Автонесие төлей алмасаңыз не істеу керек?

Үйдің бағасы ұзақ мерзімде өсуі мүмкін. Ал көлік салоннан шыққан күннен бастап арзандай бастайды. Сондықтан оның кепілде тұрғаны отбасы бюджетін қауіптен толық қорғамайды. Қарыз алушының ең үлкен қателігі — бейқам жүру

Алаш баласы||3 мин оқу
Автонесие төлей алмасаңыз не істеу керек?
Сурет: ЖИ

Оқырманымыздың бірі осы тақырыпқа қатысты сауал қойған еді. Қателеспесем, «көлік ұстаған адамның шығыны қалай есептеледі, айлық табыстың 20%-тінен аспауы керек деп айтады...» деген мазмұнда сұрады. «Айқын» газетінің сайтында жарық көрген мына мақала осы сұраққа біршама жауап беретін секілді. Ықшамдап, ой салар пайдалы тұсын берейік деп шештік.  

Бір кездері автокөлік алу үшін жылдап ақша жинайтын едік. Қазір көлік салонына жеке куәлікпен кіріп, бірнеше сағаттан кейін су жаңа машиналы бола аласыз.

Алғашқы жарнасы аз, төлем мерзімі бес-жеті жылға созылады. Жарна­мада көліктің толық құны емес, «айына небәрі 150 мың теңге» деген сома көрсе­тіледі. Осылайша темір тұлпар бұрынғыдан қолжетімді көріне бастады. Бірақ ай сайынғы төлемнің тасасында ұзақ жылға созылатын үлкен міндеттеме тұрғанын көбіміз елей бермейміз.

 Банк омбудсманы: Кепілде тұрған көлік отбасы бюджетін қауіптен толық қорғамайды

Көп адам көлік аларда оның түпкі бағасын емес, ай сайын қанша төлейтінін сұрайды. Мәселенің түйіні де осында.

Айына 150 мың теңге төлей алатын адам дәл осы сомаға сай несие таңдауы мүмкін. Бірақ көлікке жұмсалатын шығын банк төлемімен бітпейді.

Жанармай, міндетті сақтандыру, кейде КАСКО, май мен сүзгі ауыстыру, жөндеу, қысқы және жазғы шина, салық, тұрақ пен көлік жуу секілді шығындар қосылады.

Жүрілген көлік болса, күтпеген жөндеуге қомақты қаражат қажет болуы ықтимал. Сөйтіп, банкке төленетін 150 мың теңге іс жүзінде отба­сы қалтасынан ай сайын 220-250 мың теңге шығаруы мүмкін. Бірақ несие мақұлданар кезде осы қосымша шығындардың бәрі бірдей есепке алынбайды. 

Үй мен көліктің айырмасы да осында. Үйдің бағасы ұзақ мерзімде өсуі мүмкін. Ал көлік салоннан шыққан күннен бастап арзандай бастайды. Сондықтан оның кепілде тұрғаны отбасы бюджетін қауіптен толық қорғамайды.

 Қарыз алушының ең үлкен қателігі — бейқам жүру

Төлем қиындағанда жасалатын ең қатерлі қадам – автонесиені жабу үшін тұтынушылық несие немесе шағын несие алу. Бір айдың мәселесі шешілгендей көрінеді. Бірақ келесі айда екі қарыздың төлемі қатар келеді. Осылайша жаңа несие ескі қарызды асырайтын тұйық айналым басталады.

Қарыз алушының ең үлкен қателігі – жағдай түзелер деп күтіп, бірнеше ай үндемей жүру. Қазақстанда төлем жасау қиындаған азамат банкке несие шарттарын өзгерту туралы ресми өтініш беруге құқылы.

 Мерзімді ұзарту, ай сайынғы төлемді азайту, уақытша шегеру, төлем кестесін өзгерту, өсімпұлдың бір бөлігін есептен шығару немесе кепілдегі көлікті өз бетінше сату секілді жолдар қарастырылуы мүмкін. Өтінішті қарағаны үшін банк ақы ала алмайды. Бұл тәртіптің барлық банктер мен микроқаржы ұйымдарына қолданылатынын Агенттік те түсіндірген.

Банкпен мәмілеге келу мүмкін болмаса, Банктік омбудсманға жүгінуге болады. Бірақ оған дейін банкке берілген өтініш пен жауапты, несие шартын, төлем кестесін және табыстың төмендегенін растайтын құжаттарды сақтаған дұрыс.

Автокредит елдегі көлік паркін жаңартуға мүмкіндік берді. Көп адамға жұмысына қатынауға, отбасын тасымалдауға, кәсіппен айналысуға жағдай жасады. Сондықтан автонесиені тұтасымен жаман құрал деу дұрыс емес. Мәселе – оны қалай және қандай есеппен алуда.

Авторы: Кәмила ДҮЙСЕН(орфографиясы мен пунктуациясы сақталды) 

Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 6 қыркүйек 2026, 01:06

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда 262 шетелдік IT маманы Digital Nomad мәртебесіне ие болды

Қазақстанда 262 шетелдік IT маманы Digital Nomad мәртебесіне ие болды

Қазақстанда Digital Nomad бағдарламалары арқылы 262 шетелдік IT маманы тиісті мәртебеге ие болды. Astana Hub жүзеге асырып отырған бағдарламалар халықаралық технологиялық таланттарды тартуға және елдің IT экожүйесін дамытуға бағытталған.

|Өмір салты
Сағатсыз, күнтізбесіз: көшпенді қазақ уақытты қалай таныған?

Сағатсыз, күнтізбесіз: көшпенді қазақ уақытты қалай таныған?

Бабаларымыз қалта сағаты мен қабырға күнтізбесінсіз «бүгін нешесі, қазір сағат неше» дегенді қалай білген? Тойға шақырғанда қандай сөз айтқан? Дала неге кешігуді кешірген? Көшпенді өркениеттің уақыт жүйесі туралы толық әңгіме.

|Өмір салты
Ғалымдар жүзудің арқаға пайдасын дәлелдеді

Ғалымдар жүзудің арқаға пайдасын дәлелдеді

Беліңіз сырқырап, отырып-тұрудан қалдыңыз ба? Австралия ғалымдары тапқан мына бір қарапайым әдіс ауруды 50%-ға дейін пышақ кескендей тыяды екен!

|Өмір салты
Алаяқтар штрих-кодтан қандай мәліметті 0 теңгеге алады?

Алаяқтар штрих-кодтан қандай мәліметті 0 теңгеге алады?

Сен Дубайға ұшқанда, үйіңді тонап жатады: Ұшақ билетіндегі штрих-код арқылы алаяқтар сіздің қайда екеніңізді 1 минутта біледі!

|Өмір салты
«Малшыларға мен әлі де қажетпін», - 3200 сәбидің «кіндік әкесіне» Қытайдың ең жоғары партиялық марапаты табысталды

«Малшыларға мен әлі де қажетпін», - 3200 сәбидің «кіндік әкесіне» Қытайдың ең жоғары партиялық марапаты табысталды

Шалғайдағы малшыларға медициналық көмек көрсеткен этникалық қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен Қытай Коммунистік партиясының ең жоғары марапаты – «1 шілде» орденімен наградталды

|Өмір салты
«Мен 42 жастамын... Мен өз масқарамды жуып-шая аламын. Көмектесіңіз»

«Мен 42 жастамын... Мен өз масқарамды жуып-шая аламын. Көмектесіңіз»

Мұқағали Мақатаевты қазақ халқы тірі кезінде-ақ сүйді. Бірақ халық жүрегінен орын алған ақынның өз жүрегі өмір бойы жаралы болды. Ол соғыстың салқынын көрді, әкесіз өсті, жоқшылықпен күресті, қызынан айырылды, әдеби ортадан қысым көрді. Бірақ ең ауыр сәттерде де қаламын тастамады. Керісінше, өз қасіретін қазақ поэзиясының мәңгілік үніне айналдырды.

|Өмір салты
LiveInternetZERO.kz