«Киелі Қазақстан»: 12 елден келген отандастар Шымкент пен Түркістанның киелі жерлерін аралады

Олар дөңгелек үстелде пікір алмасып, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тарихи және киелі орындарын аралады.

Алаш баласы||2 мин оқу
«Киелі Қазақстан»: 12 елден келген отандастар Шымкент пен Түркістанның киелі жерлерін аралады

2026 жылғы 13-16 қараша аралығында «Отандастар қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Киелі Қазақстан» жобасын өткізді. Жобаға әлемнің 12 елінен 20 отандас қатысты. Олар дөңгелек үстелде пікір алмасып, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тарихи және киелі орындарын аралады.

Жобаға Германия, Нидерланд, Түркия, Беларусь, Ресей, Қытай, Моңғолия, Корея Республикасы, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстаннан отандастар келді.

14 қарашада Ramada by Wyndham Shymkent қонақүйінде дөңгелек үстел өтті. Жиынды «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Ырысқали Дәуренбек пен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ашты. Олар қатысушыларды тарихи Отанына келуімен құттықтап, шетелдегі қандастармен байланысты нығайтудың маңызына тоқталды.

 Жиында «Отандастар медиа сыйлығы» мен «OQ STARTUP» байқауларының қатысушылары марапатталды. Пікір алмасу бөлігінде әр елден келген қатысушылар Қазақстан мен өздері тұратын елдер арасындағы байланысты арттыру жолдарын талқылап, өз ұсыныстарын айтты. Айтылған ұсыныстар Қоғамның алдағы жұмысында ескеріледі.

Дөңгелек үстелден кейін отандастар Шымкенттегі Сейітжан қари Есжанұлы атындағы орталық мешітке барды. Одан кейін ежелгі Сайрамда Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибраһим ата мен анасы Қарашаш ана кесенелерін, Хызыр пайғамбар мұнарасын зиярат етті. Күн ежелгі қала цитаделінің орнындағы «Шымқала» тарихи-мәдени кешенімен аяқталды.

15 қарашада қатысушылар Отырар ауданына барып, Қожа Ахмет Ясауидің рухани ұстазы Арыстан баб кесенесіне зиярат етті. Сондай-ақ Ұлы Жібек жолының ірі бекеті болған Отырар қаласының орнын көрді.

Түркістанда отандастар «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайын аралады. Олар ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, Рабиға Сұлтан Бегім кесенесін, Хилуат жерасты мешітін, шығыс моншасы мен ежелгі қамал қабырғаларын көрді.

Бағдарлама «Алтын Самұрық» 8D кинотеатрында қазақ мәдениеті туралы фильм көрумен және «Керуен сарай» туристік кешенін аралаумен аяқталды.

«Киелі Қазақстан» жобасы шетелдегі отандастарды тарихи Отанның рухани-мәдени мұрасымен, киелі жерлерімен таныстыруға және олардың Қазақстанмен байланысын нығайтуға бағытталған. Жоба барысында жиналған әсерлер мен материалдар қатысушылар тұратын елдердегі аудиторияға Қазақстанның рухани мұрасын танытуға мүмкіндік береді.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 22 қараша 2026, 16:13

Ұқсас мақалалар

Астанада 500-ден астам қандас студенттің басын қосқан  Жастар форумы өтті

Астанада 500-ден астам қандас студенттің басын қосқан Жастар форумы өтті

«Жастар. Мүмкіндік. Болашақ» деген атаумен ұйымдастырылған шараға Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және басқа да мемлекеттерден келіп, Қазақстанда білім алып жатқан 500-ден аса қандас студент қатысты.

|Қандастар
«Отандастар медиа сыйлығы»: шетелдегі қазақтілді БАҚ-тың үздіктері анықталды

«Отандастар медиа сыйлығы»: шетелдегі қазақтілді БАҚ-тың үздіктері анықталды

«Отандастар қоры» КеАҚ ұйымдастырған «Отандастар медиа сыйлығы» байқауының жеңімпаздары анықталды.

|Қандастар
Мадридтегі қазақ рухы: Димаш жанкүйерлерінің кешінде шетелдегі қазақ балаларының көрмесі өтті

Мадридтегі қазақ рухы: Димаш жанкүйерлерінің кешінде шетелдегі қазақ балаларының көрмесі өтті

Испандықтарды қазақша билеткен кеш: Мадридте Димаштың концерті алдында не болды?

|Қандастар
Ырысқали Дәуренбек «Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті болып тағайындалды

Ырысқали Дәуренбек «Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті болып тағайындалды

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған, 2001 жылы ресми түрде ақталған.

|Қандастар
Қандастардың Қазақстанға оқуға түсуі 95%-ға жетті

Қандастардың Қазақстанға оқуға түсуі 95%-ға жетті

2026-2027 оқу жылында ұлты қазақ шетел азаматтарына арналған 4% квота аясында 2 378 қандас талапкер Қазақстанның жоғары оқу орындарына грантқа түсті. Бұл бөлінген гранттардың 95,2%-ы толықтай игерілді деген сөз

|Қандастар
Қазақтардың шын ата-бабасы кім және Ресей бұдан неге өлідей қорқады?

Қазақтардың шын ата-бабасы кім және Ресей бұдан неге өлідей қорқады?

80 жыл бойы қазақтан жасырылған ұлы шындық ашылды! Қазақстанның өзін ресми түрде Алтын Орданың тікелей мұрагері деп жариялауы Кеңестік жалған тарихтың күл-талқанын шығарып, Мәскеудің зәресін алуда. Белгілі тарихшы Жақсылық Сәбитов «Exclusive» журналына берген сұхбатында ұлттық санадағы бұл батыл қадамның астарында қандай үлкен саясат жатқанын және көршілердің біздің шынайы тамырымызбен қауышқанымыздан неге өлідей қорқатынын ашып айтты.

|Тарих
LiveInternetZERO.kz