Қазақстан өзінің «Астана» автобустарын жасауды бастайды: 2027 жылы электроавтобустар қосылады

Толығымен Қазақстанда құрастырылатын әрі әлемдік стандартқа сай келетін «Астана» автобустарының сериялық өндірісі басталуға жақын қалды

Алаш баласы||1 мин оқу
Қазақстан өзінің «Астана» автобустарын жасауды бастайды: 2027 жылы электроавтобустар қосылады
Сурет: ЖИ

Ауқымды жоба туралы Үкіметтің кезекті отырысында «Астана Моторс» компаниялар тобының басшысы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді.

Жаңа қоғамдық көліктер толығымен Қазақстан аумағында құрастырылады. Жобаның ең басты ерекшелігі – көліктің сыртқы пішімі мен дизайнын жасауға қазақстандық инженерлер тікелей атсалысқан. Отандық мамандар мен қытайлық технологиялық серіктестердің бірлескен жұмысының нәтижесінде құрастырылатын автобустарда әлемдік көшбасшы өндірушілердің ең озық бөлшектері қолданылады.

«Кәсіпорынның алдағы уақыттағы басты стратегиялық жобаларының бірі – нарыққа «Астана» атты өз брендімізбен жаңа автобустар шығару. Біз бұл бағытта шетелдік тәжірибе мен отандық әлеуетті сәтті ұштастыра білдік», – деп атап өтті Нұрлан Смағұлов.

Өндіріс кезең-кезеңімен іске қосылмақ. Жоспар бойынша, алғашқы дизельді және газбен жүретін автобустардың сериялық өндірісі осы жылдың қараша айында басталады.

Ал еліміздің экологиялық бағытқа бет бұруы аясындағы басты жаңалық – «Астана» маркалы заманауи электр автобустарын шығару 2027 жылдың наурыз айына жоспарланып отыр.

Демек, жақын болашақта жолаушылар тасымалында отандық өнімнің үлесі артып, қала көшелерінде өзіміздің «Астана» автобустары қатынайтын күн алыс емес.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:54

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz