2027 жылдан бастап банктер кімге ақша бермейді?

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа, қатаң ереже күшіне енеді.

Алаш баласы||2 мин оқу
2027 жылдан бастап банктер кімге ақша бермейді?

Той жасауға кредит, сол несиені жабуға тағы бір кредит, ал арасында жаңа шыққан смартфонды «рассрочкаға» ала салатын қазақстандықтардың шексіз тәбетіне Ұлттық банк ақыры «стоп-кран» басатын болды. Халықтың мойнындағы қарыздың қамыты тым ауырлап кеткенін жоғарыдағылар жаңа байқағандай, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа, қатаң ереже күшіне енбек. Бұдан былай банктер алдыңыздан қызыл кілем төсеп, сұраған сомаңызды қолыңызға ұлы жымиыспен ұстата салмайды. Олар сіздің мойныңыздағы жалпы қарызыңызды тура 8 жылдық табысыңызбен салыстырып, есепшотқа үңілетін болады. Мәселен, сіздің айлығыңыз 500 мың теңге делік. Бір жылда бұл 6 миллион теңге болса, сегіз жылдық маңдай теріңіздің құны – 48 миллион теңге. Енді елестетіп көріңіз: қаланың шетінен алған қарапайым ипотекаңыз, астыңыздағы су жаңа кроссовердің автокредиті мен үйдегі теледидардың қарызын қосқанда осы 48 миллионнан асып кетсе – бітті. Қанша жерден кеуде ұрсаңыз да, бірде-бір қаржы ұйымы сізге көк тиын да бермейді. Ресми тілде «қарыздың табысқа қатынасы коэффициенті» деп аталғанымен, қарапайым халықтың тілінде бұл «шамаңа қарап шоқпар ұста» заңы. Ұлттық банк ертеңгі күні экономика сәл теңселсе, халық жаппай банкрот болып, елде жылағандардың хоры басталмасы үшін осындай «ең соңғы шекті» бекітіп жатыр. Әзірге бұл талап тек тексеріс режимінде өтіп, банктер қай нарықтың (ипотека ма, әлде автокредит пе) қаттырақ «қызып» жатқанын сырттай бақылап қана отыр. Бірақ 2027 жыл алыс емес. Сондықтан жаңа ереже жағадан алмай тұрғанда, қазіргі қарыздарды реттеп, қамытты сәл де болса босатып алған абзал. Әйтпесе, нағыз басқа іс түсіп, шұғыл ақша керек болған күні банктер сізге тек жабық есігін ғана көрсететін болады.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 5 қазан 2026, 13:08

Ұқсас мақалалар

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Миллиардтарды жұтқан жасанды интеллект: Табысының ширегін небәрі екі-ақ клиенттен тауып отырған Anthropic неге OpenAI-дың басты жауына айналды?

|Жалпы
23:58. Астана көрмей қалған екі минут

23:58. Астана көрмей қалған екі минут

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

|Жалпы
Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

|Жалпы
Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

|Жалпы
Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қытайлық делегация мен танымал профессорлар не үшін келді? Қазақстандағы жаңа медицина мектебінің ашылуынан шолу мен ерекше мәліметтер

|Жалпы
 Сергек Шудың бойына жетті

Сергек Шудың бойына жетті

«Заң және тәртіп»: Шудағы жаңа «Сергек» жүйесі кімдерді және қай көшелерде қатаң бақылайды? (Толық тізім)

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz