Жұмыста AI қолданудың 4 басты қағидасы: Sergek мамандарының тәжірибесі

«Бір күнде меңгеру мүмкін емес»: Sergek сарапшысы AI-ды қалай дұрыс қолдану керегін айтты

Алаш баласы||2 мин оқу
Жұмыста AI қолданудың 4 басты қағидасы: Sergek мамандарының тәжірибесі

Астанада Sergek Group мамандары мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен воркшоп өткізді. Кездесуде жасанды интеллектіні жұмысқа енгізу тәжірибесі мен оны күнделікті қызметте тиімді пайдалану жолдары талқыланды - дейді Sergek Group коммуникациялар департаментінің хабарлауынша.

Sergek Group командасы қызметкерлерді AI құралдарымен жұмыс істеуге қалай дайындайтынын айтып, бұл бағытты енді бастап жатқан ұйымдарға өз тәжірибесін ұсынды. Қатысушыларға күнделікті жұмысты автоматтандыру, өнім әзірлеуді жеделдету, ішкі деректермен жұмыс істеу және жобаларды басқаруда жасанды интеллектіні қолдану тәсілдері таныстырылды. Сондай-ақ корпоративтік ортада AI-ды қауіпсіз пайдалану және жергілікті модельдермен жұмыс істеу мәселелері сөз болды.

Sergek Group компаниясының AI Chief Officer-ы Константин Коломейцевтің айтуынша, кездесудің негізгі мақсаты белгілі бір сервистерді таныстыру емес, жасанды интеллектімен жұмыс істеу тәсілін көрсету болды.

«Жасанды интеллектіні бір күнде меңгеру мүмкін емес. Бұл тұрақты тәжірибе арқылы қалыптасатын дағды. Біз әріптестерімізге өзіміз қолданып жүрген құралдарды көрсетіп қана қоймай, қызметкерлерді қалай оқытатынымызды, деректермен қауіпсіз жұмыс істеу жолдарын және AI-ды жұмыс үдерістеріне кезең-кезеңімен енгізу тәжірибемізді бөлістік», – деді ол.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Ашық деректер және интеграциялық сервистер департаментінің директоры Нұргүл Ысқақова мұндай кездесулердің тәжірибе алмасу үшін маңызды екенін атап өтті.

«Жасанды интеллект бүгінде мемлекеттік секторда да, бизнесте де тиімділікті арттыратын маңызды құралға айналып келеді. Осындай кездесулер нақты тәжірибемен бөлісуге, іске асқан жобаларды талқылауға және жаңа технологиялардың мүмкіндігін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді», – деді ол.

Sergek Group бұған дейін де осы бағытта бірнеше оқыту іс-шарасын өткізген. Компания қызметкерлері мен жеке IT-компаниялардың мамандарына арналған воркшоптар ұйымдастырып келеді. Сондай-ақ техникалық білімі жоқ мамандарға арналған алғашқы ішкі AI-хакатонды өткізді. Оған қатысушылар хакатон басталар алдында заманауи AI құралдарын қолдану бойынша арнайы дайындықтан өтті. 


Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Тегтер
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 5 қазан 2026, 08:56

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz