Еуроодақта жасанды интеллект өнімдерін таңбалау міндеттелді

Интернет пайдаланушылары назарына: Жасанды интеллект көмегімен жасалған контентті таңбалау туралы жаңа заң шықты. Сіздің күнделікті өміріңізге бұл заң қалай әсер етеді, ал бұл туралы ескертпегендерге не болады? Толық ақпарат төменде...

Алаш баласы||2 мин оқу
Еуроодақта жасанды интеллект өнімдерін таңбалау міндеттелді

Еурокомиссия хабарлағандай, 2 тамыздан бастап Еуропалық Одақта жасанды интеллект көмегімен жасалған контентке міндетті түрде белгі қою талабы күшіне енді. Жаңа ереже – нейрожелілер саласын реттейтін Еуропадағы алғашқы кешенді құжат саналатын «ЖИ туралы заңның» (AI Act) маңызды бір бөлігі.

Ендігі кезекте әзірлеушілер мен ЖИ жүйелерін ұсынушылар мұндай бағдарламалар арқылы жасалған материалдарды көзге көрінетіндей етіп арнайы белгімен көрсетуге тиіс. Бұл талап шынайы адамдарға, нысандар мен орындарға немесе оқиғаларға ұқсайтын суреттерге, аудио және бейнематериалдарға қатысты. Сонымен қатар, қоғам маңызы бар мәселелер бойынша жазылған, бірақ алдын ала тексеруден немесе редакциялық бақылаудан өтпеген мәтіндер де міндетті түрде таңбалануы шарт.

Айта кетерлігі, белгі қою міндеті тек ЖИ жүйелерін жасаушыларға ғана емес, нейрожелі өнімдерін кәсіби немесе коммерциялық мақсатта пайдаланатын барлық қолданушыға жүктеледі. Олардың қатарына түрлі компаниялар, БАҚ редакциялары, кәсіби инфлюенсерлер, сондай-ақ билік органдары мен қоғамдық бірлестіктер кіреді.

Әрине, заңда кейбір ерекшеліктер де қарастырылған. Мәселен, емле тексеру немесе фотосуреттерді өңдеу сияқты тек қосалқы қызмет атқаратын ЖИ жүйелеріне таңба қою міндетті емес. Сондай-ақ, айқын көркемдік, шығармашылық, сатиралық немесе ойдан шығарылған сипаттағы контентке де рұқсат берілген. Мұндай жағдайларда туындыны көруге немесе қабылдауға кедергі келтірмейтін өзге де ескерту тәсілдерін қолдануға әбден болады.

Жаңа тәртіпті бұзғандарға Еуропалық органдар қомақты айыппұл салуға құқылы. Нақтырақ айтсақ, ірі компанияларға 15 миллион еуроға дейін немесе жылдық жаһандық айналымының 3 пайызы көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Ал Еуроодақ мекемелері мен агенттіктері үшін бұл сома 750 мың еуроға дейін жетеді. Шағын және орта бизнес өкілдеріне келер болсақ, оларға салынатын айыппұл көлемі пропорционалдық принципін ескере отырып, жекелей есептеледі.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:23

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz