Таразда Sergek жүйесі жаяу жүргіншіге жол бермеген жүргізушілерді анықтай бастады 

Тараз қаласы мен Жамбыл облысындағы бірқатар жол учаскелерінде орнатылған Sergek аппараттық-бағдарламалық кешендері жаяу жүргіншіге жол бермеу деректерін автоматты түрде анықтай бастады.

Алаш баласы||2 мин оқу
Таразда Sergek жүйесі жаяу жүргіншіге жол бермеген жүргізушілерді анықтай бастады 

Бұған дейін жүйе көлік жылдамдығын асыру, бағдаршамның тыйым салған сигналына өту, тұтас сызықты және тоқтау сызығын кесіп өту сияқты жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтап келген. Енді Sergek жүйесі жаяу жүргіншілер өткеліндегі қозғалысты да бақылайды. Бұл учаскелерде жаяу жүргіншілерді қағып кету қаупі жоғары болғандықтан, жаңа функция ең алдымен осындай жол бөліктерінде іске қосылды. 

«Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Жаяу жүргіншілер өткеліндегі жол-көлік оқиғалары әлі де өзекті мәселе болып отыр. Автоматты тіркеу жүргізушілердің жауапкершілігін арттырып, жолдағы тәртіпті күшейтуге ықпал етеді. “Заң мен тәртіп” қағидаты жолдағы қауіпсіздік пен әрбір жаяу жүргіншіге құрметтен басталады. Біздің мақсат – айыппұл салу емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау», – деп атап өтті Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Жаңа функция алғашқы кезеңде қала мен облыстағы 16 жол учаскесінде жұмыс істейді. Бұл учаскелер көлік қозғалысы қарқынды және білім беру ұйымдары орналасқан аумақтарды ескере отырып таңдалған.

Жүйе компьютерлік көру технологиясы арқылы көлік пен жаяу жүргіншінің қозғалысын нақты уақыт режимінде талдайды. Алгоритм жүргізушінің әрекеті жаяу жүргіншінің өткелден өтуіне кедергі келтірген жағдайда, құқық бұзушылықты автоматты түрде анықтайды.

«Жаяу жүргіншіге жол бермеуді автоматты түрде анықтау – цифрлық технологиялардың адам қауіпсіздігіне нақты пайда әкелетінін көрсететін шешімдердің бірі. Жаяу жүргінші – жол қозғалысындағы ең осал қатысушы. Сондықтан бұл функция жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі қауіпті жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Sergek жүйесі құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтап, жолдағы жағдайды тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді», – деді Sergek Group компаниясының бас директоры Евгений Ким.

Айта кетейік, қазір Жамбыл облысындағы Sergek инфрақұрылымына қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін 2050 бейнебақылау камерасы және жол қозғалысын бақылайтын 144 аппараттық-бағдарламалық кешен кіреді. 

Жүйе іске қосылған учаскелер:

  1. Асқаров көшесі, №61 мектеп маңы;

  2. Жауғаш батыр көшесі, №14 мектептің қарсы беті;

  3. Төле би даңғылы, №1 колледж маңы;

  4. Көшеней көшесі, 140 (жанармай құю станциясының қарсы беті);

  5. Сүлейменов көшесі – Ұлбике ақын көшесінің қиылысы («Сельпо» ауданы);

  6. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы, 348-шақырым (Алматы бағыты);

  7. Ташкент көшесі, №300 үй маңы;

  8. Қосанов көшесі, Әулие-Ата шағынауданы;

  9. Аққозиев көшесі, 73 (Хамракул мешіті маңы);

  10. Сәтбаев көшесі, 15А («Гидро» аялдамасы);

  11. Әуежай аумағы (кіреберіс);

  12. Әуежай аумағы (шығаберіс);

  13. Көшеней көшесі, 65 («Корзинка» дүкенінің қарсы беті);

  14. «Алматы – Ташкент» автожолы, 252-шақырым, Қордай ауданы (Сарыбұлақ ауылы);

  15. «Мерке – Шу – Бурылбайтал» автожолы, 124-шақырым;

  16. Шу қаласы, Сәтбаев көшесі, 34.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 14:27

Ұқсас мақалалар

AI & Digital Bridge 2026 қорытындысы: Алатау қаласының жаңа статусы, студенттерге арналған мүмкіндік пен жаһандық серіктестік

AI & Digital Bridge 2026 қорытындысы: Алатау қаласының жаңа статусы, студенттерге арналған мүмкіндік пен жаһандық серіктестік

Жасанды интеллекттен ислам қаржысына дейін: Халықаралық инвесторлар мен алпауыт компаниялар Қазақстанда қандай жобаларды қолға алмақ?

|Технология
Astana Hub пен MOST Holding Орталық Еуразияның инвестициялық экожүйесін дамыту туралы меморандумға қол қойды

Astana Hub пен MOST Holding Орталық Еуразияның инвестициялық экожүйесін дамыту туралы меморандумға қол қойды

AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумында Astana Hub пен MOST Holding халықаралық Central Eurasian Capital Bridge бағдарламасын бірлесе жүзеге асыру және дамыту туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

|Технология
Астанада жасанды интеллект дәуіріндегі телекоммуникациялық инфрақұрылымның болашағы талқыланды  

Астанада жасанды интеллект дәуіріндегі телекоммуникациялық инфрақұрылымның болашағы талқыланды  

AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті ұйымдастырған «ЖИ дәуіріндегі телекоммуникациялық инфрақұрылым» атты панельдік сессия өтті.

|Технология
Ең ірі AI-хакатон HackAlem AI әлемдік рекорд орнатты: Қазақстанға GUINNESS WORLD RECORDS сертификаты табысталды

Ең ірі AI-хакатон HackAlem AI әлемдік рекорд орнатты: Қазақстанға GUINNESS WORLD RECORDS сертификаты табысталды

Сертификатты табыстау рәсімі AI-экономиканы дамытуға қажетті инфрақұрылым, инвестициялар, адами капитал және халықаралық әріптестік мәселелеріне арналған The New Economy: Powered by AI панельдік сессиясында өтті.

|Технология
NVIDIA-ның алғашқы кеңесшісі миллиард долларлық акциясын неге даулай алмады?

NVIDIA-ның алғашқы кеңесшісі миллиард долларлық акциясын неге даулай алмады?

NVIDIA-ның бұрынғы кеңесшісі шатырындағы ескі құжаттардың арасында 1 миллиард долларлық акциясы жатқанын кездейсоқ біліп қояды. Тапқанынан жоғалтқаны көп бұл оқиға технология алыптарының ішкі құпияларын ашады. 4,5 миллион акцияны сот арқылы неге қайтарып ала алмады?

|Технология
Ескі шинадан бензин: миллиондаған теңге табатын бизнес пе, әлде әдемі алдау ма?

Ескі шинадан бензин: миллиондаған теңге табатын бизнес пе, әлде әдемі алдау ма?

Әлеуметтік желіде бір ролик жүр: тозған покрышканы темір құбырға тығып қыздырасыз да, шүмектен бензин ағады. Астында — «зауыт салсаң, ақшаны күреп аласың» деген уәде. Мұндай видеоның астында әрдайым бір сұрақ тұрады: рас па?

|Технология
LiveInternetZERO.kz