Еуропаның жаңа заңы: ChatGPT мен Claude енді көрінбейтін қолтаңба қалдыруға міндетті

ChatGPT немесе Claude-қа мәтін жаздырып алып, оны өзімдікі деп жүргендер үшін жаңалық бар. Енді нейрожелілер әр жазған мәтініне көрінбейтін сандық мөр басатын болды. Сіз мәтінді көшіріп алсаңыз да, бірнеше сөзін өзгертсеңіз де немесе басқа чатқа апарып салсаңыз да, әлгі таңба жойылмайды...» Толығырақ оқу үшін:

Алаш баласы||3 мин оқу
Еуропаның жаңа заңы: ChatGPT мен Claude енді көрінбейтін қолтаңба қалдыруға міндетті
Сурет: ЖИ

Ғаламтордағы ақпараттың қайсысын адам, ал қайсысын жасанды интеллект (ЖИ) жазғанын ажырату күн өткен сайын қиындап барады. Алайда, "бұлыңғырлыққа" нүкте қойылатын уақыт жақын. Еуроодақтың Жасанды интеллект туралы заңының (AI Act) 50-бабы ресми түрде күшіне енді. Ендігі жерде Anthropic, OpenAI және Google сияқты технологиялық алыптар өздерінің нейрожелілері тудырған кез келген контентке "көрінбейтін сандық таңба" басуға міндетті.

Тамыз айының басында күшіне енген заң провайдерлерден нейрожелі жасап шығарған дүниенің барлығын арнайы машина оқи алатындай етіп таңбалауды талап етеді. Ережеге бағынбағандарға салынатын айыппұл да орасан – 15 миллион еуро немесе компанияның әлемдік табысының 3 пайызы. Осындай қатаң талаптан кейін Google, Microsoft, OpenAI, Anthropic сияқты 190-ға жуық ұйым арнайы кодекске қол қоюға мәжбүр болды.

Процестің қалай жүретінін жақында Anthropic компаниясы түсіндірді. Олардың Claude нейрожелісі мәтіннің ішіне көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін сандық қолтаңбаны модель деңгейінде тоқитын болады. Сіз ол мәтінді көшіріп алсаңыз да, бірнеше сөзін өзгертсеңіз де немесе басқа чатқа апарып салсаңыз да, әлгі таңба жойылмайды. Ал суреттер мен файлдарға стандартқа сай арнайы метадеректер тіркеледі.

Ең қызығы сол – заң күшіне еніп, таңбалау басталғанымен, қарапайым қолданушылар ол белгіні өз бетінше тексере алмайды. Тіпті алыптардың өздерінде де ашық қолжетімді, мінсіз жұмыс істейтін мәтін детекторы әзірге жоқ.

OpenAI қазір тек сурет пен аудионы танитын құрал ұсынып отыр, ал мәтінді тексеруді "болашақтың еншісіне" қалдырды. Google өзінің SynthID технологиясын 2024 жылдан бері қолданып келе жатқанымен, оның детекторын тек таңдаулы БАҚ өкілдері мен зерттеушілерге ғана берген. Ал ғаламтордағы GPTZero сияқты түрлі "тексергіштер" мәтіннің ритміне, ұзын сызықтардың жиілігіне қарап сәуегейлік жасайды. Кейде олар ЖИ жазған мәтінді "адам жазды" деп қателесіп жатады.

Көпшілік "жасырын таңбаны" қандай да бір көрінбейтін символдар (бос орындар) деп ойлауы мүмкін. Бірақ Google өзінің технологиясында оның қалай жұмыс істейтінін көрсеткен. Таңба мәтінге белгілі бір сөздердің математикалық ықтималдықпен тізбектеліп келуі арқылы жасырылады. Сондықтан оны мәтіннен жай ғана "кесіп алып тастау" мүмкін емес.

Егер мәтінді нейрожеліге жаздыртып, оны адам толықтай өңдеп, заңдық немесе моральдық жауапкершілігін мойнына алса, оған ешқандай таңба қоюдың қажеті жоқ. Демек, Еуропаның бұл заңы адамдардың ЖИ қолдануын шектеу емес, қайта ғаламторды "сандық қоқыстан" (AI-slop) тазартуды көздейді.

Мәселен, Google үшін өте маңызды. Олардың іздеу жүйесі ақпараттық шу мен нағыз сигналды ажырата білуі керек. Reddit желісіндегі мыңдаған шынайы адамның пікірі – бұл сигнал, ал боттар жазған мыңдаған мағынасыз мәтін – жай ғана шу. Қазірдің өзінде X (бұрынғы Twitter) желісінде "ЖИ көмегімен жасалған" деген автоматты белгілер пайда болса, LinkedIn желісінде "ЖИ қоқысына ұқсайды" деген батырмалар қосыла бастады.

Қорыта айтқанда, жасанды интеллектінің "жабайы" дәуірі аяқталып, қатаң бақылау мен жауапкершілік заманы туып келеді. Енді машина жазған мәтінді өз атыңыздан жариялау бұрынғыдай оңай болмайды.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қыркүйек 2026, 12:06

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz