t.me сілтемелері неге ашылмай қалды? Telegram домені DNS жүйесінен өшірілді

t.me сілтемелері енді ашылмайды. Telegram-да не болып жатыр және бұған АҚШ-тың қандай қатысы бар?

Алаш баласы||2 мин оқу
t.me сілтемелері неге ашылмай қалды? Telegram домені DNS жүйесінен өшірілді

Telegram мессенджері t.me доменінің жұмысы шектелгеннен кейін өз қосымшаларында жаппай telegram.me сілтемесіне көшті. WHOIS қызметінің мәліметінше, .me домендер тізілімінің әкімшілігі t.me доменін DNS аймағынан мүлдем өшіріп тастаған. Әзірге оқиғаның нақты себебі жұмбақ күйінде қалып отыр.

WHOIS базасында t.me доменіне қатысты «serverHold» мәртебесі пайда болды. ICANN (интернеттегі домен атаулары мен IP-мекенжайларды үйлестіретін халықаралық ұйым) ережесіне сай, мұндай шектеуді тіркеуші оператор қояды және бұл доменнің DNS жүйесінен аласталғанын білдіреді.

Бір қызығы, шектеуді тіркеуші компания (GoDaddy) емес, тікелей домен аймағының бас операторы – бүкіл .me аймағына жауапты черногориялық doMEn d.o.o. компаниясы енгізген. Ұйым – Identity Digital, GoDaddy және ME-net бірігіп құрған ортақ кәсіпорын.

Енді жазбалар мен хабарламалардың сілтемесін көшіргенде t.me орнына автоматты түрде telegram.me деп шығады. Дегенмен, Telegram қосымшасының өзі ескі t.me форматындағы сілтемелерді бұрынғыша таниды және оны мессенджер ішінде еш кедергісіз аша береді.

Ал браузердегі әдеттегі [suspicious link removed] сілтемелері DNS кэші жаңарған сайын ашылмай қалып жатыр. Бұл username.t.me форматындағы мекенжайларға да қатысты. Алдағы уақытта шақыру сілтемелері, арналарды веб-нұсқада оқу, боттар, авторизация және сілтемелерді алдын ала көру (превью) функциялары да істен шығуы мүмкін.

Айта кетерлігі, Павел Дуровтың X желісіндегі профилінде әлі де t.me сілтемесі тұр, бірақ ол ашылмайды. Бұл жағдайдың ең ықтимал себебі мынада: 2026 жылдың 13 шілдесінде АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) бұғаттауды айналып өтуге арналған провайдер қызметіне тыйым салған болатын. Тыйым салынған сервистердің «қара тізімінде» оның Telegram-арнасы «http://t.me/First*** веб-сайты» деген атпен ілініп кеткен.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 30 қыркүйек 2026, 01:19

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz