Роботтар сенімді ақтамады: «Ford» неге бұрынғы қызметкерлерін жұмысқа қайта шақырды?

«Біз қатты қателесіппіз...» – «Ford» басшылығы миллиондаған доллар шығын әкелген сұмдық құпияны ашты!

Алаш баласы||3 мин оқу
Роботтар сенімді ақтамады: «Ford» неге бұрынғы қызметкерлерін жұмысқа қайта шақырды?
Сурет: ЖИ

JD Power ұсынған жаппай автоөндірушілер арасындағы бастапқы сапа рейтингінде бірінші орынға шыққан «Ford» компаниясы кейінгі жылдары тап болған қиындықтарын ашық айтты. Бұл мәселе, әсіресе, өндіріс пен дизайндағы автоматтанған жүйелерге тым тәуелдіктен туындаған. Сөйтсе, бұл жүйелер болжағандай мінсіз болмай шықты. Салдарынан компанияға роботтар істеген қателерді түзету үшін тәжірибелі мамандарды, тіпті бұрынғы қызметкерлерін де жұмысқа қайта шақыруға тура келген.

Роботтардың қателігі мен тәжірибенің бағаланбауы

«Ford» басшылығының пікірінше, жасанды интеллект (ЖИ) – қуатты құрал болғанымен, оның да осал тұстары жетерлік. Жүйенің тиімдігі оны оқытуға пайдаланылған деректердің сапасына тікелей байланысты. Оған қоса, автоконцерн бірнеше көлік жасау циклінен өткен ардагер инженерлердің жинақтаған іргелі білімі мен тәжірибесін жете бағаламаған. Осы факторлардың жиынтығы көлік сапасының төмендеуіне әкеп соқты.

«Біз жасанды интеллектіні енгізіп, қолда бар дизайн талаптарын сәл өзгертсек болғаны, жоғары сапалы өнім аламыз деп қателесіппіз», – деді «Ford» компаниясының көлік құрылымын жобалау жөніндегі вице-президенті Чарльз Пун.

Пунның айтуынша, ең тәжірибелі мамандардың бірқатары жинақтаған білімін «Ford»-тың автоматтанған жүйелеріне толық енгізіп үлгерместен жұмыстан кетіп қалған. Осы жағдай компанияны келесі қадамдарға баруға мәжбүр етті:

  • Жүйелерді қайта оқыту үшін бұрынғы мамандарды жұмысқа қайтару;

  • Сапаны сақтауға қинала бастаған жас инженерлерге ардагерлерді тәлімгер етіп тағайындау;

  • Жоғалған сараптамалық әлеуетті қалпына келтіру мақсатында 350-ден астам тәжірибелі инженерді жұмысқа алу немесе қызметін өсіру.

Оларға жас буынға бағыт-бағдар берумен қатар, автоматтанған жүйелердің негізі саналатын деректерді жинау мен ЖИ-ді оқыту процесін жақсарту міндеттелді.

Жаңа тәсіл: «Тап та, түзет» қағидасынан бас тарту

Қазіргі таңда «Ford» көліктерді кері қайтарып алу (ақауына байланысты өндірушіге қайтару) көрсеткішінде салада көш бастап тұр. Ал кейінгі бірнеше жылда сапа рейтиңгі айтарлықтай төмендеп кеткен еді. Дағдарыс әсіресе Explorer және Aviator модельдерін шығару кезіндегі кедергі мен пандемия кезіндегі жеткізу тізбегінің үзілуінен айқын байқалды.

«Ford»-тың операциялық директоры Кумар Галхотраның сөзінше, автоөндіруші сапаға қатысты ұстанымының тым бытыраңқы екенін түсінген. Әр түрлі бөлімдер бір-бірінен оқшауланып жұмыс істеген. Сонымен қатар, компания ақау пайда болғаннан кейін оны жылдам тауып, жөндеуге бағытталған «тап та, түзет» (find and fix) философиясына тым арқа сүйеп келген. Бұл тәсіл шұғыл мәселелерді шешкенімен, ақаудың алдын алуға қауқарсыз еді.

«Біз салдарына қарсы күресуден гөрі мәселенің алдын алуға көшіп жатырмыз. Проблемаға сырттай қарап отыра бермей, оны түп-тамырымен шешуге кірісуіміз керек», – деді Галхотра.

Бағдарламалық жасақтама: Смартфон емес, қауіпсіздік кепілі

Трансформация тек көліктің темір-терсегіне ғана қатысты емес. Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ) мен цифрлық топтар енді көлік жасау, өндіріс және логистика бөлімдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.

Пунның айтуынша, бұрын компания қолжетімді жылдам тестілеу циклдерін толық пайдаланбағандықтан, бағдарламалық қатені тым кеш байқайтын. Соған қарамастан, автоөндіруші «тез істеп, кейін түзетеміз» деген қағидамен жұмыс істейтін тұрмыстық электроника компаниялары сияқты жаңартуларды лезде шығара алмайды. Смартфондарға қарағанда, көліктердің қауіпсіздікке қоятын талабы өте жоғары.

Осы мәселені шешу үшін «Ford» 40 маманы бар арнайы бағдарламалық сапаны бақылау тобын құрды. Олардың жалғыз міндеті – қателер жүйеге еніп кетпес бұрын олардың алдын алу.

Жасанды интеллекттен бас тарту жоқ

Осыншама қиындықтарға қарамастан, «Ford» өз процестеріне жасанды интеллектіні енгізуден бас тартпайды. Автоконцерн автоматтанған тестілеу мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтіп, ЖИ негізіндегі 100 000-нан астам жаңа сынақ түрін қосқанын мәлімдеді. Бұл тестілер күрделі әрі сирек кездесетін жағдайларда бағдарламалық жүйелердің төзімділігін тексеруге арналған.

Тестілеу жүйесі толықтай автоматтанғандықтан, бағдарламадағы кез келген өзгерісті өндірістің соңғы кезеңдерінде де жылдам қайта тексеруге болады. Бұл жаңа қателердің пайда болмауына толық кепілдік береді.

«Сынақтар жоғары деңгейде автоматтандырылғандықтан, бағдарламалық жасақтамаға соңғы сәтте өзгеріс енгізілсе де, оны тұтынушыға жетпес бұрын толық тексеру процесінен өткізіп, мінсіз жұмыс істейтініне көз жеткізе аламыз. Біз бағдарламалық қамтамасыз етудің сенімділігін қатаң көрсеткіштері бар жеке бір ғылыми тәртіп деңгейіне көтердік», – деп түйіндеді Пун.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 12 қараша 2026, 13:55

Ұқсас мақалалар

Сайлау алдындағы дипфейк толқыны: TikTok жаңа құрал іске қосты

Сайлау алдындағы дипфейк толқыны: TikTok жаңа құрал іске қосты

Бүгінде экраннан көргеннің бәріне сене беруге болмайды. TikTok саясаткерлер мен мемлекеттік органдарға өз бет-бейнесін рұқсатсыз пайдаланған жасанды интеллект контентін тауып, оған шағым түсіруге мүмкіндік беретін құрал ұсынды.

|Технология
Чатқа көшкен жұрт: ChatGPT іздеу жүйесінде алып Google-ді қалай ығыстырып жатыр?

Чатқа көшкен жұрт: ChatGPT іздеу жүйесінде алып Google-ді қалай ығыстырып жатыр?

Он жыл бойы Бингтің қолынан келмегенді жасанды интеллект санаулы күнде жасады: Енді біз ақпаратты мүлдем басқаша іздейтін боламыз, себебі...

|Технология
Ақшасыз және жұмыссыз дәуір: Илон Маск адамзаттың жаңа болашағын қалай елестетеді?

Ақшасыз және жұмыссыз дәуір: Илон Маск адамзаттың жаңа болашағын қалай елестетеді?

Он миллиард доллары бар адам бір миллиарды бар адамнан он есе көп тамақ іше алмайды: Илон Маск болашақта байлық пен ақшаның мүлде құнсызданатынын және адамзаттың роботтардан жақсы істей алатын бірде-бір кәсібі қалмайтынын болжады.

|Технология
Сіздің интернетіңіз қалай жұмыс істейді?

Сіздің интернетіңіз қалай жұмыс істейді?

Сіз дәл қазір осы мәтінді оқып отырған сәтте, деректеріңіздің бір бөлігі мұхит түбімен, қараңғы әрі суық тереңдікте, жарық жылдамдығымен жүгіріп жатқан болуы мүмкін.

|Технология
Төбелес, кептеліс, іздеудегі көлік: Sergek-тің жаңа жүйесі полицияға ақпаратты санаулы секундта жеткізеді

Төбелес, кептеліс, іздеудегі көлік: Sergek-тің жаңа жүйесі полицияға ақпаратты санаулы секундта жеткізеді

Көліктің нөмірін жасырсаңыз да, бетперде кисеңіз де бәрібір құтылмайсыз! Алматы облысында 9 мыңнан астам камераны бір орталыққа бағындырған «Sergek» жүйесі енді адам ойына келмейтін әдістермен жұмыс істей бастады.

|Технология
Google фейктерді анықтайтын жаңа құралын таныстырды

Google фейктерді анықтайтын жаңа құралын таныстырды

Кессеңіз де, фильтр қоссаңыз да өшпейді: Жасанды интеллект жасаған видеоларды әшкерелейтін көзге көрінбейтін таңба қалай жұмыс істейді?

|Технология
LiveInternetZERO.kz