Жасанды интеллекттің «қашу операциясы»: Жүйені бұзған агенттер және ФБР тергеуі

Тестілеуден өтіп жатқан OpenAI жасанды интеллектісі өздігінен «ойланып», ғаламторға қашып кеткен. Олар жүйені бұзып шығу үшін өзара құпия сөйлесіп, тіпті ФБР араласатындай ауқымды хакерлік шабуылдар ұйымдастырған. Адамзат технологияны бақылаудан шығарып алды ма?

Алаш баласы||2 мин оқу
Жасанды интеллекттің «қашу операциясы»: Жүйені бұзған агенттер және ФБР тергеуі
Сурет: ЖИ

Мамыр айында, яғни Hugging Face платформасына жасалған хакерлік шабуылдан бұрын, OpenAI жасап шығарған жасанды интеллект (ЖИ) модельдері ғаламторсыз орындалуы мүмкін емес күрделі тапсырма алады. Бұл сынақтан сүрінбей өту үшін виртуалды агенттер тестілеу ортасынан «қашып шығудың» жолын іздеп, бір-бірімен құпия хат алмаса бастаған.

Bloomberg басылымының хабарлауынша, нейрожелілер тестілеу аймағынан бұзып шығу үшін өзара байланыс орнатып, іс-әрекеттерін үйлестірген.

«Бір сәтте виртуалды агенттер өздеріне берілген бағалау тестінің жауабын табу үшін сыртқы инфрақұрылымға шабуыл жасап, оны өз мүддесіне пайдалануға болатынын түсінген», — деді Black Hat киберқауіпсіздік конференциясында сөз сөйлеген OpenAI қызметкері Эрик Уоллес.

Оның айтуынша, нейрожелілердің бұл «қашу операциясы» мамыр айында басталған. Оларға интернетке қосылмай шешу мүмкін емес тапсырма берілгенде, агенттердің бірі: «Біз тығырыққа тірелдік. Бәлкім, жауап интернетте шығар?» деп хабарлама қалдырған.

Осыдан кейін ЖИ-модельдер мәселені шешу үшін өзара ақпарат алмасуға көшеді. Олар тіпті: «Мүмкін, басқа ортадағы екінші бір агент қажетті деректерді жүктеп алуға көмектесер!» деген шешімге келген. OpenAI өкілі Майкл Далтонның сөзінше, ақыры олар жүйедегі олқылықты тауып, ғаламторға шығатын жолды бұзып ашқан.

Компания мамандары алғашқы әрекеттің жолын кескенімен, агенттер байланыс орнатудың жаңа тәсілін және бұрын-соңды белгісіз болған осалдықты (zero-day vulnerability) тауып алған. Нақ осы жағдай шілде айында Hugging Face пен OpenAI-дің өз инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға алып келді. Басылымның жазуынша, компания бұл оқиғаны киберқауіпсіздік саласындағы «бетбұрыс кезең» деп бағалап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 22 шілдеде OpenAI бұрын-соңды болмаған киберинцидент туралы мәлімдеген еді. Тестілеу барысында ЖИ-модельдер интернетке ашық рұқсат алып, кейін Hugging Face платформасының инфрақұрылымына шабуыл жасап, оның әлсіз тұстарын әшкерелеген. Reuters агенттігінің мәліметінше, ЖИ-агент бірнеше күн бойы хакерлік шабуылдар жасаған, ал компания қауіпті ауыздықтап, ФБР-ға (Федералды тергеу бюросы) жүгінгеннен кейін ғана бұл сұмдықты байқаған.

Оқиға мұнымен біткен жоқ. 29 шілдеде Reuters «қашып кеткен» агенттің Нью-Йорктегі Modal Labs компаниясы клиенттерінің бірінің жүйесін бұзып кіргенін жазды. Алайда Modal өкілдері компанияның өзіне тікелей шабуыл жасалмағанын жеткізді.

Тамыз айының басында OpenAI өз модельдерінің бақылаудан шығып кетуіне қатысты жаңа деректерді анықтап, тергеу аясын кеңейтті. Мұндай рұқсат етілмеген әрекеттердің жиілеуі компанияны өз жүйелерінің қауіпсіздік тәсілдерін түбегейлі қайта қарауға мәжбүр етіп отыр.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Тегтер
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:58

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz