Жол құрылысындағы жемқорлық: «ҚазАвтоЖол» лауазымды тұлғалардың былығын әшкереледі

Мемлекеттік қызметкерге теңестірілген техқадағалау мамандары жемқорлықпен ұсталды

Алаш баласы||1 мин оқу
Жол құрылысындағы жемқорлық: «ҚазАвтоЖол» лауазымды тұлғалардың былығын әшкереледі
Сурет: ЖИ

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жол құрылысы нысандарында бірнеше жемқорлық дерегін анықтағанын мәлімдеді. Екі бөлек іс бойынша жинақталған материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.

Компания мәліметінше, олардың өз бастамасымен берген хабарламасы негізінде 2026 жылғы 8 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті арнайы операция жүргізген. Нәтижесінде мердігер ұйымның техникалық қадағалау жөніндегі бас инженері пара алып жатқан жерінде ұсталды. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, ол орындалған жұмыстардың аралық актісіне қол қойғаны үшін жалпы соманың 1 пайызы көлемінде «ауызбастырық» талап еткен.

Бұдан бөлек, «ҚазАвтоЖол» жүргізген қызметтік тексеру мен аудиторлық қорытындылар Көкшетау көлік прокуратурасына өткізілді. Осы құжаттар негізінде «ҚАЖсервис» ЖШС Ақмола облыстық филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 250-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала есеп бойынша, мемлекетке келтірілген шығын көлемі 24 миллион теңгеден асады.

Ұлттық компания бұл заңбұзушылықтар ішкі бақылау, аудит және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің қатаң жұмыс істеуінің арқасында әшкереленгенін атап өтті. «ҚазАвтоЖол» қылмыстық жазаның бұлтартпастығы қағидатын ұстана отырып, құқық қорғау және қадағалау органдарымен тығыз қарым-қатынасын жалғастыра бермек.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың шілдесінен бастап техникалық және авторлық қадағалау мамандары мемлекеттік функцияларды атқаратын тұлғаларға теңестірілген. Демек, олар да жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін заң алдында қатаң жауап береді.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 29 қыркүйек 2026, 23:18

Ұқсас мақалалар

Алматы облысында 800-ден астам көлік заңсыз тіркелген: 17 адам сотталды

Алматы облысында 800-ден астам көлік заңсыз тіркелген: 17 адам сотталды

Алматы облысында автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесіне сот үкімі шықты. Олар қылмысқа қатысу деңгейіне қарай 2 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

|Қоғам
Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Сессия 28 тамызда Астанада өтеді.

|Қоғам
Қоршауларға есірткі сайттарының жарнамасын жазған тұрғын 3,5 жылға сотталды

Қоршауларға есірткі сайттарының жарнамасын жазған тұрғын 3,5 жылға сотталды

Жетісу облысының тұрғыны есірткі таратуға қатысты тыйым салынған интернет-ресурстардың сілтемелерін граффити түрінде жазғаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

|Қоғам
Отбасы банкінің жаңа ережелері салымшыларға қаншалықты тиімді

Отбасы банкінің жаңа ережелері салымшыларға қаншалықты тиімді

2026 жылдан бастап Отбасы банкінің салымшылары мен баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін тұрғын үй алудың жаңа ережелері күшіне енеді. Бұл өзгерістер мемлекеттік сыйлықақыны тағайындау тәртібін өңдеп қана қоймай, пәтерлерді кезектегі отбасыларға шаршы метріне емес, бөлме санына қарай үлестіруді көздейді.

|Қоғам
Ескі көлігін тапсырған азаматқа жаңа көлік алуға жеңілдік берілуі мүмкін: экология минмистрілігі мәлімдеме жасады

Ескі көлігін тапсырған азаматқа жаңа көлік алуға жеңілдік берілуі мүмкін: экология минмистрілігі мәлімдеме жасады

Қазақстанда ескі автокөліктерді кәдеге жарату бағдарламасын қайта жандандыру мәселесі қарастырылып жатыр. Жоба іске қосылса, жарамдылық мерзімі өтіп, қолданыстан шыққан көлігін арнайы қабылдау орындарына тапсырған азаматтарға Қазақстанда өндірілген жаңа автокөлік сатып алуға жеңілдік беретін сертификат ұсынылады.

|Қоғам
Қазақстан атышулы «Дайвинчикке» тиым салды

Қазақстан атышулы «Дайвинчикке» тиым салды

Жалған махаббат пен жымысқы тор. Алматы соты миллиондаған жастар қолданатын сервисті не үшін жауып тастады?

|Қоғам
LiveInternetZERO.kz