Бизнес пен халыққа ортақ жеңілдік: Елдегі банктердің бәрі бір QR-кодқа бірікті

19 шілдеден басталған бұл өзгеріс – Қазақстанның цифрлық қаржы әлеміндегі толысу кезеңі. Бұл тек технологиялық жаңғыру ғана емес, бұл – нарықтың қарапайым халық пен бизнеске қарай жасаған ең үлкен қадамы. Сондықтан, келесі жолы дүкенге барғанда «QR мына банкке өте ме?» деп сұрауға асықпаңыз. Тек телефоныңызды шығарыңыз да, төлемді еркін жасай беріңіз. Жүйе қалғанын өзі реттейді.

Алаш баласы||2 мин оқу
Бизнес пен халыққа ортақ жеңілдік: Елдегі банктердің бәрі бір QR-кодқа бірікті
Сурет: ЖИ

19 шілдеден бастап Қазақстанда Банкаралық мобильді төлемдер жүйесі (БМТЖ) ресми түрде іске қосылды. Ұлттық банк сүйіншілеген бұл жаңалық – елдегі қаржылық технологиялар мен цифрландырудың жаңа белесі.

Бұрын әр банктің өз экожүйесі, өз терминалы мен кассада тізіліп тұратын бөлек QR-кодтары болатын. Енді бұл кедергілер толығымен жойылды. Жаңа жүйенің арқасында қазақстандықтар қай банктің қызметін тұтынатынына қарамастан, ортақ QR-код арқылы есеп айырысып, телефон нөмірімен кез келген банкке лезде ақша аудара алады.

Ұлттық банктің ресми мәліметінше, қазіргі таңда мобильді қосымшалары арқылы халыққа қызмет көрсетіп отырған отандық банктердің барлығы бұл жүйеге толық қосылған.

Сонымен, 19 шілдеден бастап бізге қандай мүмкіндіктер қолжетімді?

  • Енді телефон нөмірі арқылы басқа банктің клиентіне қас-қағым сәтте ақша жіберуге болады. Реквизит іздеп немесе «картадан картаға» деп әуре болудың қажеті жоқ.

  • Сатушы мен тұтынушы екі түрлі банктің клиенті болса да, жалғыз QR-код арқылы тауар мен қызмет ақысын кедергісіз төлей береді.

Өзгеріс, әсіресе, шағын және орта бизнес өкілдері үшін үлкен жеңілдік болмақ. Кәсіпкерлер бұдан былай үстел үстін түрлі банктердің QR-тақтайшаларына толтырып, әр банктен бөлек шот ашып әлек болмайды. Жүйеге қосылған барлық банктің клиенттерінен қолма-қол ақшасыз төлемді қабылдау үшін бір ғана QR-код жеткілікті.

Ең бастысы, жаңа жүйе аясындағы барлық аударым мен төлем тәулік бойы, демалыссыз, нақты уақыт режимінде іркіліссіз жұмыс істейді.

Қысқасы, қаржылық операциялар бұрын-соңды болмаған деңгейде жеңілдеді. Қалтаңыздағы смартфон мен өзіңіз үйренген кез келген банктің қосымшасы болса жеткілікті – ортақ төлем жүйесі қалғанын өзі реттейді.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 29 қыркүйек 2026, 13:49

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz