БАӘ 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салды

Жаңа ережеде 15 жасқа толмағандарға жеке аккаунт ашуға мүлдем рұқсат етілмейді

Алаш баласы||2 мин оқу
БАӘ 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салды
Сурет: insales.ru

Біріккен Араб Әмірліктері араб елдері арасында бірінші болып балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына қатаң шектеу қойды. Жаңа ережеге сәйкес, 15 жасқа толмаған жасөспірімдерге интернет платформаларында жеке аккаунт ашуға мүлдем рұқсат етілмейді, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Бейсенбі күні қабылданған үкімет қаулысының талаптары өте қатаң. Енді 15 жасқа дейінгі балалар желіде контент жариялау, пікір қалдыру, ақпарат бөлісу немесе көпшілікке арналған чаттар мен топтарға қосылу құқығынан толықтай айырылады.

Ал 15 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін жағдай сәл өзгеше. Олар әлеуметтік желілерді пайдалана алады, бірақ тек күшейтілген қауіпсіздік шаралары аясында. Бұл дегеніміз – жас ерекшелігіне сай контентті сүзгілеу, бейтаныс адамдармен байланысты шектеу, экран алдында өткізетін уақытты бақылау және ата-ана бақылауы функцияларын міндетті түрде іске қосу.

Осы ереже БАӘ аумағында жұмыс істейтін барлық әлеуметтік желілерге ортақ. Енді ІТ-компаниялар қолданушының жасын дәл анықтайтын жаңа тексеру жүйелерін енгізуге міндетті. Бұл процесте цифрлық жеке куәліктер мен жасанды интеллект технологиялары кеңінен қолданылмақ. Яғни, бұрынғыдай тіркелу кезінде туған жылын қолмен өзгертіп, өтірік көрсете салу мүмкін болмайды.

Сонымен қатар, платформалар 15 жасқа толмаған балалар бұрын ашқан аккаунттарды бұғаттап, тексеру жүйесін айналып өту әрекеттеріне тосқауыл қоюы тиіс. Ең бастысы – балалардың жеке деректерін мақсатты жарнама немесе мінез-құлықты зерттейтін алгоритмдер үшін пайдалануға қатаң тыйым салынады. Компанияларға өз жүйелерін жаңа заңға сәйкестендіріп, технологиялық шешімдерді енгізу үшін 12 ай уақыт беріліп отыр.

Неліктен бұлай істеп жатыр?

Үкімет өкілдерінің айтуынша, шешім өскелең ұрпақты интернеттегі зиянды контенттен, қауіпті адамдармен байланыстан және желіге шамадан тыс тәуелділіктен қорғау мақсатында қабылданған. Сондай-ақ, жаңа ереже корпорациялар тарапынан балалардың жеке деректерінің бақылаусыз жиналуын тоқтатуды көздейді.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 6 қазан 2026, 15:57

Ұқсас мақалалар

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Миллиардтарды жұтқан жасанды интеллект: Табысының ширегін небәрі екі-ақ клиенттен тауып отырған Anthropic неге OpenAI-дың басты жауына айналды?

|Жалпы
23:58. Астана көрмей қалған екі минут

23:58. Астана көрмей қалған екі минут

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

|Жалпы
Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

|Жалпы
Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

|Жалпы
Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қытайлық делегация мен танымал профессорлар не үшін келді? Қазақстандағы жаңа медицина мектебінің ашылуынан шолу мен ерекше мәліметтер

|Жалпы
 Сергек Шудың бойына жетті

Сергек Шудың бойына жетті

«Заң және тәртіп»: Шудағы жаңа «Сергек» жүйесі кімдерді және қай көшелерде қатаң бақылайды? (Толық тізім)

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz