Honda нейрожеліні меңгерген мамандарының жалақысын өсірмек

Жасанды интеллектті білмесең – артта қаласың! Toyota мен Honda кадр саясатына қандай төңкеріс әкелді?

Алаш баласы||2 мин оқу
Honda нейрожеліні меңгерген мамандарының жалақысын өсірмек
Сурет: habr.com

Жапониялық «Honda Motor» корпорациясы қызметкерлер арасында жасанды интеллект (ЖИ) бойынша арнайы корпоративтік сертификаттау бағдарламасын іске қосты. Енді ЖИ құралдарын меңгерген мамандар өз білімін растай отырып, қомақты ақшалай сыйақы ала алады. Nikkei Asia басылымының хабарлауынша, компания осы арқылы күнделікті жұмыс процестеріне жасанды интеллектті енгізуді жеделдетпек.

Бағдарлама үш деңгейлі сертификаттаудан тұрады. Олардың әрқайсысын алу үшін қызметкерлер жазбаша емтихан тапсырып, сұхбаттан өтуі тиіс. Сынақ барысында маманның технологияны қаншалықты білетіні ғана емес, оны іс жүзінде, яғни жұмыс барысында қалай қолдана алатыны да бағаланады. Сертификаттаудан сәтті өткен қызметкердің жалақысына ай сайын 150 мың иенге (шамамен 450 мың теңгеге) дейін үстемеақы қосылады.

Әзірге Honda-ның 45 мың қызметкерінің 280-ге жуығы ғана жаңа ЖИ-сертификатын алған. Оның ішінде ең жоғары үстемеақыға онға жетпес маман ғана қол жеткізді. Алайда, алдағы жылдары компания жасанды интеллектпен сауатты жұмыс істейтін сертификатталған мамандар санын мыңға дейін жеткізуді көздеп отыр. Басшылықтың пікірінше, бұл басқа бөлімшелерде де нейрожеліні қолдануды тездетуге септігін тигізеді.

Қызметкерлерін жасанды интеллектті меңгергені үшін ынталандырып отырған жалғыз жапондық компания Honda емес. Мұндай бастамаларды елдегі All Nippon Airways әуе компаниясы мен Family Mart дүкендер желісі сияқты басқа да ірі жұмыс берушілер қолға алған. Toyota компаниясының да жасанды интеллектке қатысты өз жоспары бар: олар бизнес-процестерді оңтайландыру, атап айтқанда, құжаттамадағы терминологияны біріздендіру үшін ЖИ-ді белсенді түрде қолдануға ниетті.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Тегтер
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:22

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz