Instagram 10 жылда алғаш рет бас логотипін өзгертті

Ең қызығы, бұл жай ғана редизайн емес, желідегі үлкен флешмобқа айналып кетті. Әлемдік ірі корпорациялар да дәл осы стильде өз атауларын жаза бастады. Тіпті OpenAI компаниясы да қалыс қалмай, ChatGPT парақшасында өз логотипінің «инстаграмдық» нұсқасын жариялап, трендке ілесіп кетті.

Алаш баласы||2 мин оқу
Instagram 10 жылда алғаш рет бас логотипін өзгертті
Сурет: smartpress.by

Әлемдегі ең танымал әлеуметтік желілердің бірі Instagram соңғы он жылда бірінші рет қосымшаның жоғарғы бөлігіндегі басты логотипін өзгертті. Жаңалықты компания басшысы Адам Моссери жеке парақшасында жариялап, көпшіліктің назарын бірден аударды. Айтуынша, басты жазудың дизайны ұзақ уақыт бойы жаңартылмағандықтан, оған заманауи леп қосу туралы шешім қабылданған. Дизайнерлер логотипті барынша таза әрі сәнді етіп жасағанымен, қосымшаның өзіне тән ерекшелігі мен бұрынғы нұсқаға деген құрметті сақтап қалған. Моссеридің жазбасы санаулы уақыт ішінде жүз мыңдаған лайк жинап, желідегі ең көп талқыланған тақырыптардың біріне айналды.

Жаңа дизайн желі қолданушыларының арасында екіұдай пікір тудырды. Басым көпшілігі жаңартуды жылы қабылдап, оның көз тартарлық заманауи көрінетінін жарыса жазуда. Тіпті, кейбір креативті қолданушылар логотиптің жаңа пішінін ягуардың сұлбасына теңеп үлгерді. Пікір қалдырушылар жаңа жазудың лаконизм мен ерекше мінезді ұштастыра білгенін атап өтіп, шешімді жоғары бағалады.

Алайда, редизайн бәрінің бірдей көңілінен шықты деуге болмайды. Дизайнның тым ерекшеленгені соншалық, кейбір адамдар жаңа шрифттен қателер іздей бастады. Мәселен, мұқият оқырмандар «r» әрпінің енді «z»-ке қатты ұқсап кеткенін байқаса, кейбіреулер қатар тұрған «n» мен «s» әріптерінің бір-бірімен тұтасып, көзбен қарағанда «m» болып оқылатынын айтып әзілдеуде.

Instagram-ның батыл қадамы тек қарапайым қолданушыларды ғана емес, ірі корпорацияларды да бейжай қалдырмады. Әлемдік компаниялар жаңа логотиптің стиліне еліктеп, өз атауларын дәл осы манерада жазып, әлеуметтік желілерде жаңа флешмобтың басталуына түрткі болды. Трендке жасанды интеллект саласының көшбасшысы OpenAI да қосылды. Олар ChatGPT аккаунтында өз логотиптерінің инстаграмдық стильдегі жаңа интерпретациясын жариялап, оқырмандарының қошеметіне бөленді.

Айта кетерлігі, логотиптің өзгеруі Instagram-ның кейінгі уақыттағы жалғыз жаңалығы емес. Осыған дейін маусым айында компания өз мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтіп, Smart TV-ге арналған қосымшасын іске қосқанын мәлімдеген болатын. Ендігі кезекте қолданушылар сүйікті Reels роликтері мен Stories-терін тек телефонның кішкентай дисплейінен ғана емес, үлкен теледидар экранынан да тамашалай алады. Бұндай маңызды өзгерістер Instagram-ның жай ғана әлеуметтік желі емес, толыққанды мультимедиялық платформаға айналып жатқанын анық аңғартады.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 7 қазан 2026, 09:33

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz