май ауыстыруға болады екен. Тек үш талап қойды, сервис:

1) атқарылған жұмысты растайтын акт қағазын беруі шарт;
2) құятын майға сертификат ұсынуы шарт (нақты екі май түрін атады)
3) көліктің сервистік кітапшасына мөрін басуы шарт.


Осы үшеуі орындалатын болса ғана басқа жерде май ауыстыруға рұқсат-мыс.

Оқырман арасында да өзім сияқты кісілер көп боларын сезіп отырмын. Өзім бүгін білген дүниені көпшілікке айта отырайын деп шештім. Дилерлік орталыққа «мақұл» дей берсең, 100 мыңнан шашылу керек. Ол кім-кімге де оңай емес.

Дерек пен мәтін ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ арнасынан алынды

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 1 қазан 2026, 20:03

Ұқсас мақалалар

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Миллиардтарды жұтқан жасанды интеллект: Табысының ширегін небәрі екі-ақ клиенттен тауып отырған Anthropic неге OpenAI-дың басты жауына айналды?

|Жалпы
23:58. Астана көрмей қалған екі минут

23:58. Астана көрмей қалған екі минут

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

|Жалпы
Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

|Жалпы
Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

|Жалпы
Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қытайлық делегация мен танымал профессорлар не үшін келді? Қазақстандағы жаңа медицина мектебінің ашылуынан шолу мен ерекше мәліметтер

|Жалпы
 Сергек Шудың бойына жетті

Сергек Шудың бойына жетті

«Заң және тәртіп»: Шудағы жаңа «Сергек» жүйесі кімдерді және қай көшелерде қатаң бақылайды? (Толық тізім)

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz