Ақтөбеде 35 мың орындық халықаралық стадион құрылысы қызу жүріп жатыр

Ақтөбе қаласының «Алтын Орда» шағын ауданында халықаралық стандарттарға сай жаңа футбол стадионы бой көтеріп келеді.

Алаш баласы||2 мин оқу
Ақтөбеде 35 мың орындық халықаралық стадион құрылысы қызу жүріп жатыр
Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігі

Ақтөбе қаласының «Алтын Орда» шағын ауданында халықаралық стандарттарға сай жаңа футбол стадионы бой көтеріп келеді. Өңір басшысы Асхат Шахаров аймақтағы ең ірі спорт нысандарының біріне арнайы барып, құрылыс барысын қадағалады - бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жаңа стадион 34 980 көрерменге шақталған. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында негізгі монтаждау жұмыстары қарқын алған. Жобаны жүзеге асырып жатқан түркиялық мердігер компанияның спорттық нысандар салуда халықаралық тәжірибесі зор: олар осыған дейін әлемнің әр түкпірінде жиырмаға жуық стадионның құрылысына қатысқан.

Мердігер компания өкілі Фатих Татлыпаямның айтуынша, жұмыс бекітілген жоспар бойынша жүріп жатыр:

"Біздің ең ірі жобамыз – Анкарадағы стадион. Оның құрылысы биыл қыркүйекте аяқталады. Біз негізінен спорттық және туристік инфрақұрылым нысандарын салуға машықтанғанбыз. Ақтөбедегі стадион 10 блоктан тұрады. Қазір бірінші блокта іргетас құю, бетондау және бағаналарды орнату жұмыстары жүрсе, үшінші блокта монолиттік жұмыстар жалғасуда. Ал бесінші блок бетон құюға толық дайын. Жыл соңына дейін монолиттік жұмыстардың негізгі бөлігін аяқтап, темірбетон қаңқасын тұрғызуға кірісеміз", – деді ол.

Қазір құрылыс басында 152 адам еңбек етіп жүр. Жұмыс көлемінің артуына байланысты мамандар қатары да көбеймек. Әсіресе, сантехникалық, инженерлік және механикалық жұмыстар басталған шақта жұмысшылар саны 700 адамға дейін жетеді деп жоспарланған.

Облыс әкімі Асхат Шахаров бұл кешеннің тек спортты дамытып қана қоймай, өңірдің мәдени және туристік әлеуетін арттыруға да үлкен үлес қосатынын атап өтті.

"Өңірде футбол қарқынды дамып келеді. Алайда 35 мың көрерменге арналған бұл алып нысан тек матчтар өткізумен шектелмейді. Мұнда ірі мәдени іс-шаралар мен концерттер ұйымдастыруға толық мүмкіндік бар. Еліміздің атын әлемге танытып жүрген дарынды жерлестеріміз болашақта осы алаңда өнер көрсете алады", – деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, стадионның іске қосылуы қарыштап дамып келе жатқан «Алтын Орда» ауданында қызмет көрсету саласы мен шағын бизнестің өркендеуіне жаңа серпін бермек.

Қазір нысан құрылысы қатаң бақылауда және бекітілген кестеге сай жүргізілуде. Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстарын келесі жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 30 қыркүйек 2026, 07:37

Ұқсас мақалалар

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Миллиардтарды жұтқан жасанды интеллект: Табысының ширегін небәрі екі-ақ клиенттен тауып отырған Anthropic неге OpenAI-дың басты жауына айналды?

|Жалпы
23:58. Астана көрмей қалған екі минут

23:58. Астана көрмей қалған екі минут

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

|Жалпы
Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

|Жалпы
Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

|Жалпы
Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қытайлық делегация мен танымал профессорлар не үшін келді? Қазақстандағы жаңа медицина мектебінің ашылуынан шолу мен ерекше мәліметтер

|Жалпы
 Сергек Шудың бойына жетті

Сергек Шудың бойына жетті

«Заң және тәртіп»: Шудағы жаңа «Сергек» жүйесі кімдерді және қай көшелерде қатаң бақылайды? (Толық тізім)

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz