Дрон құрастыратын қыз: Қазақ армиясындағы озық технология және нәзік жандылар

Инженерлердің өзі жасай алмайтын іс пе?! Қазақ қызы күрделі ұшқышсыз аппараттарды қалай оп-оңай жинап жүр?

Алаш баласы||2 мин оқу
Дрон құрастыратын қыз: Қазақ армиясындағы озық технология және нәзік жандылар
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Құрлық әскерлері әскери институтындағы Ұшқышсыз авиациялық жүйелер оқу орталығында заманауи технологияларды жетік меңгерген әскери мамандар даярланып жатыр. Солардың бірі – кіші сержант Динара Телеуова. Ол әскери қызметтің ер азаматтарға ғана тән емес екенін өзінің білімімен, кәсібилігімен және табандылығымен дәлелдеп келеді.

Жауынгерлік дайындықтың саптық, атыс және тактикалық сабақтарымен қатар, Динара ұшқышсыз авиациялық жүйелерді меңгеруге ерекше қызығушылық танытады. Ол FPV-дрондарды өз қолымен құрастырып, электрондық компоненттерін орнатып, ұшу контроллерлерін баптайды және алғашқы сынақтық ұшуы алдында аппараттың барлық жүйесін мұқият тексеріп шығады.

– Әрбір дрон – күрделі инженерлік жүйе. Оның сенімді жұмыс істеуі үшін электрониканы, бағдарламалық қамтамасыз етуді және аэродинамиканың негізгі қағидаларын жақсы білу қажет. Бұл мен үшін жай ғана қызығушылық емес, ел қауіпсіздігіне өз үлесімді қосудың бір жолы, – дейді кіші сержант Динара Телеуова.

Оқу орталығы мамандарының айтуынша, Динара жоғары жауапкершілігімен, техникалық ойлау қабілетімен және үнемі ізденіп, білімін жетілдіруге деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол жаңа технологияларды тез меңгеріп, бірнеше жыл бұрын тек инженер мамандардың саласы саналған заманауи жабдықтармен сенімді жұмыс істеп жүр.

Бүгінде ұшқышсыз авиациялық жүйелер әскери саланың маңызды бағыттарының біріне айналды. Осыған байланысты мұндай мамандар даярлау ісі ерекше мәнге ие. Динара Телеуованың жетістігі – әскери қызметшілердің тек жауынгерлік даярлықпен ғана шектелмей, озық технологияларды игеруге де қабілетті екенін көрсететін жарқын үлгі.

Мәтін ҚР Қорғаныс министрлігінен алынды

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:23

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz