Отандастар қоры осы уақытқа дейін не тындырды?

Шетелдегі 35 мың қазақтың тағдырын өзгерткен қандай ұйым? «Отандастар қорының» көпшілік біле бермейтін ауқымды жұмыстары жарияланды!

Алаш баласы||2 мин оқу
Отандастар қоры осы уақытқа дейін не тындырды?
Сурет: Отандастар қоры

Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңес шетелдегі қандастарымыз бен отандастарымызға қандай жағдай жасалып жатқанын талқылады. Басты назарда – ұлтты ұйыстыруды мақсат еткен «Отандастар қорының» атқарған жұмысы мен алдағы ауқымды жоспарлары.

Қордың вице-президенті Әлібек Жұрқадамның мәліметінше, ұйым әлемнің 30-дан астам еліндегі 160-қа жуық қазақ мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнатқан. Олар тек мәдени шаралармен шектеліп қоймай, қандастардың құқықтық, әлеуметтік мәселелерін шешуге де белсенді атсалысуда.

Қор осы уақытқа дейін не тындырды?

  • «Отандастарды ақпараттық қолдау орталығы» арқылы 35 мыңға жуық адам көші-қон, білім алу, құжат рәсімдеу және азаматтық алу мәселелері бойынша кеңес алған.

  • Қор ұйымдастырған түрлі форумдар, кіші құрылтайлар мен концерттерге шетелде жүрген 40 мыңға жуық қандасымыз қатысқан.

  • Қазақ тілін үйрету мақсатында 2 мыңнан аса онлайн сабақ өтіп, 4 мыңдай адам ана тілін меңгеру курстарын тәмамдады.

  • Соңғы төрт жылда «Жас Қазақ» жазғы этно-лагеріне шетелден 637 қазақ баласы келіп, тарихи Отанымен танысып қайтты.

  • Қазіргі таңда Қазақстанның жоғары оқу орындарында 5 мыңнан астам қандас студент білім алып жатыр.

  • Әлеуметтік желілердегі қор парақшаларының аудиториясы 3 миллион адамға жетті. Ал «Ұлы дала» жобасы аясында шетелдік қазақ қаламгерлерінің 28 кітабы жарық көрді.

Қоғамдық кеңес мүшелері жұмыстарды одан әрі жетілдіру үшін бірнеше тың идея тастады. Олардың қатарында өңірлерде қандастарға арналған қызмет көрсету орталықтарын (фронт-кеңселер) көбейту, бұрынғы танымал «Отандастар» журналын қайта жарыққа шығару бар. Сонымен қатар, шетелде табысты еңбек етіп жүрген қазақ ғалымдарымен тұрақты кездесулер ұйымдастыру қажеттігі айтылды.

Жиынды қорытындылаған профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаров «Отандастар қорының» жұмысына оң баға беріп, бұл игі істерді халыққа, әсіресе медиа мен цифрлық платформалар арқылы кеңінен насихаттау керектігін баса айтты. Барлық құнды ұсыныстар хаттамаға түсіп, алдағы жұмыс жоспарына енгізілді.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 20:01

Ұқсас мақалалар

Алматы облысында 800-ден астам көлік заңсыз тіркелген: 17 адам сотталды

Алматы облысында 800-ден астам көлік заңсыз тіркелген: 17 адам сотталды

Алматы облысында автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесіне сот үкімі шықты. Олар қылмысқа қатысу деңгейіне қарай 2 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

|Қоғам
Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Сессия 28 тамызда Астанада өтеді.

|Қоғам
Қоршауларға есірткі сайттарының жарнамасын жазған тұрғын 3,5 жылға сотталды

Қоршауларға есірткі сайттарының жарнамасын жазған тұрғын 3,5 жылға сотталды

Жетісу облысының тұрғыны есірткі таратуға қатысты тыйым салынған интернет-ресурстардың сілтемелерін граффити түрінде жазғаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

|Қоғам
Отбасы банкінің жаңа ережелері салымшыларға қаншалықты тиімді

Отбасы банкінің жаңа ережелері салымшыларға қаншалықты тиімді

2026 жылдан бастап Отбасы банкінің салымшылары мен баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін тұрғын үй алудың жаңа ережелері күшіне енеді. Бұл өзгерістер мемлекеттік сыйлықақыны тағайындау тәртібін өңдеп қана қоймай, пәтерлерді кезектегі отбасыларға шаршы метріне емес, бөлме санына қарай үлестіруді көздейді.

|Қоғам
Ескі көлігін тапсырған азаматқа жаңа көлік алуға жеңілдік берілуі мүмкін: экология минмистрілігі мәлімдеме жасады

Ескі көлігін тапсырған азаматқа жаңа көлік алуға жеңілдік берілуі мүмкін: экология минмистрілігі мәлімдеме жасады

Қазақстанда ескі автокөліктерді кәдеге жарату бағдарламасын қайта жандандыру мәселесі қарастырылып жатыр. Жоба іске қосылса, жарамдылық мерзімі өтіп, қолданыстан шыққан көлігін арнайы қабылдау орындарына тапсырған азаматтарға Қазақстанда өндірілген жаңа автокөлік сатып алуға жеңілдік беретін сертификат ұсынылады.

|Қоғам
Қазақстан атышулы «Дайвинчикке» тиым салды

Қазақстан атышулы «Дайвинчикке» тиым салды

Жалған махаббат пен жымысқы тор. Алматы соты миллиондаған жастар қолданатын сервисті не үшін жауып тастады?

|Қоғам
LiveInternetZERO.kz