Еуропаны есеңгіреткен аптап: мыңнан астам адам ажал құшты

Кәрі құрлық тұншығып жатыр: Еуропадағы рекордтық ыстық ненің белгісі?

Алаш баласы||2 мин оқу
Еуропаны есеңгіреткен аптап: мыңнан астам адам ажал құшты

Еуропада аптап ыстық қайтар емес. Францияда күннің қапырық болуынан мыңға жуық адам көз жұмды, дәрігерлер бұл қайғылы көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін деп дабыл қағуда. Германия, Польша, Чехия және Австрия елдерінде ауа температурасы бұрын-соңды болмаған рекордтық деңгейге жетті. Төзгісіз ыстық көлік қозғалысы мен электр қуатын тасымалдау жүйелерінің жұмысын тұралатып тастады. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып, Tengrinews.kz хабарлайды.

Жексенбі күні Еуропаның кей аймақтарында сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтерілді. Францияның қоғамдық денсаулық сақтау агенттігінің мәліметінше, аптап ыстықтың құрбаны болған 1000-ға тарта адамның басым бөлігі – егде жастағылар. Дәрігерлер қарттар үйі мен жекеменшік баспаналардан қосымша ақпарат түскен сайын кісі өліміне қатысты статистика артуы мүмкін екенін ескертті.

Ғалымдар 20 маусымда басталған бұл ыстықты Еуропа тарихындағы ең қауіпті кезең деп бағалап отыр. Қапырық ауа райы электр желілерінде үзіліс тудырып, инфрақұрылымды бүлдірді және денсаулық сақтау жүйесіне орасан зор салмақ түсірді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус өзінің X парақшасында мәселенің қаншалықты ушыққанын жеткізді:

«Қазіргі таңда 150 миллион адам төзгісіз ыстықта өмір сүріп жатыр, жүздеген адам ажал құшты, мектептер жабылып, электр желілері істен шығуда. Климаттың өзгеруі мен жаһандық жылынудың салдарынан бұрын "бірнеше ұрпақта бір рет" кездесетін табиғи құбылыс енді жыл сайын қайталанатын болды. Бізге бұл туралы алдын ала ескертілген еді».

Оның айтуынша, Еуропадағы тұрғын үйлер, жұмыс орындары мен мектептер мұндай төтенше ыстыққа мүлдем дайын емес.

Сарапшылардың пайымдауынша, адамзаттың табиғатқа тигізген кері әсерінсіз (антропогендік фактор) мұндай аптаптың болуы «тіпті мүмкін емес» еді. Өйткені, осы аптадағы түнгі температураның күрт көтерілу ықтималдығы осыдан жиырма жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда 100 есеге жоғарылаған.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:42

Ұқсас мақалалар

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Миллиардтарды жұтқан жасанды интеллект: Табысының ширегін небәрі екі-ақ клиенттен тауып отырған Anthropic неге OpenAI-дың басты жауына айналды?

|Жалпы
23:58. Астана көрмей қалған екі минут

23:58. Астана көрмей қалған екі минут

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

|Жалпы
Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

|Жалпы
Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

|Жалпы
Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қытайлық делегация мен танымал профессорлар не үшін келді? Қазақстандағы жаңа медицина мектебінің ашылуынан шолу мен ерекше мәліметтер

|Жалпы
 Сергек Шудың бойына жетті

Сергек Шудың бойына жетті

«Заң және тәртіп»: Шудағы жаңа «Сергек» жүйесі кімдерді және қай көшелерде қатаң бақылайды? (Толық тізім)

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz