Қытай мен АҚШ ғалымдарының жаңа жобасы: Балықшы өрмекшінің қимылына негізделген робот сынақтан өтті

Адам күші жетпейтін жерде темір «өрмекші» көмекке келеді: Ғалымдар суға батып бара жатқан адамды өзі тауып, өзі көтеріп алатын бірегей құрылғы жасады

Алаш баласы||2 мин оқу
Қытай мен АҚШ ғалымдарының жаңа жобасы: Балықшы өрмекшінің қимылына негізделген робот сынақтан өтті

Қытай мен АҚШ робототехниктері бірлесіп жасаған «QuadBoat» жобасы алғашқы сынақтан сәтті өтті. Бұл – су бетінде жүгіріп, жемтігін сүңгімей-ақ ұстайтын балықшы өрмекшінің қимылына негізделіп жасалған жаңа құтқарушы-робот. Егер жоба толықтай сәтті аяқталса, әлем суға кеткен адамды өздігінен тауып, құтқарып қалатын су жаңа автономды аппаратқа қол жеткізбек.

Теңіздегі құтқару операцияларының басты қиындығы сол – суға батып бара жатқан адам үшін әрбір секунд санаулы, уақыт өткен сайын өлім қаупі арта түседі. Сондықтан адамды жедел тауып қана қоймай, оны судан дереу алып шығу өте маңызды. Қазіргі әуе және су бетіндегі дрондар тек іздеп табу міндетін ғана атқара алады. Ал зардап шегушіні судан тартып шығару тіпті кәсіби құтқарушыларға да оңайға соқпайды. Өйткені құтқару қайықтарының құрылымы әрдайым қолайлы бола бермейді, оның үстіне су жұтып, әбден қалжыраған адам құтқарушыларға еш көмектесе алмайды.

Дәл осы мәселені шешу үшін жасалған QuadBoat роботының үлкен қалтқылары (поплавок) бар төрт тәуелсіз аяғы бар. Ол аппараттың ауыр жүкпен бірге су бетінде батпай, еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Кері кинематика контроллері мен болжамды басқару моделі аяқтардың қозғалысын дәлдікпен реттеп, роботқа кез келген жағдайда тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Осының арқасында робот су бетінде жай ғана жүзіп қоймай, дәл өрмекші сияқты нысананың дәл үстіне барып, адамды судан еш қиындықсыз көтеріп ала алады.

Әзірге QuadBoat тек су бетінде қозғалуды ғана меңгерді. Келесі кезеңде ғалымдар оған нысананы іздеп табу, оны тану және онымен байланысқа шығу алгоритмдерін үйретпек. Әзірге барлық сынақтар тыныш суда, яғни бассейнде өтіп жатыр. Ал роботтың ашық теңіздегі асау толқындарда өзін қалай ұстайтыны – әлі де үлкен сұрақ. Дегенмен, бұл құтқару операцияларының басқа да маңызды факторларын зерттеу сияқты болашақтың еншісіндегі басты міндеттердің бірі болмақ.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 29 қыркүйек 2026, 23:17

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz