Авиациядағы жаңа тренд: Жолаушылар неге Starlink желісі бар ұшақтарды іздейді?

Авиация тарихындағы бұрын-соңды болмаған парадокс: SpaceX компаниясының жаңа технологиясы жолаушыларды әуежайда қосымша уақыт өткізіп, транзиттік рейстерді әдейі таңдауға қалай мәжбүр етті?

Алаш баласы||1 мин оқу
Авиациядағы жаңа тренд: Жолаушылар неге Starlink желісі бар ұшақтарды іздейді?
Сурет: businessinsider.com

Businessinsider.com сайтының хабарлауынша, ешкім ешқашан «сапарыма тағы бір қосымша ұшу қоссам ғой» деп армандаған емес. Алайда Starlink пайда болғалы жағдай түбегейлі өзгергенге ұқсайды.

SpaceX компаниясының сейсенбідегі есеп беру жиынында президент Гвинн Шотвелл коммерциялық әуе компанияларындағы спутниктік ғаламтордың кең таралуына тоқталды.

«Шыны керек, бізбен жұмыс істейтін әуе компанияларының бірі жолаушылардың төте ұшатын рейстерден бас тартып, тек Starlink қосылған ұшақтарға міну үшін ауысыммен ұшуды таңдап жатқанын таңданыспен жеткізді. Олар авиация тарихында мұндайды бірінші рет көріп отыр», — деді Шотвелл.

Танымал ютубер MrBeast те осы жылдың басында «The Good Guys» подкастында тура осындай пікір білдірген. Ол үшін ұшақта Starlink ғаламторының болуы өте маңызды, сол үшін тіпті қосымша транзиттік рейстермен ұшуға да дайын екенін айтқан.

Ол сондай-ақ Delta Air Lines ұшақтарында жиі берілетін танымал Biscoff печеньесінен гөрі жылдам ғаламторды артық көретінін айтып қалжыңдады. Айта кетейік, Delta әзірге SpaceX-пен келісімшартқа отырмаған.

Осы орайда басылым тілшілері Starlink қызметін қолданатын он үш әуе компаниясына хабарласып, жолаушылардың шынымен де ғаламтор үшін бағыттарын өзгертіп жатқанын немесе өзгертпегенін сұрап білген.

P/S: Қазақстан әуекомпаниялары қашан қондырар екен?!

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 29 қыркүйек 2026, 23:19

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz