Электр станцияларын жаңарту тарифке қалай әсер етеді?

Қазақстанда электр қуаты тарифі 50%-ға дейін өсуі мүмкін: Себебі неде?

Алаш баласы||2 мин оқу
Электр станцияларын жаңарту тарифке қалай әсер етеді?
Сурет: ЖИ

Келесі жылы Қазақстанда электр қуатына төленетін ақы артады. Бұл туралы Ақмола АЭК (АРЭК) тарифті көтеруге берген өтінімінде белгілі болды - деп inbusiness.kz сайты жазды.

«ЖЭК қолдау жөніндегі ҚҚО» ЖШС мәліметінше, 2026 жылы тариф 1 МВт үшін 1 560 850 теңгені құрайды. Ал 2027 жылы бұл көрсеткішті 2 300 000 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) көтеру жоспарланып отыр. Яғни, өсім шамамен 47%-ға жетеді. Қазір Астанада қуаттылық тарифі шамамен 2,66 теңге/кВт*сағ. Қымбаттау жүзеге асса, бұл көрсеткіш келесі жылы 3,9 теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Қазақстанда электр қуаты нарығының моделі 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Жүйе - энергетика саласындағы инвестицияларды қайтарудың және ынталандырудың негізгі тетігі. Елімізде коммуналдық коллапс пен блэкауттарды болдырмау үшін энергетикалық активтерді жедел жаңарту қажет. Келесі жылы төлемнің өсуі Түркістан бу-газ қондырғысының (БГҚ) құрылысы аяқталуымен және Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-ті газға көшіру жобаларымен байланысты болуы ықтимал. Егер нысандар уақытылы іске қосылса, 2027 жылдан бастап инвестицияны қайтару үшін қуаттылық тарифінен төлем ала бастайды.

Шілде айының басында Энергетика министрлігі электр станцияларының тарифін көтеру туралы бұйрық жобасын кері қайтарып алған болатын. Егер бұл шешім уақытылы қабылданып, тарифтер орташа есеппен 30,3%-ға өскенде, көтерме нарықтағы орташа баға 32,92 теңгеден 42,89 теңгеге (ҚҚС-сыз) дейін, яғни бірден 10 теңгеге қымбаттар еді.

Келешекте көтерме бағаның шамамен 43 теңгеге дейін өсуі күтіліп отыр. Мұндай жағдайда ірі тұтынушылардың (мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялар) бұрынғы көлемде электр энергиясын сатып алуы және экономикалық тұрақтылығын сақтауы күрделене түседі.

Сонымен қатар, жақын күндері (10 шілдеде) KEGOC компаниясының алдағы бес жылға арналған қызметтерінің тарифін көтеруге байланысты қоғамдық тыңдаулар өтеді. Бұл жалпы Қазақстан экономикасына түсетін энергетикалық қаржылық жүктеменің арта түсетінін аңғартады.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 29 қыркүйек 2026, 23:24

Ұқсас мақалалар

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Миллиардтарды жұтқан жасанды интеллект: Табысының ширегін небәрі екі-ақ клиенттен тауып отырған Anthropic неге OpenAI-дың басты жауына айналды?

|Жалпы
23:58. Астана көрмей қалған екі минут

23:58. Астана көрмей қалған екі минут

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

|Жалпы
Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

|Жалпы
Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

|Жалпы
Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қытайлық делегация мен танымал профессорлар не үшін келді? Қазақстандағы жаңа медицина мектебінің ашылуынан шолу мен ерекше мәліметтер

|Жалпы
 Сергек Шудың бойына жетті

Сергек Шудың бойына жетті

«Заң және тәртіп»: Шудағы жаңа «Сергек» жүйесі кімдерді және қай көшелерде қатаң бақылайды? (Толық тізім)

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz