Әскердегі әйелдер: Қазақстанда қыз-келіншектерді қандай әскери мамандықтарға даярлайды?

Тек ас үйде емес, штаб пен ұшақ штурвалында! Қазақстандық келіншектердің әскердегі таңғажайып қызметі

Алаш баласы||2 мин оқу
Әскердегі әйелдер: Қазақстанда қыз-келіншектерді қандай әскери мамандықтарға даярлайды?
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Бүгінде әйелдер Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ажырамас бөлігіне айналып, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға елеулі үлес қосып келеді, деп жазды - ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі.

Олар ер азаматтармен қатар әскери қызметтің түрлі бағыттарында кәсіби міндеттерін абыроймен атқарып жүр.

Қазіргі таңда Қазақстан армиясының қатарында 7 мыңға жуық әйел қызмет етеді. Олардың ішінде:

  • 1 000-ға жуығы – офицерлер;

  • 6 000-нан астамы – келісімшарт бойынша әскери қызметшілер;

  • 11 әйел басшылық лауазымдарды атқарады.

Әйел әскери қызметшілер Қарулы күштердің барлық түрлері мен әскер тектерінде қызмет етеді. Олар тек көмекші қызметтермен шектеліп қалмай, әскери медицина, психология, қаржы, заң, байланыс, кадр жұмысы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар салаларында жауапты міндеттерді атқарып келеді. Бұл – олардың әскери басқару жүйесінің маңызды буындарында табысты еңбек етіп жүргенінің айқын көрінісі.

Кейінгі жылдары әйелдердің әскери қызметтегі мүмкіндіктері едәуір кеңейді. Бүгінде олар жауынгерлік қамтамасыз ету бөлімшелерінде де қызмет атқарып, штаб офицері, нұсқаушы, ұшқыш, мерген және арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшісі сияқты күрделі мамандықтарды меңгеруде. Сондай-ақ, нәзік жандылар ерлермен бірге парашютпен секіріп, ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқарады және жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Әскери мансапты таңдаған қыз-келіншектер үшін кәсіби білім алуға да толық жағдай жасалған.

  • 2002 жылы Құрлық әскерлерінің әскери институтында алғаш рет «Байланыс» мамандығы бойынша әйел мамандар даярланды. Олардың көбі бүгінде полковник шеніне дейін көтерілді.

  • 2023 жылдан бастап Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты әскери-медициналық факультетке қыздарды қабылдай бастады. Түлектерге «лейтенант» шені беріліп, олар Қазақстан армиясында қызметін жалғастырады.

Айта кету керек, қолданыстағы заңнамада әйелдерді мерзімді әскери қызметке міндетті түрде шақыру көзделмеген және қазіргі уақытта мұндай норманы енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Қарулы күштермен келісімшарт жасасуға ниет білдіргендер толық ақпарат алу үшін жергілікті әскери басқару органдарына немесе әскери бөлімдерге жүгіне алады.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:41

Ұқсас мақалалар

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Миллиардтарды жұтқан жасанды интеллект: Табысының ширегін небәрі екі-ақ клиенттен тауып отырған Anthropic неге OpenAI-дың басты жауына айналды?

|Жалпы
23:58. Астана көрмей қалған екі минут

23:58. Астана көрмей қалған екі минут

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

|Жалпы
Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

|Жалпы
Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

|Жалпы
Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қытайлық делегация мен танымал профессорлар не үшін келді? Қазақстандағы жаңа медицина мектебінің ашылуынан шолу мен ерекше мәліметтер

|Жалпы
 Сергек Шудың бойына жетті

Сергек Шудың бойына жетті

«Заң және тәртіп»: Шудағы жаңа «Сергек» жүйесі кімдерді және қай көшелерде қатаң бақылайды? (Толық тізім)

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz