Жасанды жанар: Еуропада мақұлданған микрочип соқырлықты қалай жеңді?

Ғылыми фантастика киноларындағы көріністер шындыққа айналған сәт: Көздің сау жасушаларына еш зиянын тигізбейтін, сырттан тоққа қосып қуаттауды мүлдем қажет етпейтін және қоршаған ортадағы бейнені микрочипке кедергісіз тасымалдайтын инновациялық құрылғы тіпті медициналық үкімі шығып қойған жандардың өзіне жарық дүниенің сұлулығын қайта көруге, ұсақ бөлшектерді ажыратуға және толыққанды өмір сүруге жол ашты

Алаш баласы||2 мин оқу
Жасанды жанар: Еуропада мақұлданған микрочип соқырлықты қалай жеңді?
Сурет: ok.ru

Жанарынан айырылып, әлемнің жарығын көруден үмітін үзген жандар үшін бұл тарихи жаңалық болмақ. Еуроодақ пен Ұлыбританияда зақымдалған көз торын алмастыратын инновациялық электронды имплантты қолдануға ресми рұқсат берілді. «Science Corp» компаниясы ойлап тапқан PRIMA деп аталатын бұл бірегей құрылғы «ақылды» көзілдірікпен байланыса отырып, тіпті қайтымсыз соқырлыққа шалдыққан адамдардың жанарын қайтарады. Қазірдің өзінде ол әлемнің отыз елінде сатылымға шығып үлгерді.

PRIMA импланты макулярлы дегенерацияның ең ауыр әрі қайтымсыз түрі саналатын географиялық атрофиядан зардап шегетін науқастардың орталық көру қабілетін қалпына келтіреді. Бұл дертке шалдыққан әлемдегі сегіз миллионға жуық адам көз алдындағыны көру, ұсақ бөлшектерді ажырату және кітап оқу мүмкіндігінен айырылған. Себебі, көздің макула аймағындағы жасушалар біртіндеп өліп, қайта тірілмейді. Қазіргі медицинада бұл дертті толық емдейтін тәсіл жоқ. Филадельфиядағы клиника профессоры Сунир Гаргтың айтуынша, АҚШ-та мақұлданған кейбір дәрілік инъекциялар аурудың асқынуын тежегенімен, жоғалған көру қабілетін қайтарып бере алмайды. Ал жаңа имплант дәл осы олқылықтың орнын толтырмақ.

Бұл технологияның жұмыс істеу механизмі ғылыми фантастиканы еске салады. Түйреуіштің басындай ғана кіп-кішкентай имплант көз торының астына орнатылады, ал науқас камерасы бар арнайы көзілдірік тағады. Камера айналадағы көріністі түсіріп, өңдейді де, оны көз ішіндегі микрочипке инфрақызыл сәуле арқылы жібереді. Бұл сәулелер көзге көрінбейтіндіктен, адамның сақталып қалған табиғи жанарына еш зиянын тигізбейді.

Құрылғының басты ерекшелігі – оған батареяның қажеті жоқ. Микрочиптер инфрақызыл жарықты электр импульстеріне айналдырып, көз торының сау қалған нейрондарын тікелей ынталандырады. Яғни, имплант көздің өліп қалған жасушаларын айналып өтіп, миға тікелей сигнал береді. «Science Corp» компаниясының стратегиялық мәселелер жөніндегі директоры Дариус Шахиданың айтуынша, көзілдірік күн батареясы секілді жарықтан тікелей электр қуатын өндіреді. Сондықтан науқастарға құрылғыны тоққа қосып қуаттаудың немесе өзімен бірге сыртқы қуат көзін алып жүрудің еш қажеті жоқ.

Жаңа құрылғының нәтижесі де таңғаларлық. Былтыр күзде жарияланған зерттеу қорытындысы бойынша, PRIMA имплантын қолданған пациенттердің сексен пайызында орталық көру қабілеті қайта оянып, жанары айтарлықтай жақсарған.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 6 қыркүйек 2026, 21:28

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz