Жарты минут үшін 2,5 млн доллар: MrBeast-тің құпия жабық прайсы желіге тарап кетті

Бұрынғы бизнес-серіктесімен соттасып жатқан әлемдегі ең танымал ютубердің жабық сот құжаттары интернетке тарап кеткен сәтте, оның жарнамалық империясының шын бет-бейнесі ашылды: Небәрі 30 секундтық ролик үшін брендтерден 2,5 миллион доллар сұрап, Walmart пен Slack секілді әлемдік алпауыттарға 15 миллион долларға дейін жететін шарттар қоятын және ірі телеарналардың өзін шаң қаптырып, бір жылдың ішінде 91 миллион долларлық жарнама келісімшартын оңай жасап тастаған MrBeast-тің ақылға сыймайтын құпия прайс-парағы мен табыс көзі барша жұртты таңғалдырып жатыр. Жалғасы төменде...

Алаш баласы||1 мин оқу
Жарты минут үшін 2,5 млн доллар: MrBeast-тің құпия жабық прайсы желіге тарап кетті
Сурет: t-j.ru

Әлемдегі ең танымал ютубер MrBeast (шын аты-жөні – Джимми Дональдсон) өз империясын кеңейтіп, Amazon Prime Video платформасында «Beast Games» шоуының алғашқы маусымын шығаруға дайындалып жатқанда Slack және Walmart сияқты ірі брендтерді қалай өзіне тартқаны белгілі болды. Оның жарнамалық тарифтері мен компанияларға ұсынған коммерциялық ұсыныстары жуықта жарияланған сот құжаттарында көрініс тапты.

Блогердің тамақ өнеркәсібі саласындағы бұрынғы бизнестес серіктесімен соттасу процесі аясында тараған баға прайсына сүйенсек, 2024 жылдың басында MrBeast-тің негізгі арнасындағы 30–45 секундтық жарнамалық ролик 2,5 миллион доллар шамасында бағаланған. Айта кету керек, ол кезде блогердің жазылушылар саны қазіргі көрсеткіштен екі есе аз болатын.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 22 қараша 2026, 11:10

Ұқсас мақалалар

«Сәлем, Қытай!» жобасы: Елордада Нинбо қаласының мәдениеті мен мұрасы паш етілді

«Сәлем, Қытай!» жобасы: Елордада Нинбо қаласының мәдениеті мен мұрасы паш етілді

Визасыз саяхат және теңіз дәмі: Қазақстандықтар үшін жаңа ашылып жатқан Нинбо курорты туралы не білеміз?

|Әлем
Абу-Даби тұрғыны ұлын тәрбиелеуді неге ChatGPT-ге аманаттап кетті?

Абу-Даби тұрғыны ұлын тәрбиелеуді неге ChatGPT-ге аманаттап кетті?

Абу-Даби тұрғыны қайтыс болған жағдайда опекундарға ChatGPT-ден кеңес алуды міндеттейтін өсиетхана жазды.

|Әлем
ДНҚ-сы түзетілген сақшылар: 1,2 миллиард долларға бағаланған стартап қызметтік иттер тапшылығын қалай шешпек?

ДНҚ-сы түзетілген сақшылар: 1,2 миллиард долларға бағаланған стартап қызметтік иттер тапшылығын қалай шешпек?

АҚШ барлау қызметі мен миллиардерлер құпия түрде «супер-иттер» жасап жатыр: Бомбаны алыстан сезетін, ауырмайтын гендік мутанттар соғыс даласына қашан шығады?

|Әлем
Жасанды интеллектінің тісі батпайтын 1000 есеп: ғалым жаңа жинақ шығарды

Жасанды интеллектінің тісі батпайтын 1000 есеп: ғалым жаңа жинақ шығарды

Бүкіл әлем жасанды интеллектінің мүмкіндігіне таңғалып жатқанда, қытайлық ғалым оны тығырыққа тірейтін 1000 есеп дайындап қойды

|Әлем
Қытайда ЖИ-адамдарға төлқұжат берілді

Қытайда ЖИ-адамдарға төлқұжат берілді

«Еті де, сүйегі де жоқ, бірақ паспорты бар»: Қытайда мыңдаған адамды табындырған елес-қыз кім және билік одан неге қорқады?

|Әлем
Голливудтағы жаңа дәуір: Paramount пен Warner Bros. бірігіп, Skydance империясын құрды

Голливудтағы жаңа дәуір: Paramount пен Warner Bros. бірігіп, Skydance империясын құрды

Netflix артта қалды: Гарри Поттерден бастап CNN жаңалықтарына дейін бір отбасының қолына өтіп, Голливуд тарихындағы ең қымбат келісім қалай жасалды?

|Әлем
LiveInternetZERO.kz