«Grady-White Boats» иесі 400 миллион долларын неге қайырымдылыққа берді?

Маған зәулім яхтаның да, Жерорта теңізінің де керегі жоқ!» Жарты ғасыр бойы тірнектеп жинаған байлығы мен табысты зауытынан өз еркімен бас тартқан адамның сыры қандай?

Алаш баласы||1 мин оқу
«Grady-White Boats» иесі 400 миллион долларын неге қайырымдылыққа берді?
Сурет: nytimes.com

Жалғыз мұрагерінен айырылғаннан кейін, «Grady-White Boats» компаниясының қожайыны Эдди Смит өз байлығын кімге қалдырарын көп ойланды. Ақыры әйгілі Patagonia компаниясының ізімен жүріп, келешектегі барлық табысын қайырымдылыққа жұмсауға бел буды - деп жазды nytimes.com сайты.

Сонау 1968 жылы кіші Эдди Смит Солтүстік Каролинадағы жабылудың аз-ақ алдында тұрған қайық шығаратын кішкентай зауытты сатып алады. Бұл өте тәуекелді қадам еді, өйткені «Grady-White Boats» компаниясының жағдайы ол кезде мүшкіл тұғын.

Бірақ Смит мырза жоқтан бар жасап, кәсіпті құрдымнан алып шықты! Қазір бұл жағалау суларына арналған премиум класстағы балық аулау қайықтарын шығаратын, жылына жүздеген миллион доллар табыс әкелетін алпауытқа айналды. Ең қызығы, жарты ғасырдан астам уақыт бойы ол сырттан бірде-бір инвестор тартпай, биржаға акцияларын да шығармай, бүкіл тізгінді тек өз қолында мықтап ұстап келді.

Міне, қазір 83 жасқа келген қария өміріндегі ең үлкен әрі соңғы шешімін қабылдады: ол қалтасына түскелі тұрған 400 миллион доллардан бас тартып, компаниясының келешектегі түсетін бүкіл таза пайдасын қайырымдылыққа аударуға уәде берді.

«Құдай маған бар байлығымның басым бөлігін мұқтаждарға таратып беруге жағдай жасап, үлкен бақ берді», – деді берген сұхбатында. – «Маған ұзындығы 200 фут болатын зәулім яхтаның да, қысты Жерорта теңізінде шалқып өткізудің де еш қажеті жоқ. Мен өзімнің Солтүстік Каролинамда-ақ бақыттымын».

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 7 қазан 2026, 09:11

Ұқсас мақалалар

Голливудтағы жаңа дәуір: Paramount пен Warner Bros. бірігіп, Skydance империясын құрды

Голливудтағы жаңа дәуір: Paramount пен Warner Bros. бірігіп, Skydance империясын құрды

Netflix артта қалды: Гарри Поттерден бастап CNN жаңалықтарына дейін бір отбасының қолына өтіп, Голливуд тарихындағы ең қымбат келісім қалай жасалды?

|Әлем
Диккенс және Z ұрпағы: «Асқақ үміттің» азабын тартқандар

Диккенс және Z ұрпағы: «Асқақ үміттің» азабын тартқандар

«Мен Z ұрпағына жаным ашиды, – дейді сарапшы Карлссон-Шлезак Fortune басылымына берген сұхбатында. – Олар смартфон революциясының алғашқы құрбандары болды. Ата-аналары мен мұғалімдері жастарға TikTok пен шынайы өмірдің аражігін ажырататын тиімді фильтр орнатуға көмектесе алмады».

|Әлем
Oracle нейрожелілер үшін неге 21 мыңнан астам маманын құрбан етті?

Oracle нейрожелілер үшін неге 21 мыңнан астам маманын құрбан етті?

"Компьютерге кіру мүмкіндігіңіз бұғатталады": Жаңа деректер орталықтарын салуға 90 миллиард доллар жұмсауды жоспарлаған компанияның мамандардан қалай құтылып жатқанын оқыңыз.

|Әлем
Астанадағы «Ай толысқан түн»: Қытайдың Күз мерекесі қалай өтті?

Астанадағы «Ай толысқан түн»: Қытайдың Күз мерекесі қалай өтті?

Астана аспанындағы толған ай мен сахнадағы дәстүрлі өнер: Қытайдың ең қастерлі «Күз ортасы мерекесі» дипломатиялық қатынастардың жаңа парағын ашты.

|Әлем
Боқ қосылған бетон: Үндістандықтар құрылыс саласын төңкеріп тастады

Боқ қосылған бетон: Үндістандықтар құрылыс саласын төңкеріп тастады

Миллиардтаған долларды үнемдеп, әлемдік цемент магнаттарын тақырға отырғызатын жаңалық: Үндістанда боқтан жасалған супер-бетон сынақтан сәтті өтіп, тарихи рекорд жаңартты

|Әлем
Қазақ мультфильмі Сианьдағы фестивальде топ жарды

Қазақ мультфильмі Сианьдағы фестивальде топ жарды

Қазақ анимациясы әлемдік деңгейде: «ADAM: Нәртәуекел» 3D фильмі Қытайдағы қатаң іріктеуден қалай сүрінбей өтті?

|Әлем
LiveInternetZERO.kz