Қандастардың Қазақстанға оқуға түсуі 95%-ға жетті

2026-2027 оқу жылында ұлты қазақ шетел азаматтарына арналған 4% квота аясында 2 378 қандас талапкер Қазақстанның жоғары оқу орындарына грантқа түсті. Бұл бөлінген гранттардың 95,2%-ы толықтай игерілді деген сөз

Алаш баласы|2026 ж. 10 тамыз|3 мин оқу
Қандастардың Қазақстанға оқуға түсуі 95%-ға жетті
Сурет: ЖИ

2026-2027 оқу жылында ұлты қазақ шетел азаматтарына арналған 4% мемлекеттік білім беру квотасы бойынша 2 378 қандас талапкер Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына оқуға қабылданды. Биыл аталған квота аясында барлығы 2 497 грант бөлініп, оның игерілу деңгейі 95,2%-ды құрады.

БИЫЛҒЫ ҚАБЫЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2026 жылы 4% квота бойынша бөлінген 2 497 гранттың 2 378-і игерілді. Бұл көрсеткіш квота тарихындағы ең жоғары нәтижелердің бірі болып отыр. Бөлінген орындардың басым бөлігі техникалық, жаратылыстану-математикалық және педагогикалық бағыттарға тиесілі.

Кесте 1. Оқуға түскен қандастардың білім беру бағдарламалары бойынша бөлінуі (2026 ж.)

Шифр Білім беру бағыты Түлек саны

6В01 Педагогикалық ғылымдар 489

6В05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика 367

6В06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 415

6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары 667

6В10 Денсаулық сақтау 108

6В11 Қызмет көрсету 87

6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар 77

6В03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат 60

6В04 Бизнес, басқару және құқық 56

6В08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар 31

6В09 Ветеринария 9

Шетелдік филиалдар (Хериот-Уатт, Аризона университеттері) 12

СОҢҒЫ БЕС ЖЫЛДАҒЫ ДИНАМИКА

Соңғы жылдары 4% квота бойынша грант иеленген қандастар санының тұрақты өсуі байқалады. 2022 жылы игерілу деңгейі 22,40%-ды ғана құраса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 69,35%-ға дейін артты. Грант иеленгендердің абсолютті саны 2021 жылмен салыстырғанда үш есеге жуық өсті.

Кесте 2. Грантқа түскендер саны мен игерілу көрсеткіштерінің динамикасы (2021–2025 жж.)

Жыл 4% квота (грант саны) Грант иеленгендер Игерілу көрсеткіші

2022 2 220 654 29,46%

2023 2 437 801 32,87%

2024 2 671 1 604 60,05%

2025 2 683 2 140 79,76%

2026 2 497 2 378 95,23%

Дереккөз: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Отандастар қоры» КеАҚ.

ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ СЕБЕПТЕРІ

Игерілу көрсеткішінің артуы – соңғы жылдары қабылданған нақты шаралардың нәтижесі. 2023 жылға дейін бөлінген гранттардың игерілу деңгейі 40%-ға да жетпейтін. Оның басты себептері – шетелдегі қандастар тұратын елдерде қазақ тілінде толыққанды орта білім беретін мектептердің тапшылығы, білім беру бағдарламаларының сәйкессіздігі, Қазақстан тарихы пәнінің шетелде оқытылмауы, сондай-ақ Ұлттық бірыңғай тестілеуде (ҰБТ) барлық пәннен шекті балл жинау талабы еді.

«Отандастар қоры» КеАҚ бұл мәселені бірнеше жыл бойы жүйелі түрде көтеріп келді. Отандастар қорының және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жұмыс тобының үйлесімді әрекеті нәтижесінде 2024 жылы маңызды нормативтік өзгеріс қабылданды: қандас талапкерлер үшін әр пән бойынша шекті балл талабы алынып тасталды.

2025 жылдан бастап қандас талапкерлер тек үш пәннен – оқу сауаттылығы және екі бейінді пәннен тест тапсыратын болып белгіленді. Осы жеңілдіктердің нәтижесі бірден байқалды: егер 2023 жылы небәрі 801 қандас грант иегері атанса, 2024 жылы бұл сан екі есеге жуық өсіп, 1 604-ке жетті, ал 2025 жылы 2 138-ге дейін артты. 2026 жылы бөлінген гранттың 95,2%-ы игеріліп, 2 378 қандас грантпен оқуға түсті.

Қабылданған шаралар этникалық қазақтардың тарихи Отанында сапалы жоғары білім алу мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтті. «Отандастар қоры» алдағы уақытта да қандастардың білім алуына жәрдемдесу, олардың бейімделуі мен ел игілігіне қызмет етуі үшін қажетті жағдай жасау бағытындағы жұмысын жалғастырады.

«Отандастар қоры» КеАҚ

Баспасөз қызметі

Байланыс: +7 775 510 5191 (Алжан Шарипов)

Instagram: @otandastar_qory

Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 19.08.2026

Ұқсас мақалалар

Қазақтардың шын ата-бабасы кім және Ресей бұдан неге өлідей қорқады?

Қазақтардың шын ата-бабасы кім және Ресей бұдан неге өлідей қорқады?

80 жыл бойы қазақтан жасырылған ұлы шындық ашылды! Қазақстанның өзін ресми түрде Алтын Орданың тікелей мұрагері деп жариялауы Кеңестік жалған тарихтың күл-талқанын шығарып, Мәскеудің зәресін алуда. Белгілі тарихшы Жақсылық Сәбитов «Exclusive» журналына берген сұхбатында ұлттық санадағы бұл батыл қадамның астарында қандай үлкен саясат жатқанын және көршілердің біздің шынайы тамырымызбен қауышқанымыздан неге өлідей қорқатынын ашып айтты.

|Тарих
Қараөткелдің тұрғыны қара суға зар болып отыр

Қараөткелдің тұрғыны қара суға зар болып отыр

Елорда іргесіндегі Қараөткел мен Қаражар ауылдарының тұрғындары аптап ыстықта бір жұтым суға зар болып, күнделікті тіршілігі нағыз азапқа айналды. Жауапты мекеменің қаржылық айналымы миллиардтап саналғанымен, қарапайым халық су қосылса жарық сөнетін қорлықтан және шенеуніктердің бітпейтін құрғақ уәдесінен әбден шаршады.

|Жалпы
Маңғыстауды жаулап жатқан қытай ағашының қандай зияны бар?

Маңғыстауды жаулап жатқан қытай ағашының қандай зияны бар?

Ақтаулық қоғам белсендісі Уайс Ерсайынұлы өзінің Facebook парақшасында Маңғыстау экологиясына төніп тұрған жасырын қауіп туралы жазды.

|Жалпы
Жоңғарлар жойылып кетті ме?

Жоңғарлар жойылып кетті ме?

Ғасырлар бойы жалғасқан күрделі тарихи оқиғалар қазақ және жоңғар халықтарын тағдырлас етіп, өзара тығыз мәдени әрі генетикалық байланысқа алып келді. Бүгінде кешегі жоңғарлардың ұрпақтары қазақ этносының құрамына толықтай сіңіп, Төлеңгіт және Қалмақ рулары ретінде біздің ортақ тарихымыз бен бай мұрамыздың ажырамас бөлігіне айналып отыр.

|Тарих
Эвересттегі мәйіттің кім екені 30 жылдан кейін ғана анықталды

Эвересттегі мәйіттің кім екені 30 жылдан кейін ғана анықталды

«Жасыл бәтеңкенің» сыры ашылды: Альпинистерді үрейлендірген мәйіт туралы шындық

|Жалпы
ЖІӨ өсіп, табыс неге төмендеуде? Экономист Айдархан Құсайынов Қазақстан экономикасының жасырын мәселелерін атады

ЖІӨ өсіп, табыс неге төмендеуде? Экономист Айдархан Құсайынов Қазақстан экономикасының жасырын мәселелерін атады

Қазақстан экономикасы қағаз жүзінде қарыштап дамып жатқанымен, халықтың әмияны бұл өсімді сезініп отырған жоқ. Үкімет ЖІӨ-нің рекордтық көрсеткіштерімен мақтанған тұста, қарапайым халықтың нақты кірісі соңғы жиырма жылда болмаған деңгейде төмендеуде.

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz