Цукербергтің жаңа «сауыны»: Инстаграмда мақтану енді ақша тұрады

Meta корпорациясы өзінің басты өнімдері - Instagram, Facebook және WhatsApp желілеріне ақылы жазылым енгізетінін жар салды.

Алаш баласы||2 мин оқу
Цукербергтің жаңа «сауыны»: Инстаграмда мақтану енді ақша тұрады

Павел Дуров пен Илон Маск өз қолданушыларынан ақша жинап жатқанда, Марк Цукерберг қарап қалсын ба? Meta корпорациясы өзінің басты өнімдері - Instagram, Facebook және WhatsApp желілеріне ақылы жазылым енгізетінін жар салды. Енді желідегі «элита» қатарына қосылу үшін ай сайын қалта қағуға тура келеді.

Meta өнімдері бойынша директор Наоми Глейттің сөзіне сенсек, бұл жаңалық қолданушыларға бұрын-соңды болмаған «ғажайып» мүмкіндік пен жасанды интеллект құралдарын сыйламақ. Ал шын мәнінде бізге не ұсынып отыр? Сонымен, бағасы мен «ерекшелігіне» көз жүгіртейік:

  • Instagram Plus — айына 3,99 доллар (шамамен 1900 теңге). Бұл сомаға сіз хикаяларыңыздың (stories) егжей-тегжейлі талдауын көре аласыз. Сондай-ақ, парақшаңыздың дизайнын өз талғамыңызға қарай жекелендіріп, әдеттегіден көп жазбаны жоғарыға бекітіп қоюға рұқсат беріледі. Қысқасы, парақшасын көрмеге айналдырғысы келетіндер үшін «таптырмас» мүмкіндік.

  • Facebook Plus — айына 3,99 доллар. Мұнда да сол хикаяларға арналған құралдар мен жеке парақшаны бейімдеу ұсынылады. Ең бастысы - эксклюзивті анимациялық әсерлер! Енді досыңыздың суретіне жай ғана лүпіл баспай, оған ақылы, қимылдайтын эмоция жібере аласыз. Ақшаңыз бар екенін көрсетудің тамаша тәсілі емес пе?

  • WhatsApp Plus — айына 2,99 доллар (шамамен 1450 теңге). Тегін жапсырмалармен (стикерлермен) сезімін жеткізе алмай жүргендерге сүйінші! Енді ақылы жапсырмалар пайда болады. Оған қоса, маңызды хаттарды жоғарыға көбірек бекітуге және қосымшаның түсі мен қоңырау әуенін өзгертуге рұқсат. Баяғы 2000-жылдардағы ұялы телефондарға ақылы әуен жүктейтін кездер қайта оралғандай.

Meta-ның қадамы тек түрлі-түсті жапсырмалармен шектелмейді. Компания барлық ақылы қызметтерді біріктіріп, «Meta One» деп аталатын біртұтас экожүйе құрмақ. Оның ішінде жасанды интеллектке негізделген арнайы екі тариф болады: айына 7,99 және 19,99 доллар.

Яғни, жасанды интеллект сіз үшін сурет салып, бейнежазба жасап, күрделі мәселелерді шешіп бергенін қаласаңыз, әмияныңыздың аузын кеңірек аша беріңіз. Әсіресе, бизнес өкілдері мен контент жасаушылар үшін бұл нағыз «алтын кеніш» болатынына уәде беріп отыр. Қазір кез келген компания өз өнімінің бағасын ақтау үшін «Жасанды интеллект» деген сиқырлы сөзді қоса салатыны жасырын емес.

Әзірге қазақстандықтар терең демала берсе болады. Біздің аймақ үшін ақылы қызметтерге әлі жол ашылған жоқ. Әлемдік БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, жаңа тарифтер алдағы апталарда біртіндеп ене бастайды. Нақты бізге қашан жететінін компания басшылығы ашып айтқан жоқ. Сондықтан әзірге тегін хат алмасып, қарапайым лүпілімізді басып жүре береміз.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 29 қыркүйек 2026, 23:16

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz