«Ақ жол» партиясының сьезі өтті

Дания Еспаева бастаған топ: Құрылтайға баратын 63 кандидат кім?

Алаш баласы||2 мин оқу
«Ақ жол» партиясының сьезі өтті
Сурет: Ақжол партиясының ресми сайтынан

«Ақ жол» демократиялық партиясы сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізімін бекітті - деп хабарлайды Ақжол партиясының ресми сайты.

Астанада «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды Съезі өтті. Съезге партия басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, өңірлік партия конференцияларында өкілдік нормаларына сәйкес сайланған 200-ден астам делегат, депутаттар, жастар қанатының өкілдері және кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелері қатысты.

Съезд аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының Құрылтай сайлауына қатысу мәселелері қаралды.

«Ақ жол» демократиялық партиясының  «Өзгерістер қажет» атты сайлауалды бағдарламасының таныстырылымы съездің басты тақырыбына айналды. Құжатты таныстырған партия төрағасы Дания Еспаева Халықтық Конституция Қазақстан дамуының жаңа дәуірін бастап бергенін, сол себепті, бүгінгі таңда елге тек саяси өзгерістер ғана емес, тұрақты экономикалық өсімді, әділ бәсекелестікті, тиімді мемлекеттік басқару мен азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін нақты шешімдер қажет екенін айтты.

Оның айтуынша, бағдарлама партияның көпжылдық бастамаларын біріктіріп, елдің болашақ дамуына қатысты кешенді көзқарасты ұсынады. Атап айтқанда, онда тәуелсіздік пен ұлттық мүддені қорғаудан бастап, парламентаризмді нығайту, кәсіпкерлікті қолдау, жемқорлықпен күрес, адами капиталды, заманауи технологиялар мен еркін нарықтық экономиканы дамытуға дейінгі басым бағыттар қамтылған.

Сайлауалды бағдарлама таныстырылымы талқылауға ұласып, бірқатар партия өкілдері сөз сөйледі:

Қазыбек Иса – Партия төрағасының орынбасары;

Юрий Ли – Астана қалалық партия кеңесінің мүшесі;

Берік Дүйсембинов – Мәслихаттармен жұмыс жөніндегі партия Саяси кеңесінің хатшысы;

Олжас Нұралдинов – Партия Саяси кеңесінің мүшесі;

Мейраш Шынасылова – Партияның Алматы облыстық филиалының төрағасы;

Бекнұр Бисенов – Маңғыстау облыстық партия кеңесінің мүшесі;

Ермек Әбілдин – Партияның Қарағанды облыстық филиалының төрағасы;

Ақманат Төлегенова – Қызылорда облыстық партия кеңесінің мүшесі;

Әлібек Исин – Партияның Ұлытау облыстық филиалының төрағасы;

Раушан Жәлімбетова – Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты;

Бақтыбек Бибаев – Атырау облысындағы «Texol» компаниялар тобының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры;

Ғани Хамзин – Партия Саяси кеңесінің мүшесі;

Дәурен Ахметжаев – Жамбыл облыстық партия кеңесінің мүшесі;

Ермек Егінбаев – Партияның Жетісу облыстық филиалының төрағасы;

Рамазан Жампиисов – ЖШС «EcoSolutions Group» Бас директор;

Марал Елубаева – «П.М. Поспелов атындағы Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Педиатрия мектебінің деканы;

Анатолий Калинкин – Семей қалалық мәслихатының депутаты;

Бек-Мұхамед Жаукебаев – Партияның Жастар кеңесінің мүшесі.

Талқылау барысында делегаттар бағдарламаны одан әрі жүзеге асыруға қатысты бірқатар ұсыныстар енгізіп, оның негізгі басымдықтарын бірауыздан қолдайтындарын білдірді. Талқылау қорытындысы бойынша съезд «Өзгерістер қажет» атты «Ақ жол» демократиялық партиясының саяси бағдарламасын бекітті.

Съезд, сондай-ақ, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін де бекітті. Оған еліміздің барлық өңірлеріндегі отандық кәсіпкерліктің, сарапшылар қауымдастығы мен қоғамдық қызметтің түрлі салаларының өкілдерінен құралған 63 кандидат енгізілді.


Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 30 қыркүйек 2026, 03:39

Ұқсас мақалалар

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Миллиардтарды жұтқан жасанды интеллект: Табысының ширегін небәрі екі-ақ клиенттен тауып отырған Anthropic неге OpenAI-дың басты жауына айналды?

|Жалпы
23:58. Астана көрмей қалған екі минут

23:58. Астана көрмей қалған екі минут

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

|Жалпы
Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

|Жалпы
Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

|Жалпы
Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қытайлық делегация мен танымал профессорлар не үшін келді? Қазақстандағы жаңа медицина мектебінің ашылуынан шолу мен ерекше мәліметтер

|Жалпы
 Сергек Шудың бойына жетті

Сергек Шудың бойына жетті

«Заң және тәртіп»: Шудағы жаңа «Сергек» жүйесі кімдерді және қай көшелерде қатаң бақылайды? (Толық тізім)

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz