Жасанды интеллект «шаршады» ма?

ChatGPT қатарынан 8 күн бойы істен шығып, әлем бойынша 70 мыңнан астам адам дүрбелеңге түсті

Алаш баласы||2 мин оқу
Жасанды интеллект «шаршады» ма?
Сурет: chataibot.ru

Әлемдегі ең танымал нейрожелінің бірі – ChatGPT - де бұрын-соңды болмаған ауқымды іркіліс тіркелді. OpenAI компаниясының басты өнімі қатарынан сегізінші күн бойы тұрақсыз жұмыс істеп, құрылғы серверлерінің «құлауы» жүз мыңдаған пайдаланушының жұмысын тоқтатып тастады.

Detector404 және Downdetector сияқты ірі мониторинг сервистерінің мәліметінше, жасанды интеллекттің істен шыққанын әлем бойынша 70 мыңнан астам адам ресми түрде хабарлаған. Ақаулардың басым бөлігі АҚШ, Германия және Ресей аумағындағы пайдаланушылар арасында байқалды.

Алғашқы дабыл таңғы уақытта қағылды. Бастапқыда небәрі 20 адам жүйеге кіре алмай жатқанын айтса, арада небәрі 40 минут өткенде шағымданушылар саны күрт өсіп, шарықтау шегіне жеткен. Оқырман назарын аударарлық жайт – OpenAI компаниясы бұл олқылықты жасырмай, өз сайтында чат-бот жұмысында «проблемалар» бар екенін ресми түрде растады және оларды жою жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.

Сарапшылардың айтуынша, жүйедегі келеңсіздіктер тек бүгін ғана емес, қатарынан сегіз күн бойы жалғасып келеді. Әсіресе 15, 18 және 19 шілде күндері тіркелген іркілістер өте ауқымды болды:

15 шілде: Қолданушылар жүйедегі жалпы қателіктерге шағымданды. Тіпті көпшілік сүйіп қолданатын дауыстық режим (Voice Mode) мүлдем «сынып», істемей қалған.

18 шілде: Корпоративтік клиенттер Codex жүйесінің рұқсатынсыз ChatGPT қызметін толыққанды пайдалана алмады. Өз кезегінде, сол күні бағдарламашыларға арналған Codex жүйесінің өзінде де ауыр ақаулар тіркелді.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас технологиялық коллапс биыл көктемде, яғни сәуір айында да орын алған еді. Ол кезде нарықтағы ең мықты саналатын үш алып чат-бот – ChatGPT, Gemini және Claude бір уақытта істен шығып, бүкіл әлемдік IT-қоғамдастықты дүр сілкіндірген болатын. Жасанды интеллекттің бұлай жиі «сыр беруі» технологиялық алпауыттардың ресурстары шексіз еместігін және жүйенің аса үлкен жүктемелерге төтеп бере алмай жатқанын көрсетіп отыр.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:38

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz