Қытай мұхитты бақылайтын жаңа «Haiyang-2E» спутнигін орбитаға шығарды

Ай мен Марс аз болғандай... Қытай енді су астын бақылауға кірісті!

Алаш баласы||1 мин оқу
Қытай мұхитты бақылайтын жаңа «Haiyang-2E» спутнигін орбитаға шығарды
Сурет: report.az

Қытай мұхит ортасын бақылауға арналған «Haiyang-2E» спутнигін сәтті ұшырды. Report агенттігінің мәліметінше, бұл туралы Қытайдың аэроғарыш ғылымы мен техникасы корпорациясы (CASC) мәлімдеді.

«Long March-4B» (CZ-4B) зымыран тасығышы Цзюцюань ғарыш айлағынан көтеріліп, спутникті күн-синхронды орбитаға сәтті алып шықты. Атап өтілгендей, CZ-4B – Шанхай ғарыштық ұшу технологиялары академиясы әзірлеген үш сатылы сұйық отынды зымыран. Ол орбитаға салмағы 2,5 тоннаға дейінгі пайдалы жүктерді шығаруға қауқарлы.

Қазіргі таңда Қытай ұлттық ғарыш бағдарламасын белсенді түрде дамытып, метеорологиялық, телекоммуникациялық және навигациялық спутниктер жасауға, сондай-ақ Айды игеруге арналған технологияларды әзірлеуге ерекше назар аударып отыр. Мемлекет қолдауымен елде астероидтар мен Марсты зерттеу жобалары да іске асырылуда. Бұдан бөлек, орбитада халықаралық ынтымақтастық мақсатында да қолданылатын қытайлық ғарыш станциясы жұмыс істеп тұр.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 01:33

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz