Audi сенсорлық басқару эрасының сәтсіздігін неге мойындады?

«Сатып алушыларға ұнамады!»: Audi минимализмнен бас тартып, жаңа көліктеріне бұрынғы сапалы интерьерді қайтаратынын мәлімдеді. Алдағы 2 жылда не өзгереді?

Алаш баласы||3 мин оқу
Audi сенсорлық басқару эрасының сәтсіздігін  неге мойындады?
Сурет: goauto.com

Алдағы екі жыл ішінде Audi 2023 жылы енгізген экранға толы интерьер дизайнынан бас тартады. Оның орнына көзге көп түспейтін шағын дисплейлер, қолмен сезілетін басқару элементтері мен жоғары сапалы материалдар қайта оралады - дейді goauto.com.

Яғни, компания тұтынушылардың сұранысына құлақ асып, дәстүрлі Audi салонын қайта жаңғыртпақ.

Бұл – Audi-дің өнім стратегиясындағы үлкен бұрылыс. Осы арқылы компания автоөнеркәсіптің минимализмге және сенсорлық басқаруға тым асығыс көшкенін, ал бұл трендтің барлық тұтынушыларға – әсіресе Еуропа, Солтүстік Америка және Аустралия сияқты батыс нарықтарына жаға бермегенін ашық мойындап отыр.

Үшінші буындағы Q7 кроссоверін (бұл ескі интерьермен шығатын соңғы модельдердің бірі) сынақтан өткізу кезінде Audi-дің бас техникалық директоры Рувен Мор GoAuto басылымына сұхбат берді. Оның айтуынша, бренд қазір Audi салонына тән тарихи сапаны қайтару бағытында жұмыс істеп жатыр.

Бұл өзгеріс бірден бола қоймас, бірақ Audi-дің алдағы жаңа өнімдер толқынында экстерьер мен интерьердің мүлдем жаңа тұжырымдамасы ұсынылмақ. Ол Concept C негізіндегі спорткар, Nuvolari суперкары, Q7 e-tron кроссовері және A4 e-tron седаны мен әмбебабы сияқты жаңа модельдерде көрініс табады.

«Бұрын Audi ақпараттық-ойын-сауық жүйесін дамытуда әрдайым көшбасшы болатын. Біз үнемі цифрлық әлемдегі ең соңғы технологияларды біріктіруге тырыстық, бірақ мұны өте ұқыпты әрі үйлесімді түрде жүзеге асыратынбыз», – деді доктор Мор.

«Болашақта Audi интерьердегі жаңа бағытты енгізеді... біз дисплей өлшемі мен сенсорлық элементтерге келгенде барынша ұстамды болғымыз келеді. Біз табиғи материалдарға көп көңіл бөлеміз. Егер бөлшек металл сияқты көрінсе, ол шынымен де металл болуы тиіс. Біздің ДНҚ-да физикалық элементтердің – батырмалар мен бұрауыштардың болуы заңдылық деп санаймыз. Олардың әрқайсысын басқанда Audi-ге ғана тән классикалық "шырт" еткен дыбыс пен тактильді сезім болуы керек».

Audi-дің ашықтығы – премиум брендтер арасындағы алғашқы мойындаулардың бірі. Олар автокөлік өндірушілердің сапалы физикалық басқару элементтерінен тым ерте бас тартқанын, ал шын мәнінде тұтынушылардың оны жоғары бағалайтынын түсінді.

Автокөлік салонының тым қарапайым бола бастауы – электрлі қозғалтқыштар мен автопилот жүйелеріне салынған орасан зор инвестицияларға байланысты шығынды азайту амалы еді. Сонымен қатар, тұтынушылар (тіпті премиум сегментте де) бәрін экран арқылы басқаруға дайын деген жаңсақ пікір де әсер етті.

Доктор Мордың айтуынша мәселеде тұтынушылардың талғамы аймақтарға байланысты қатты ерекшеленеді. Қытай, Еуропа және Солтүстік Америка сатып алушыларының күткені мүлдем басқа. Осы аймақтық айырмашылықтарға байланысты, қазір Қытай нарығы үшін жеке бас әріптермен жазылатын «AUDI» бренді жұмыс істеп жатыр.

Audi өз салондарының тұтынушылар көңілінен шықпағанын басқа бәсекелестеріне қарағанда кішіпейілділікпен мойындағанымен, автокөлік шығару процесі ұзақ уақытты қажет етеді. Сондықтан осыдан бірнеше жыл бұрын қабылданған дизайн шешімдері әлі де жаңа көліктерде кездесіп жатыр. Жоспарланған өзгерістерге сәйкес, салондағы жаппай экрандар кезеңі небәрі төрт-ақ жылға созылмақ. Бұл батыс автоөндірушілері үшін өте қысқа мерзім.

