Француз стартапы масаны ауада қуып жүріп жоятын камикадзе-дрон ойлап тапты

Ара мен көбелекке тиіспей, тек масаның көзін құртады: Ғалымдар ұсынған 40 граммдық аппараттың құпиясы неде және оның бағасы қанша?

Алаш баласы||2 мин оқу
Француз стартапы масаны ауада қуып жүріп жоятын камикадзе-дрон ойлап тапты
Сурет: techcult.ru

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, безгек, Зика вирусы және денге безгегін тарататын масалардың кесірінен жыл сайын әлемде 1 миллионға жуық адам көз жұмады. Қазіргі кездегі күрес тәсілдері – инсектицидтер (химиялық улар) мен түрлі тұзақтар аса тиімді емес: удың экологияға зияны шаш етектен болса, тұзақтар масаны толық жоя алмайды.

Осы мәселені шешу үшін Y-Combinator акселераторының қолдауымен француздық Tornyol стартапы мүлде жаңа әдіс ұсынды. Олар салмағы небәрі 40 грамм болатын автономды камикадзе-дрондарды жасап шығарды. Бұл кішкентай аппараттар ауада ұшып жүрген масаны ізіне түсіп қуып жетіп, өз пропеллерімен (қалақшасымен) турап тастайды.

Tornyol дроны өте белсенді жұмыс істейді: ол аумақты толықтай патрульдеп, 32 сәуле шығарғыш пен 380 микрофоны бар LeSonar2 ультрадыбыстық сонары арқылы айналаның 3D-картасын жасайды. Ең қызығы, дрон жәндіктерді қанат қағу жиілігіне қарап таниды. Осының арқасында ол ара немесе көбелек сияқты пайдалы жәндіктерге тиіспей, тек қансорғыш масаларды дөп басып анықтай алады. Ал адамдар мен үй жануарлары үшін дрон толықтай қауіпсіз – қалақшалары жабық корпуста орналасқан әрі кедергілерге соғылып қалмаудан қорғайтын жүйемен жабдықталған.

Жобаның басты кемшіліктері қандай?

Дегенмен, Tornyol-дың айтарлықтай осал тұстары да бар. Біріншіден, ол бар-жоғы үш-ақ минут ұшады, ал қуатталуына 30 минут кетеді. Масалар қаптап кеткен кезде бұл уақыт тым аздық ететіні анық. Екіншіден, бағасы қымбат: дронды толық сатып алу 1100 доллар тұрса, айлық жазылыммен алу 50 долларға шығады. Безгек ауруы көп таралған кедей аймақтар үшін айына 50 доллар төлеу үлкен шығын, оның үстіне ол жақта құрылғыны жиі қуаттауға қажетті тұрақты электр желісі де жоқ.

Сонымен қатар, дрон өте шулы жұмыс істейтіндіктен, түнде адамдардың ұйқысын бұзуы мүмкін. Өндіруші компания бір құрылғы 2 гектар аумақты қорғауға қауқарлы және кәдімгі тұзақтардан 100 есе тиімді деп мәлімдегенімен, бұл әзірге тек қағаз жүзіндегі есеп қана.

Қазіргі таңда команда дронның ұшу уақытын ұзарту бағытында жұмыс істеп жатыр, бірақ құрылғының жаппай қолданысқа қаншалықты жарайтыны әлі де белгісіз. Десек те, зиянды химиялық уларды қолданбай, ауадағы жәндікті өздігінен жоятын «робот-жыртқыш» идеясы – кемпингтерде немесе жеке бау-бақшаларда қолдану үшін таптырмас шешім болуы әбден мүмкін.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 24 тамыз 2026, 03:56

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz