Егінді қорғаудың жаңа стандарттары қалай жұмыс істейді?

Министрлік басшыларының өздері дала кезіп кетті: Қарағанды, Алматы және Жетісу облыстарындағы егістік басында шын мәнінде не болып жатыр?

Алаш баласы||2 мин оқу
Егінді қорғаудың жаңа стандарттары қалай жұмыс істейді?
Сурет: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстанның өңірлерінде шегірткеге қарсы химиялық дәрілеу жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр дейді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

. 9 шілдедегі мәліметке сүйенсек, биылға жоспарланған 2,2 миллион гектар алқаптың 1,7 миллион гектары, яғни 76,2 пайызы толықтай өңделді. Егін алқаптарын зиянкестерден қорғау шаралары бекітілген жоспарға сай жүзеге асып, барлық қажетті жұмыстар уақтылы әрі толық көлемде орындалып жатыр.

Жауапты науқанның барысын тікелей қадағалау мақсатында Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің басшылығы қазіргі уақытта Қарағанды, Алматы және Жетісу облыстарында арнайы жұмыс сапарымен жүр. Олар аумақтық инспекция басшыларымен бірлесіп, химиялық өңдеуден өткен алқаптардың сапасына тексеру жүргізді.

Биыл жалпы көлемі 2,2 миллион гектар жерді дәрілеу жоспарланған. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 30 пайызға аз. Мұндай оң нәтижеге Үкіметтің қолдауымен атқарылған кешенді жұмыстардың және өсімдіктерді қорғау жүйесін жетілдіру бағытында дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында қол жеткізіліп отыр.

Атап айтқанда, саладағы маңызды өзгерістердің бірі – қызметтерді сатып алудың бірыңғай жүйесінің енгізілуі. Бұл қадам сатып алу процестерін бір орталықтан басқаруға және мемлекеттік бюджет қаражатының барынша ұтымды әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге жол ашты.

Сонымен қатар, дәрі шашатын техникалардың (желдеткіш бүріккіштердің) бір тәулікке шаққандағы жұмыс өнімділігі қайта қаралып, бір техниканың өңдеу көлемі 100 гектардан 70 гектарға дейін төмендетілді. Бұл шешім жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде далаға шыққан техника саны 556 бірлікке жетіп, 2025 жылмен салыстырғанда 25 пайызға артты.

Оған қоса, фитосанитариялық қызметтің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жаңарды. Биыл сала мамандарына арналып 103 ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) сатып алынды. Оның ішінде 57 дрон егістіктерді барлап-зерттеуге бөлінсе, қалған 46 аппарат тікелей химиялық дәрі шашу жұмыстарына жұмылдырылған.

Зиянкестерге қарсы күрестің тиімділігін арттыру және ақпарат алмасуды жылдамдату мақсатында арнайы «FITOCENTRE» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Бұдан бөлек, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО) бірлескен ауқымды серіктестік жоба жүзеге асырылуда. Бұл жоба ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды, жасанды интеллектіні және дрондарды кеңінен енгізуге бағытталған.

Қазіргі таңда барлық өңірлерде құрылған жедел штабтар қалыпты режимде, тұрақты түрде жұмыс істеп тұр.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 29 қыркүйек 2026, 23:23

Ұқсас мақалалар

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Миллиардтарды жұтқан жасанды интеллект: Табысының ширегін небәрі екі-ақ клиенттен тауып отырған Anthropic неге OpenAI-дың басты жауына айналды?

|Жалпы
23:58. Астана көрмей қалған екі минут

23:58. Астана көрмей қалған екі минут

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

|Жалпы
Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

|Жалпы
Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

|Жалпы
Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қытайлық делегация мен танымал профессорлар не үшін келді? Қазақстандағы жаңа медицина мектебінің ашылуынан шолу мен ерекше мәліметтер

|Жалпы
 Сергек Шудың бойына жетті

Сергек Шудың бойына жетті

«Заң және тәртіп»: Шудағы жаңа «Сергек» жүйесі кімдерді және қай көшелерде қатаң бақылайды? (Толық тізім)

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz