Astana Hub пен MOST Holding Орталық Еуразияның инвестициялық экожүйесін дамыту туралы меморандумға қол қойды

AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумында Astana Hub пен MOST Holding халықаралық Central Eurasian Capital Bridge бағдарламасын бірлесе жүзеге асыру және дамыту туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Алаш баласы||2 мин оқу
Astana Hub пен MOST Holding Орталық Еуразияның инвестициялық экожүйесін дамыту туралы меморандумға қол қойды

Бұл серіктестік аймақтың инвестициялық экожүйесін нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Еуразияға ұзақ мерзімді инвестиция тартуға бағытталған.

Құжатқа Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев пен MOST Holding бас директоры Павел Коктышев қол қойды.

Central Eurasian Capital Bridge — Орталық Еуразияның инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтіп, оны жаһандық экономикалық кеңістікке кіріктіру мақсатында құрылған халықаралық бағдарлама. Ол аймақтық инвестициялық қорларды басқарушы командалардың, халықаралық инвесторлар мен институционалдық серіктестердің басын қосады. Бағдарлама компаниялардың өсуіне, кәсіпкерлік жобалардың ауқымын кеңейтуге және халықаралық әріптестікті дамытуға қолайлы орта қалыптастырады.

«Капитал мен халықаралық сараптамаға қолжетімділік технологиялық компаниялардың өсуіне және жаңа нарықтарға шығуына тікелей ықпал етеді. Central Eurasian Capital Bridge Орталық Еуразияның инвестициялық командалары мен жаһандық инвесторлар қауымдастығының басын қосып, капитал тартуға және халықаралық серіктестік орнатуға жаңа мүмкіндіктер туғызады. MOST Holding-пен бірлесе отырып, біз өңірлік қорларға шетелдік әріптестер табуға, ал компанияларға бизнесін кеңейту үшін қажетті инвестиция тартуға көмектесетін тұрақты инвестициялық инфрақұрылым құрғымыз келеді. Бұл — Қазақстанның Орталық Еуразияға апаратын негізгі инвестициялық әрі технологиялық хаб ретіндегі рөлін нығайтуға таптырмас мүмкіндік», — деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев.

Бағдарлама аясында қор басқарушыларын іріктеу және дайындау, сондай-ақ венчурлік капитал мен инвестиция саласының жетекші әлемдік сарапшыларының қатысуымен арнайы оқыту қарастырылған. Қатысушылар негізгі халықаралық конференциялар мен инвестициялық алаңдарға қатысу арқылы кәсіби байланыстарын кеңейте алады.

Бағдарламаның дербес бағыты — институционалдық инвесторлармен, қорлар қорларымен, отбасылық инвестициялық кеңселермен және стратегиялық инвесторлармен кездесулер өткізу. Бұған қоса, бірлескен инвестиция тарту мүмкіндіктерін дамыту және аймақтың инвестициялық әлеуетін халықаралық деңгейде таныту көзделген.

«Central Eurasian Capital Bridge бағдарламасы Орталық Еуразияның қор басқарушылары мен жаһандық инвестициялық қауымдастық арасында ұзақ мерзімді байланыс орнатуға арналған. Бағдарлама командаларды даярлауды, халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасуды және әлеуетті инвесторлармен тікелей диалог құруды біріктіреді. Біз Astana Hub-пен серіктестікте өңірлік қатысушыларға халықаралық әріптестікті дамытуға және компаниялардың өсуіне капитал тартуға көмектесетін тиімді алаң құруды көздейміз», — деп атап өтті MOST Holding бас директоры Павел Коктышев.

Меморандум аясында MOST Holding пен Astana Hub бірлесіп, Central Eurasian Capital Bridge бастамасын тұрақты жұмыс істейтін халықаралық платформа ретінде дамытуға ниетті. Әріптестік өңірлік инвестициялық командалардың беделін нығайтуға, олардың озық білім мен капиталға қолжетімділігін арттыруға және жаһандық инвестициялық экожүйемен берік байланыс орнатуға бағытталады.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 18:42

Ұқсас мақалалар

AI & Digital Bridge 2026 қорытындысы: Алатау қаласының жаңа статусы, студенттерге арналған мүмкіндік пен жаһандық серіктестік

AI & Digital Bridge 2026 қорытындысы: Алатау қаласының жаңа статусы, студенттерге арналған мүмкіндік пен жаһандық серіктестік

Жасанды интеллекттен ислам қаржысына дейін: Халықаралық инвесторлар мен алпауыт компаниялар Қазақстанда қандай жобаларды қолға алмақ?

|Технология
Астанада жасанды интеллект дәуіріндегі телекоммуникациялық инфрақұрылымның болашағы талқыланды  

Астанада жасанды интеллект дәуіріндегі телекоммуникациялық инфрақұрылымның болашағы талқыланды  

AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті ұйымдастырған «ЖИ дәуіріндегі телекоммуникациялық инфрақұрылым» атты панельдік сессия өтті.

|Технология
Ең ірі AI-хакатон HackAlem AI әлемдік рекорд орнатты: Қазақстанға GUINNESS WORLD RECORDS сертификаты табысталды

Ең ірі AI-хакатон HackAlem AI әлемдік рекорд орнатты: Қазақстанға GUINNESS WORLD RECORDS сертификаты табысталды

Сертификатты табыстау рәсімі AI-экономиканы дамытуға қажетті инфрақұрылым, инвестициялар, адами капитал және халықаралық әріптестік мәселелеріне арналған The New Economy: Powered by AI панельдік сессиясында өтті.

|Технология
Таразда Sergek жүйесі жаяу жүргіншіге жол бермеген жүргізушілерді анықтай бастады 

Таразда Sergek жүйесі жаяу жүргіншіге жол бермеген жүргізушілерді анықтай бастады 

Тараз қаласы мен Жамбыл облысындағы бірқатар жол учаскелерінде орнатылған Sergek аппараттық-бағдарламалық кешендері жаяу жүргіншіге жол бермеу деректерін автоматты түрде анықтай бастады.

|Технология
NVIDIA-ның алғашқы кеңесшісі миллиард долларлық акциясын неге даулай алмады?

NVIDIA-ның алғашқы кеңесшісі миллиард долларлық акциясын неге даулай алмады?

NVIDIA-ның бұрынғы кеңесшісі шатырындағы ескі құжаттардың арасында 1 миллиард долларлық акциясы жатқанын кездейсоқ біліп қояды. Тапқанынан жоғалтқаны көп бұл оқиға технология алыптарының ішкі құпияларын ашады. 4,5 миллион акцияны сот арқылы неге қайтарып ала алмады?

|Технология
Ескі шинадан бензин: миллиондаған теңге табатын бизнес пе, әлде әдемі алдау ма?

Ескі шинадан бензин: миллиондаған теңге табатын бизнес пе, әлде әдемі алдау ма?

Әлеуметтік желіде бір ролик жүр: тозған покрышканы темір құбырға тығып қыздырасыз да, шүмектен бензин ағады. Астында — «зауыт салсаң, ақшаны күреп аласың» деген уәде. Мұндай видеоның астында әрдайым бір сұрақ тұрады: рас па?

|Технология
LiveInternetZERO.kz