Жалпы алғанда, Audi жаңа қарсыластарына төтеп беру үшін өнімді әзірлеу мерзімін барынша тездетіп жатыр. Бұл орайда олар серіктесі SAIC компаниясынан қытайлықтардың «жылдамдығын» да үйренген. Мысалы, GoAuto басылымының мәліметінше, жаңа Q7-де өндірістің соңғы кезеңдеріне дейін жасырын есік тұтқаларын орнату жоспарланған еді. Алайда тұтынушылардың жаңаша шешімдерге қарсылығын ескеріп, Audi тұсаукесерге санаулы айлар қалғанда қайтадан дәстүрлі тұтқаларға оралған.

Қазір неміс бренді Volkswagen тобының тапсырмасымен көліктерді әзірлеуге арналған жаңаша «жобалық үйлер» әдісін сынақтан өткізуде. Бұл әдіс басшылық деңгейіндегі шешімдерді тез қабылдауға, сондай-ақ нақты модельдерге арналған инженерия, дизайн, тестілеу және өндіріс мамандарын бір жерге топтастыруға мүмкіндік береді. Доктор Мордың айтуынша, мұндай қадам Audi-ге жаңа өнімдеріне деген назарын қайта бағдарлауға көмектесуде. Ол соңғы жылдардағы қиындықтарға бір ғана шешімді кінәламады, алайда саладағы жалпы тұрақсыздық, заңнамалық өзгерістер, электромобильдерге деген тұрақсыз сұраныс пен тұтынушылар талғамының құбылуы бұған тікелей әсер еткенін атап өтті.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Тегтер
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 21 қазан 2026, 21:49

Ұқсас мақалалар

Сайлау алдындағы дипфейк толқыны: TikTok жаңа құрал іске қосты

Сайлау алдындағы дипфейк толқыны: TikTok жаңа құрал іске қосты

Бүгінде экраннан көргеннің бәріне сене беруге болмайды. TikTok саясаткерлер мен мемлекеттік органдарға өз бет-бейнесін рұқсатсыз пайдаланған жасанды интеллект контентін тауып, оған шағым түсіруге мүмкіндік беретін құрал ұсынды.

|Технология
Чатқа көшкен жұрт: ChatGPT іздеу жүйесінде алып Google-ді қалай ығыстырып жатыр?

Чатқа көшкен жұрт: ChatGPT іздеу жүйесінде алып Google-ді қалай ығыстырып жатыр?

Он жыл бойы Бингтің қолынан келмегенді жасанды интеллект санаулы күнде жасады: Енді біз ақпаратты мүлдем басқаша іздейтін боламыз, себебі...

|Технология
Ақшасыз және жұмыссыз дәуір: Илон Маск адамзаттың жаңа болашағын қалай елестетеді?

Ақшасыз және жұмыссыз дәуір: Илон Маск адамзаттың жаңа болашағын қалай елестетеді?

Он миллиард доллары бар адам бір миллиарды бар адамнан он есе көп тамақ іше алмайды: Илон Маск болашақта байлық пен ақшаның мүлде құнсызданатынын және адамзаттың роботтардан жақсы істей алатын бірде-бір кәсібі қалмайтынын болжады.

|Технология
Сіздің интернетіңіз қалай жұмыс істейді?

Сіздің интернетіңіз қалай жұмыс істейді?

Сіз дәл қазір осы мәтінді оқып отырған сәтте, деректеріңіздің бір бөлігі мұхит түбімен, қараңғы әрі суық тереңдікте, жарық жылдамдығымен жүгіріп жатқан болуы мүмкін.

|Технология
Төбелес, кептеліс, іздеудегі көлік: Sergek-тің жаңа жүйесі полицияға ақпаратты санаулы секундта жеткізеді

Төбелес, кептеліс, іздеудегі көлік: Sergek-тің жаңа жүйесі полицияға ақпаратты санаулы секундта жеткізеді

Көліктің нөмірін жасырсаңыз да, бетперде кисеңіз де бәрібір құтылмайсыз! Алматы облысында 9 мыңнан астам камераны бір орталыққа бағындырған «Sergek» жүйесі енді адам ойына келмейтін әдістермен жұмыс істей бастады.

|Технология
Google фейктерді анықтайтын жаңа құралын таныстырды

Google фейктерді анықтайтын жаңа құралын таныстырды

Кессеңіз де, фильтр қоссаңыз да өшпейді: Жасанды интеллект жасаған видеоларды әшкерелейтін көзге көрінбейтін таңба қалай жұмыс істейді?

|Технология
LiveInternetZERO.kz