16-ға толмадың ба – желі жоқ: Президент жаңа заң ұсынды

Қазақстанда 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тіркелуге заң жүзінде тыйым салынбақ. Бұл туралы Президент тамыз кеңесінде мәлімдеді.

Алаш баласы||2 мин оқу
16-ға толмадың ба – желі жоқ: Президент жаңа заң ұсынды
Сурет: akorda.kz

«Үкімет 16 жасқа дейінгілердің әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салатын заң жобасын әзірледі. Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында депутаттарға осы мәселені қарауды ұсынамын», – деді ол.

Президенттің айтуынша, 2018 жылы қабылданған «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заңды қазіргі заман талабына сай қайта қарап, оған маңызды өзгерістер енгізу қажет.

«Әлеуметтік желілер, цифрлық платформалар, жасанды интеллект пен агрессивті маркетинг баланың дүниетанымына отбасы мен мектептен кем әсер етпейді. Өскелең ұрпақтың психологиялық саулығы, эмоциялық тұрақтылығы мен адамгершілік тәрбиесі қазірдің өзінде ұлттық қауіпсіздік пен елдің тұрақты дамуының маңызды факторларына айналды», – деді Тоқаев.

Ол дамыған елдердің көбі мұндай қадамға барып үлгергенін атап өтті.

«Бізге де балалардың психологиясына төнетін қауіптердің салдарымен күресуден гөрі, оның алдын алуға көшетін кез келді деп санаймын. Әйтпесе, бұл қоғамдағы тұрақтылыққа кері әсер етуі мүмкін», – деп баса айтты Мемлекет басшысы.

Оның сөзінше, Үкімет балаларды қорғау үшін контентті сүзгілеу шараларын қолға алуы тиіс.

«Тек ата-ананың жауапкершілігіне арқа сүйей алмаймыз, оның белгілі бір объективті себептері де бар. Сондықтан ақпараттық иммунитетті қамтамасыз ете алатын міндетті "балаларға арналған SIM-карталарды" енгізуді ауқымды түрде қолға алуды тапсырамын», – деп қорытындылады Тоқаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда балалардың әлеуметтік желілерге кіруін шектеу мәселесі қаралып жатқаны хабарланған еді. Жаңа түзетулер онлайн-платформалар мен масс-медиа қызметін реттеп, 16 жасқа толмаған азаматтардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салуды көздейді.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 30 қыркүйек 2026, 03:12

Ұқсас мақалалар

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Миллиардтарды жұтқан жасанды интеллект: Табысының ширегін небәрі екі-ақ клиенттен тауып отырған Anthropic неге OpenAI-дың басты жауына айналды?

|Жалпы
23:58. Астана көрмей қалған екі минут

23:58. Астана көрмей қалған екі минут

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

|Жалпы
Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

|Жалпы
Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

|Жалпы
Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қытайлық делегация мен танымал профессорлар не үшін келді? Қазақстандағы жаңа медицина мектебінің ашылуынан шолу мен ерекше мәліметтер

|Жалпы
 Сергек Шудың бойына жетті

Сергек Шудың бойына жетті

«Заң және тәртіп»: Шудағы жаңа «Сергек» жүйесі кімдерді және қай көшелерде қатаң бақылайды? (Толық тізім)

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz