Экрансыз камера: Godox неге өткен ғасырға оралды?

Жарық құралдарын шығарумен танымал Godox компаниясы жұрт күтпеген жаңалықты бөлісті. Олар нарыққа C100 деп аталатын алғашқы жеке камерасын шығарды. Қарапайым фотоаппарат емес, суретке түсіру процесін мүлдем басқа қырынан көрсететін ерекше құрылғы.

Алаш баласы||2 мин оқу
Экрансыз камера: Godox неге өткен ғасырға оралды?
Сурет: godox.com

Жарық құралдарын шығарумен танымал Godox компаниясы жұрт күтпеген жаңалықпен бөлісті. Олар нарыққа C100 деп аталатын алғашқы жеке камерасын шығарды. Бұл – қарапайым фотоаппарат емес, суретке түсіру процесін мүлдем басқа қырынан көрсететін ерекше құрылғы.

Жаңа құрылғының басты ерекшелігі – үйреншікті дисплейдің жоқтығы. Оның орнын жарықтың жартысынан көбін өткізетін мөлдір оптикалық көріністапқыш басқан. Салмағы небәрі 65 грамм болатын бұл гаджет сырттай винтажды ойыншыққа ұқсайды.

Өндірушілердің басты идеясы – түсірілім кезінде әр кадрды тексеріп алаңдамау. Сіз тек суретке түсіресіз, ал нәтижесін кейін ғана көресіз. Осылайша, Godox фотосурет өнерін сәл баяулатып, оған көбірек мән беруге, кішкентай экранға емес, нағыз нысанға назар аударуға шақырады.

Көлемі 60х48 миллиметр болатын мөлдір көріністапқыш кадрды бақылауға арналған үлкен терезе қызметін атқарады. Оның бетіне түсірілім режимі, батарея қуаты және экспозиция деректері сияқты ең қажетті ақпараттар ғана шығады. Камераны көзге тақап ұстаудың қажеті жоқ, оны кішкентай жақтау сияқты ұстап түсіре бересіз. Бұл ретте оптикалық көріністапқыштың артықшылықтары сақталып, оған цифрлық көмекші қосылады.

C100 моделінің тағы бір ұтымды тұсы – ол орталық өлшемді экспонометр ретінде де жұмыс істейді. Құрылғы кадрдың ортасындағы жарықты оқып, ISO, диафрагма және ысырма жылдамдығын тікелей көз алдыңыздағы әйнекке шығарып береді.

Жаңа аппарат 2 мегапиксельді (1920х1080) ажыратымдылықпен фото және видео түсіреді. Барлық файлдар қарапайым TF немесе microSD жад карталарында сақталады. Ал USB 2.0 қолдайтын USB-C қосқышы арқылы оны смартфонға жалғап, суреттерді алдын ала көруге және көшіріп алуға болады. Құрылғының қуаты тоқтаусыз бір жарым сағат түсіруге жетеді.

Компания нақты техникалық сипаттамаларын толық ашпағанымен, алғашқы шолулар камераның бағасына сай өте жақсы сурет түсіретінін айтуда. Алайда видео мен дыбыс сапасы әлдеқайда қарапайым. Бұл кәсіби техника емес, керісінше, шынайы сәттерді сақтауға және фото өнерін жаңаша сезінуге арналған құрал.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:21

Ұқсас мақалалар

Сайлау алдындағы дипфейк толқыны: TikTok жаңа құрал іске қосты

Сайлау алдындағы дипфейк толқыны: TikTok жаңа құрал іске қосты

Бүгінде экраннан көргеннің бәріне сене беруге болмайды. TikTok саясаткерлер мен мемлекеттік органдарға өз бет-бейнесін рұқсатсыз пайдаланған жасанды интеллект контентін тауып, оған шағым түсіруге мүмкіндік беретін құрал ұсынды.

|Технология
Чатқа көшкен жұрт: ChatGPT іздеу жүйесінде алып Google-ді қалай ығыстырып жатыр?

Чатқа көшкен жұрт: ChatGPT іздеу жүйесінде алып Google-ді қалай ығыстырып жатыр?

Он жыл бойы Бингтің қолынан келмегенді жасанды интеллект санаулы күнде жасады: Енді біз ақпаратты мүлдем басқаша іздейтін боламыз, себебі...

|Технология
Ақшасыз және жұмыссыз дәуір: Илон Маск адамзаттың жаңа болашағын қалай елестетеді?

Ақшасыз және жұмыссыз дәуір: Илон Маск адамзаттың жаңа болашағын қалай елестетеді?

Он миллиард доллары бар адам бір миллиарды бар адамнан он есе көп тамақ іше алмайды: Илон Маск болашақта байлық пен ақшаның мүлде құнсызданатынын және адамзаттың роботтардан жақсы істей алатын бірде-бір кәсібі қалмайтынын болжады.

|Технология
Сіздің интернетіңіз қалай жұмыс істейді?

Сіздің интернетіңіз қалай жұмыс істейді?

Сіз дәл қазір осы мәтінді оқып отырған сәтте, деректеріңіздің бір бөлігі мұхит түбімен, қараңғы әрі суық тереңдікте, жарық жылдамдығымен жүгіріп жатқан болуы мүмкін.

|Технология
Төбелес, кептеліс, іздеудегі көлік: Sergek-тің жаңа жүйесі полицияға ақпаратты санаулы секундта жеткізеді

Төбелес, кептеліс, іздеудегі көлік: Sergek-тің жаңа жүйесі полицияға ақпаратты санаулы секундта жеткізеді

Көліктің нөмірін жасырсаңыз да, бетперде кисеңіз де бәрібір құтылмайсыз! Алматы облысында 9 мыңнан астам камераны бір орталыққа бағындырған «Sergek» жүйесі енді адам ойына келмейтін әдістермен жұмыс істей бастады.

|Технология
Google фейктерді анықтайтын жаңа құралын таныстырды

Google фейктерді анықтайтын жаңа құралын таныстырды

Кессеңіз де, фильтр қоссаңыз да өшпейді: Жасанды интеллект жасаған видеоларды әшкерелейтін көзге көрінбейтін таңба қалай жұмыс істейді?

|Технология
LiveInternetZERO.kz