Абу-Даби тұрғыны ұлын тәрбиелеуді неге ChatGPT-ге аманаттап кетті?
Абу-Даби тұрғыны қайтыс болған жағдайда опекундарға ChatGPT-ден кеңес алуды міндеттейтін өсиетхана жазды.

Адамзаттың жасанды интеллектке (ЖИ) деген сенімі күн санап артып келеді, бірақ бұл жолы оқиға мүлдем жаңа, тіпті заңгерлерді де, психологтарды да таңғалдыратын сипат алды. Абу-Дабиде тұратын әйел өзі кенеттен қайтыс болған жағдайда, кәмелетке толмаған ұлын тәрбиелеу және оның өміріне қатысты маңызды шешімдер қабылдау мәселесінде опекундарға ChatGPT-мен кеңесуді міндеттейтін өсиетнама дайындады.
Құжат биылғы заң және технология әлеміндегі ең қызу талқыланатын тақырыптың біріне айналды. Себебі бұған дейін ешкім бала тәрбиесі секілді нәзік те жауапты істі толықтай виртуалды алгоритмнің кеңесіне байлап көрмеген еді.
Өсиетнаманың ішінде «Living Wishes Protocol» (Өмірлік тілектер хаттамасы) деп аталатын арнайы бөлім бар. Онда баланың болашақ опекундарына кез келген маңызды қадам жасамас бұрын ЖИ-мен ақылдасу ұсынылады. Бұл тізімге баланы мектепке беру немесе оқу орнын ауыстыру, басқа қалаға немесе елге қоныс аудару, емделу жоспарын құру, сондай-ақ діни тәрбие мен анасының туыстарымен араласу сияқты өмірлік маңызды мәселелер кірген.
Әйел бұл жүйенің өздігінен шешім қабылдамайтынын, оның орнына өз құндылықтарын негізге алатынын ойластырған. Ол үшін жүйеге арнайы хат дайындалған: онда анасының өмірлік ұстанымдары, отбасылық құндылықтары, дүниетанымы мен баласының болашағына деген көзқарасы егжей-тегжейлі жазылған. Опекундар ЖИ-ге кез келген сұрақ қоймас бұрын, алдымен жүйені осы аналық хатпен «таныстыруы» тиіс. Осылайша, нейрожелі ананың жеке болмысы мен тілектерін ескере отырып, кеңес береді деп күтілуде.
Жоба авторы баланың да пікірін ұмытпаған. Бала ержеткен сайын бұл «хаттаманың» талаптары мен ережелерін оның жасына, таңдауына қарай қайта қарап, өзгертіп отыру көзделген. Сондай-ақ, жылына бір рет тәуелсіз маман (адам) бұл құжаттың қалай орындалып жатқанын, баланың жеке өміріне қол сұғылмауын және таңдалған ЖИ жүйесінің бала дамуына зиян тигізбейтінін тексеріп, бағалап отыруы тиіс.
Алайда бұл бастама заңгерлер арасында үлкен сұрақтар туғызды. Осы құжатты дайындаған Expatriate Law заңгерлік фирмасының серіктесі Байрон Джеймс ЖИ-дің ешқандай заңды тұлға емес екенін және оның балаға қатысты ешқандай құқығы немесе міндеті болмайтынын бірден кесіп айтты. Яғни, ЖИ тек виртуалды кеңесші рөлінде ғана қалады, ал соңғы заңды және адамгершілік жауапкершілік бәрібір тірі опекундардың мойнында болады.
Оның үстіне, техникалық және құпиялылық мәселелері де үлкен кедергі болып тұр. Баланың денсаулығы, оқуы мен жеке өмірі туралы құпия мәліметтер ЖИ базасына қалай енгізіледі? Ол ақпаратты кім көре алады? Жеке деректерді қорғау қалай қамтамасыз етіледі? Заңгерлердің айтуынша, бұл мәселелерді әлі де мұқият пысықтап, барынша анонимді ету қажет.
Қазіргі уақытта бұл өсиетнама жобасы заңдық күшіне енген жоқ. Ол әлі тіркелмеген және мақұлданбаған. Құжат Абу-Дабидің Судебтік департаментінің (Abu Dhabi Judicial Department) сарапшыларының қарауына жіберіледі. Салтанатты заң және діни нормаларға негізделген өңірде бұндай экзотикалық құжаттың қабылдануы екіталай немесе ол заңдық сараптамадан кейін айтарлықтай өзгеруі мүмкін екенін мамандар да жасырмайды.
Алдағы уақытта ана махаббаты мен қамқорлығының технологиялық құралмен толығуы заңды және этикалық тұрғыда жаңа прецедент орнатуы мүмкін.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!










