«Отандастар медиа сыйлығы»: шетелдегі қазақтілді БАҚ-тың үздіктері анықталды

«Отандастар қоры» КеАҚ ұйымдастырған «Отандастар медиа сыйлығы» байқауының жеңімпаздары анықталды.

Алаш баласы||2 мин оқу
«Отандастар медиа сыйлығы»: шетелдегі қазақтілді БАҚ-тың үздіктері анықталды

 «Отандастар қоры» КеАҚ ұйымдастырған «Отандастар медиа сыйлығы» байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқау Ұлт ұстазы, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің 185 жыл мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Байқау шетелдегі қазақтілді БАҚ пен журналистердің еңбегін бағалау, ана тіліндегі ақпарат кеңістігін нығайту және Қазақстан мен диаспора арасындағы байланысты күшейту мақсатында өткізілді.

Байқауға Қазақстан азаматы емес, шетелдегі БАҚ-та ресми жұмыс істейтін қазақ журналистері мен шетелде тіркелген қазақтілді басылымдар қатысты. Өтінімдер 13-29 қазан аралығында онлайн форматта қабылданды. «Үздік БАҚ», «Үздік журналист», «Үздік жас журналист» номинацияларына 20-ға жуық өтінім түсті.

Жұмыстарды «Turkistan», «Aiqyn», «Egemen Qazaqstan», «Astana Aqshamy» және «Медиа дамыту қоры» КҚ өкілдерінен құралған қазылар алқасы 30 қазандағы отырысында бағалады. Бағалау кезінде үміткерлердің тәжірибесі, шығармашылық шеберлігі, тұрақтылығы және аудиторияға ықпалы ескерілді.

Қазылар алқасының шешімімен мыналар жеңімпаз атанды:

«Үздік БАҚ» – Баян-Өлгий аймақтық Бұқаралық қазақ радиосы (Моңғолия). 60 жылдық тарихы бар радио 2025 жылы «Баян-Өлгий аймағының үздік мекемесі» сыйлығын алған.

«Үздік журналист» – Жұлдыз Жұмағұлқызы (Моңғолия). Баян-Өлгий аймағындағы қазақ тілінде хабар тарататын «Дербес» телеарнасының журналисі.

«Үздік жас журналист» – Бекболат Мұхтаров (Өзбекстан). Еңбек жолын 2021 жылы «Нұрлы жол» газетінде тілші болып бастады, 2024 жылы «Ұлт.kz» ақпараттық порталында еңбек етті. 2026 жылдың ақпанынан бері қайтадан «Нұрлы жол» газетінің тілшісі.

Жеңімпаздар 13-16 қараша Шымкент және Түркістан қалаларында өтетін «Киелі Қазақстан» жобасы барысында марапатталады. Әр номинация жеңімпазына бағалы сыйлық табысталады.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 5 қараша 2026, 09:22

Ұқсас мақалалар

Мадридтегі қазақ рухы: Димаш жанкүйерлерінің кешінде шетелдегі қазақ балаларының көрмесі өтті

Мадридтегі қазақ рухы: Димаш жанкүйерлерінің кешінде шетелдегі қазақ балаларының көрмесі өтті

Испандықтарды қазақша билеткен кеш: Мадридте Димаштың концерті алдында не болды?

|Қандастар
Ырысқали Дәуренбек «Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті болып тағайындалды

Ырысқали Дәуренбек «Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті болып тағайындалды

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған, 2001 жылы ресми түрде ақталған.

|Қандастар
Қандастардың Қазақстанға оқуға түсуі 95%-ға жетті

Қандастардың Қазақстанға оқуға түсуі 95%-ға жетті

2026-2027 оқу жылында ұлты қазақ шетел азаматтарына арналған 4% квота аясында 2 378 қандас талапкер Қазақстанның жоғары оқу орындарына грантқа түсті. Бұл бөлінген гранттардың 95,2%-ы толықтай игерілді деген сөз

|Қандастар
Қазақтардың шын ата-бабасы кім және Ресей бұдан неге өлідей қорқады?

Қазақтардың шын ата-бабасы кім және Ресей бұдан неге өлідей қорқады?

80 жыл бойы қазақтан жасырылған ұлы шындық ашылды! Қазақстанның өзін ресми түрде Алтын Орданың тікелей мұрагері деп жариялауы Кеңестік жалған тарихтың күл-талқанын шығарып, Мәскеудің зәресін алуда. Белгілі тарихшы Жақсылық Сәбитов «Exclusive» журналына берген сұхбатында ұлттық санадағы бұл батыл қадамның астарында қандай үлкен саясат жатқанын және көршілердің біздің шынайы тамырымызбен қауышқанымыздан неге өлідей қорқатынын ашып айтты.

|Тарих
Қараөткелдің тұрғыны қара суға зар болып отыр

Қараөткелдің тұрғыны қара суға зар болып отыр

Елорда іргесіндегі Қараөткел мен Қаражар ауылдарының тұрғындары аптап ыстықта бір жұтым суға зар болып, күнделікті тіршілігі нағыз азапқа айналды. Жауапты мекеменің қаржылық айналымы миллиардтап саналғанымен, қарапайым халық су қосылса жарық сөнетін қорлықтан және шенеуніктердің бітпейтін құрғақ уәдесінен әбден шаршады.

|Жалпы
Маңғыстауды жаулап жатқан қытай ағашының қандай зияны бар?

Маңғыстауды жаулап жатқан қытай ағашының қандай зияны бар?

Ақтаулық қоғам белсендісі Уайс Ерсайынұлы өзінің Facebook парақшасында Маңғыстау экологиясына төніп тұрған жасырын қауіп туралы жазды.

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz