Астанада 500-ден астам қандас студенттің басын қосқан Жастар форумы өтті

«Жастар. Мүмкіндік. Болашақ» деген атаумен ұйымдастырылған шараға Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және басқа да мемлекеттерден келіп, Қазақстанда білім алып жатқан 500-ден аса қандас студент қатысты.

Алаш баласы||2 мин оқу
Астанада 500-ден астам қандас студенттің басын қосқан  Жастар форумы өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен «Отандастар кездесуі: Жастар форумы» өтті. «Жастар. Мүмкіндік. Болашақ» деген атаумен ұйымдастырылған шараға Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және басқа да мемлекеттерден келіп, Қазақстанда білім алып жатқан 500-ден аса қандас студент қатысты. Ашық диалог, мотивациялық сессиялар және networking форматында өткен іс-шара жастарды Қазақстандағы білім, еңбек және кәсіби даму мүмкіндіктерімен таныстыруға арналды.

Форумның мақсаты – қандас студенттердің кәсіби және жеке әлеуетін ашуға, олардың Қазақстан қоғамына табысты интеграциялануына және білім, еңбек, кәсіпкерлік мүмкіндіктерін тиімді пайдалануына жағдай жасау. Шараның негізгі идеясы: «Сен Қазақстанға жай ғана оқуға келген жоқсың. Сен – Қазақстанның жаңа толқынысың!», ал ұраны – «Арман ет. Мақсат қой. Әрекет ет. Нәтижеге жет».

Форумның салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ерлан Жетібаев және «Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті Ырысқали Дәуренбек, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ басшылығы қатысушыларды құттықтады.

Форум бағдарламасы аясында төрт мотивациялық сессия өтті:

-    «Білім. Құндылық. Болашақ» – спикер Ырысбек Мәуіт білімнің адам өміріндегі орны, ұлттық құндылықтар және жастардың бәсекеге қабілеттілігі туралы ой бөлісті;

-    «Арманнан нәтижеге дейін» – спикер Сырымбек Тау өзіне сену, мақсат қою, қиындықтарды еңсеру және нәтижеге жетудің нақты жолдарын айтты;

-    «Өзіңді дамыту – өз болашағыңды қалыптастыру» – спикер Лариса Алдаберген тұлғалық даму, көшбасшылық және жауапкершілік тақырыбын қозғады;

-    «Жас кәсіпкер жолы: идеядан іске дейін» – спикерлер Салтанат Жұмакелдіұлы және Адуын Бақбол жас кәсіпкердің алғашқы қадамдары мен тәжірибесін бөлісті.

Сессиялардан кейін спикерлер мен студенттер арасында ашық пікірталас өтті. Қатысушылар білім алу, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік және Қазақстандағы мүмкіндіктер жөнінде сұрақтарын қойып, тәжірибелі мамандардан практикалық кеңес алды.

Форум соңында «OQ-startup» шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқау форум қарсаңында қандас студенттер арасындағы инновациялық, әлеуметтік және шығармашылық идеяларды анықтау және қолдау мақсатында өткізілді.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 10 қараша 2026, 18:04

Ұқсас мақалалар

«Отандастар медиа сыйлығы»: шетелдегі қазақтілді БАҚ-тың үздіктері анықталды

«Отандастар медиа сыйлығы»: шетелдегі қазақтілді БАҚ-тың үздіктері анықталды

«Отандастар қоры» КеАҚ ұйымдастырған «Отандастар медиа сыйлығы» байқауының жеңімпаздары анықталды.

|Қандастар
Мадридтегі қазақ рухы: Димаш жанкүйерлерінің кешінде шетелдегі қазақ балаларының көрмесі өтті

Мадридтегі қазақ рухы: Димаш жанкүйерлерінің кешінде шетелдегі қазақ балаларының көрмесі өтті

Испандықтарды қазақша билеткен кеш: Мадридте Димаштың концерті алдында не болды?

|Қандастар
Ырысқали Дәуренбек «Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті болып тағайындалды

Ырысқали Дәуренбек «Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті болып тағайындалды

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған, 2001 жылы ресми түрде ақталған.

|Қандастар
Қандастардың Қазақстанға оқуға түсуі 95%-ға жетті

Қандастардың Қазақстанға оқуға түсуі 95%-ға жетті

2026-2027 оқу жылында ұлты қазақ шетел азаматтарына арналған 4% квота аясында 2 378 қандас талапкер Қазақстанның жоғары оқу орындарына грантқа түсті. Бұл бөлінген гранттардың 95,2%-ы толықтай игерілді деген сөз

|Қандастар
Қазақтардың шын ата-бабасы кім және Ресей бұдан неге өлідей қорқады?

Қазақтардың шын ата-бабасы кім және Ресей бұдан неге өлідей қорқады?

80 жыл бойы қазақтан жасырылған ұлы шындық ашылды! Қазақстанның өзін ресми түрде Алтын Орданың тікелей мұрагері деп жариялауы Кеңестік жалған тарихтың күл-талқанын шығарып, Мәскеудің зәресін алуда. Белгілі тарихшы Жақсылық Сәбитов «Exclusive» журналына берген сұхбатында ұлттық санадағы бұл батыл қадамның астарында қандай үлкен саясат жатқанын және көршілердің біздің шынайы тамырымызбен қауышқанымыздан неге өлідей қорқатынын ашып айтты.

|Тарих
Қараөткелдің тұрғыны қара суға зар болып отыр

Қараөткелдің тұрғыны қара суға зар болып отыр

Елорда іргесіндегі Қараөткел мен Қаражар ауылдарының тұрғындары аптап ыстықта бір жұтым суға зар болып, күнделікті тіршілігі нағыз азапқа айналды. Жауапты мекеменің қаржылық айналымы миллиардтап саналғанымен, қарапайым халық су қосылса жарық сөнетін қорлықтан және шенеуніктердің бітпейтін құрғақ уәдесінен әбден шаршады.

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz