Алаяқтар штрих-кодтан қандай мәліметті 0 теңгеге алады?

Сен Дубайға ұшқанда, үйіңді тонап жатады: Ұшақ билетіндегі штрих-код арқылы алаяқтар сіздің қайда екеніңізді 1 минутта біледі!

Алаш баласы||2 мин оқу
Алаяқтар штрих-кодтан қандай мәліметті 0 теңгеге алады?
Сурет: ЖИ

Ұшақ билетімен мақтанудың ақыры: Неге билетті суретке түсіруге немесе қоқысқа бүтіндей тастауға болмайды?

Әуежай. Қолыңызда кофе, үстел үстінде паспорт пен ұшақ билеті. «Мен демалысқа кеттім!» деп сторис салу — қазіргі күннің жазылмаған заңы іспетті. Бірақ осы кішкентай мақтанудың арты үлкен мәселеге ұласуы мүмкін екенін білесіз бе?

The Washington Post басылымында ұзақ жыл киберқылмыс тақырыбын зерттеген журналист Брайан Кребс (Brian Krebs) бұл әрекеттің қаншалықты қауіпті екенін бір ғана қарапайым мысалмен дәлелдеп берді.

Бір ғана суреттің құпиясы Оқырман Кори досының Facebook желісіне мақтанып салған билетінің суретін көріп қалады да, штрих-кодты қиып алып, оны интернеттегі қарапайым тегін сканерге салып тексереді. Нәтижесінде, досы туралы құпия ақпараттар алақанындағыдай ашыла салған!

Билеттегі кіп-кішкентай штрих-код пен QR-кодтың ішінде мынадай деректер сайрап жатады:

  • Жолаушының толық аты-жөні;

  • Бонус картасының нөмірі (авиакомпаниялар қағаз бетінде оны жұлдызшамен жасырғанымен, кодтың ішінде ол ашық тұрады);

  • Бронь нөмірі (PNR).

Кори осы мәліметтерді пайдаланып, авиакомпания сайтындағы досының жеке кабинетіне еш қиындықсыз кіріп кеткен.

Алаяқтар бұл мәліметті қалай қолданады? Егер Коридің орнында ниеті бұзық адам болса, ол мынадай әрекеттерге бара алар еді:

  • Сіздің телефон нөміріңізді және билетті кім төлеп алғанын біледі;

  • Тек осы ұшқалы тұрған рейс емес, осы авиациялық одақ арқылы (мысалы, Air Astana) алдағы уақытқа жоспарланған БАРЛЫҚ рейстеріңізді бақылап отырады;

  • Ең сұмдығы — ұшақтағы орныңызды ауыстырып, тіпті алдағы билеттеріңізді мүлдем жойып (болдырмай) жібере алады!

«Жеке кабинетімнің паролін бұзу қиын шығар?» Қателесесіз. Билеттен мәлімет алған алаяқ «Құпия сөзді ұмыттым» функциясын басып, логинге өзгеріс енгізуге тырысады. Жүйе қауіпсіздік үшін «Анаңыздың қыз кезіндегі тегі кім?» деген сияқты сұрақтар қоюы мүмкін. Ал ондай ақпаратты алаяқтар сіздің әлеуметтік желідегі туыстарыңыздың парақшасынан-ақ оп-оңай тауып алады.

Қорытынды ереже:

  1. Ешқашан билеттің суретін желіге ашық күйде салмаңыз.

  2. Сапардан оралған соң да, қолданылған билетті қоқысқа сол күйі лақтыра салмаңыз. Міндетті түрде ұсақтап, штрих-кодын жыртып барып тастаңыз.

Әйтпесе, әуежайда Дубайға ұшамын деп мәз болып, мақтанып отырғанда... Жеке кабинетіңізге кіріп алған біреу сіздің атыңыздан «ұшпайтын болдым» деп билетіңізді қайтарып жіберуі әбден мүмкін!

Дереккөз: "Қаржылық сауат" арнасы

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:52

Ұқсас мақалалар

ІІМ Басқару академиясының магистранттары мен докторанттары қан тапсырды

ІІМ Басқару академиясының магистранттары мен докторанттары қан тапсырды

ІІМ Басқару академиясының білім алушылары қаһармандықтың мүлде жаңа, мейірімге суарылған қырын қоғамға танытты. Олардың бұл әлеуметтік бастаманы қызу қолдауы өзге де азаматтарға ой салып, ізгілік эстафетасының кең қанат жаюына қуатты серпін берері сөзсіз.

|Өмір салты
Автонесие төлей алмасаңыз не істеу керек?

Автонесие төлей алмасаңыз не істеу керек?

Үйдің бағасы ұзақ мерзімде өсуі мүмкін. Ал көлік салоннан шыққан күннен бастап арзандай бастайды. Сондықтан оның кепілде тұрғаны отбасы бюджетін қауіптен толық қорғамайды. Қарыз алушының ең үлкен қателігі — бейқам жүру

|Өмір салты
Қазақстанда 262 шетелдік IT маманы Digital Nomad мәртебесіне ие болды

Қазақстанда 262 шетелдік IT маманы Digital Nomad мәртебесіне ие болды

Қазақстанда Digital Nomad бағдарламалары арқылы 262 шетелдік IT маманы тиісті мәртебеге ие болды. Astana Hub жүзеге асырып отырған бағдарламалар халықаралық технологиялық таланттарды тартуға және елдің IT экожүйесін дамытуға бағытталған.

|Өмір салты
Сағатсыз, күнтізбесіз: көшпенді қазақ уақытты қалай таныған?

Сағатсыз, күнтізбесіз: көшпенді қазақ уақытты қалай таныған?

Бабаларымыз қалта сағаты мен қабырға күнтізбесінсіз «бүгін нешесі, қазір сағат неше» дегенді қалай білген? Тойға шақырғанда қандай сөз айтқан? Дала неге кешігуді кешірген? Көшпенді өркениеттің уақыт жүйесі туралы толық әңгіме.

|Өмір салты
Ғалымдар жүзудің арқаға пайдасын дәлелдеді

Ғалымдар жүзудің арқаға пайдасын дәлелдеді

Беліңіз сырқырап, отырып-тұрудан қалдыңыз ба? Австралия ғалымдары тапқан мына бір қарапайым әдіс ауруды 50%-ға дейін пышақ кескендей тыяды екен!

|Өмір салты
«Малшыларға мен әлі де қажетпін», - 3200 сәбидің «кіндік әкесіне» Қытайдың ең жоғары партиялық марапаты табысталды

«Малшыларға мен әлі де қажетпін», - 3200 сәбидің «кіндік әкесіне» Қытайдың ең жоғары партиялық марапаты табысталды

Шалғайдағы малшыларға медициналық көмек көрсеткен этникалық қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен Қытай Коммунистік партиясының ең жоғары марапаты – «1 шілде» орденімен наградталды

|Өмір салты
LiveInternetZERO.kz