Су астындағы 25 метрді тесіп өтетін 90 000 люмендік прожектор

Словениялық инженер жасап шығарған 90 000 люмендік суасты прожекторы түнгі теңіздің түбін күндізгі көріністен де анық етіп, қарапайым сапбордпен сырғанауды нағыз фантастикалық фильмдердегідей саяз көлшіктің үстімен ауада қалықтау сезіміне айналдырды.

Алаш баласы||2 мин оқу
Су астындағы 25 метрді тесіп өтетін 90 000 люмендік прожектор

Күндізгі теңізді бәріміз көрдік. Ал түнде ше? Түнде қап-қараңғы суға түсуге көбіміз жүрексинеміз. Словениялық инженер Юре Корбер бұл үрейді нағыз ғажайыпқа айналдырды. Ол кәдімгі сапбордқа (суда тұрып есетін тақтай) тіркейтін сұмдық қуатты шам ойлап тапты. Бұл тақтайдың шетіне іле салатын жай ғана жарқылдауық емес, су астын 25 метрге дейін қақырата нұрландыратын нағыз бақылау платформасы!

Көз алдыңызға елестетіңізші: қап-қараңғы түн. Сіз тақтаймен су бетінде үнсіз сырғып келесіз. Ал астыңызда — 90 000 люмен жарықпен жарқыраған тұп-тұнық теңіз түбі. Күндіз күн сәулесі су бетінен шағылысып, теңіз түбін дұрыс көрсетпейтіні белгілі. Ал түнде бұл шамның көмегімен су астындағы әрбір тас, шөп пен балық алақандағыдай анық көрінеді. Тереңдігі 5 метрлік жердің өзінде тақтаймен суда емес, ауада, саяз көлшіктің үстімен ұшып бара жатқандай әсер аласыз.

Бұл жүйе толығымен смартфон арқылы басқарылады. Арнайы қосымшаның көмегімен 36 жарықдиодты шамды қалағаныңызша реттеп, жарықты жалпы, алдыңғы немесе төменгі деп бөліп, 0-ден 100 пайызға дейін ойнатуға болады. Қуаты да жаман емес — толық жаққанның өзінде 3 жарым сағатқа (210 минут) шыдайды.

Аппараттың жалпы салмағы 13 келідей болғанымен (оның 10 келісі су өткізбейтін аккумулятор), ол судың кедергісін тудырмайтындай етіп тақтайдың астына мықтап бекітіледі. Ал алюминий корпусы жай ғана қапшық емес, шамды қызып кетуден сақтайтын радиатордың да рөлін атқарады.

Қазір инженер осы конструкцияға GoPro камерасын тіркеуді жоспарлап отыр. Егер бұл іске асса, ғаламторды жаратын дайын контент, сұмдық жоба шығарайын деп тұр! Сынақтан сәтті өткен бұл құрылғының енді сәл әлсіздеу, бірақ бағасы көпшілікке қолжетімді нұсқалары шектеулі тиражбен сатылымға шықпақ.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 29 қыркүйек 2026, 23:20

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz